Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз Сабақтың мақсаты: а білімділігі



Дата24.05.2017
өлшемі83,65 Kb.
#16944
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі; Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.

ә) дамытушылығы; Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы

дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.



б) тәрбиелігі; Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тірек сызба,топпен жұмыс,логикалық тапсырмалар.

Сабақтың құрал-жабдықтары, көрнекілігі: Интерактивті тақта,тірек сызбалар,түрлі-түсті фишкалар.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы:

I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)

ә) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

“Табыс” тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.



б)Топқа бөліну

Жапырақтар арылы топқа бөлінеді. Жай сөйлем; Құрмалас сөйлем: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.



II Үй тапсырмасын сұрау:

Жай және құрмалас сөйлем

1) Ереже сұрау

2) Мысал келтіру,сөйлем құрау.

Өткен тақырыпты қайталау  : «Сұрақты қағып ал»   

1.Сөйлем дегеніміз не? Неше түрі бар?
2.Жай және құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3.Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
4.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
5.Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері дегеніміз не?

III Үй тапсырмасын қорытындылау: (Тірек сызба)













IV Жаңа сабақ: а)" Мюнстенберг" әдісі бойынша жаңа сабақты хабарлау.



Ж

К

У

Қ

Ы

С

Т

Ы

Р

М

А

К

Р

Е

С

Ө

З

Ж

П

Н

ә) Жаңа сабақты түсіндіру. Сөйлем талдау арқылы.


Демек

, Абай ауылға соқпаған екен.



б) Тірек сызба.




Қаратпа сөз Одағай сөз





в) Оқулықпен жұмыс 57-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын байқа. Сөйлемдерді қарамен жазылған сөздерсіз айтып көр. Сонда не байқадың? Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?

1. Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз? 2. Осының бәрі, әрине, бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес.3. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар.4. Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсың.
Тақтамен жұмыс

58 -жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді тап.

1. Болашақта дәрігер болармын, бәлкім. 2.Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. 3. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз өзі істей алмайды. 4. Сіздіңше, менің бұл қылығым дұрыс емес.
Сергіту сәті: Бейнематериалдарға қарай отырып оқушылар қимыл-қозғалыс жасайды.
Дәптермен жұмыс. 59-жаттығу.

1. Әрине, ( сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді) еңбексіз ер де, жер де көгермейді. 2. Биыл, несін айтасың, ( сенуді, мақұлдауды, мойындауды білдіреді егіннің ағымы өте жақсы! Егіс биыл, біздің бақытымызға қарай, ( қуанышты білдіреді) тамаша жеңіспен аяқталды. 3. Қазақстан қазір, қысқасы, (алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасау үшін жұмсалады) дүние жүзі түгел таныған ел болды. 4. Меніңше,



( ойдың кімнен, қайдан екенін білдіреді) бұл өте мықты адам.
Әр топқа карточкалар таратылады.

1.Топ: Сөйлем мүшелеріне талдау 2.Топ: Бірыңғай мүшелерді табу

3.Топ: Қыстырма сөздерді табу

1- топқа: Оқушылар сабаққа келді.Сәкен шалғымен шөп шапты.

2- топқа: Мектеп оқушылары қазақ тілінен, математикадан, ағылшыннан бірінші орынды иеленді.Олардың бақтарында алма, алмұрт, шие, шабдалы ағаштары өседі.

3-топқа:Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.Мені танымай тұрсың-ау , сірә
5. Шығармашылық тапсырма: саусақпен бағалау

1 топ: Суретке қарап мәтін құрау. Қыстырма сөздері болу керек

2 топ: Қыстырма сөздерді орнына қою.

3 топ:Қыстырма сөздің астын сызу., тиісті тыныс белгісін қою.


Шығармашылық тапсырма

I топ: 1,2-сөйлем

II топ: 3,4-сөйлем

III топ: 5,6-сөйлем



р б «қысқасы» сөзінен сөз тудыру.



Сол сөзтумаларға қыстырма

е ә сөз қосып сөйлем құрау.

і с

Сөз құра,сөзден сөйлем



құр.

IV Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау, 60-жаттығу, 77 бет

V Оқушылар білімін бағалау:

Үш топтағы конверттерден жиналған фишкаларды санау арқылы топтың ұпайын шығару.



Қызыл -5, көк -4, жасыл -3

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет