№13 дәрістің тақырыбы: Математикадан сабақтан тыс сабақтар.
Жоспары:
Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасы
Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары, мазмұны және негізгі формалары
Сыныптан тыс жұмыстардың өткізу әдістемесі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты оқушылардың математикаға дегенқызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен
дербестіктерін жанжақты дамыту. Сонымен бірге,
оқушыларды өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын
үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге
деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын
кеңейту болып табылады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті
түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға
бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша
мәселелеріненде түсініктер беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;
- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);
- қолданбалы есептер қарастыру;
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;
-оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен
таныстыру.
Математикалық апта - оқушыларды пәнмен қызықтыратын,
сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық
белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген
шаралар кешенін қамтиды.
Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады
1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
6. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін
тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне
енуіне көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
Математикалық олимпиада -оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын,
қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың
білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
Математикадан факультативтік сабақтардың жалпы характеристикасын атаңыз.
Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары, мазмұны және негізгі формалары
Сыныптан тыс жұмыстардың өткізу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |