Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысы



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі179,75 Kb.
#167173
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Жары кванттары туралы Планк гипотезасы. Фото




Білім беру ұйымының атауы

«№1 орта мектеп» МКМ

Пәні:

Физика

Бөлім:

9.4А Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

Педагогтің аты-жөні:

Мұқаш М.Т

Күні:

04.04.2022ж

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарық кванттары туралы
Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.6.1.2 – Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
9.6.1.3 – фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;
9.6.1.4 – фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
Көптеген оқушылар істей алады: фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру
Кейбір оқушылар істей алады: фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
10 минут

Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут




Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
«Қайталау-оқу анасы» (үй тапсырмасын сұрау)


Физикалық диктант
1.Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын _______________________'>__________________________________деп аталады.
2.Жылулық сәулелер _______________________ толқындар қатарына жатады.
3. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені ___________________________деп атайды.
4.Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, ______________________________________ орын алады.
5.Жылулық сәулелер тек ___________________ немесе ________________________________қарай ажырайды.


Жаңа сабақ


Топтық жұмыс
1 топ Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы
2 тоа Фотоэффект құбылысы
3 топ Фотоэффект үшін Энштейн теңдеуін қорыту

Планк гипотезасы:
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті үлес –квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Дененің үзікті шығаратын немес жұтатын бір үлес энергиясы:

Е0 – ең кіші энергия үлесі;
ν –сәуленің жиілігі;
h –Планк тұрақтысы.

Тәжірибе:

Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.


Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.
Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады: . Эйнштейн формуласы.
me-босап шыққан электронның массасы;υ –оның жылдамдығы.
h- Планк тұрақтысыАш- электронның шығу жұмысы.
Фотоээфект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:
0≥Aшығу.Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.
Фотоэлементтің сыртқы түрі мен құрылысы:


Ф –фотоэлемент,
S –жарық көзі,
С –санағыш тетік,
А –саналатын бұйым,
М-электромагнит

С анағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет