Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну
заңы».
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру,
сыну заңы мен формуласын үйрету;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
3. Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;
Дамытушылық:
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған
құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау;
Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын
қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Білім жүйесіне негізделген аралас сабақ.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық «Физика 7-11 сынып», деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка, тиын.
Сабақ жоспары:
Кезеңі
|
Ұзақтығы, мин.
|
Оқыту түрі мен әдісі
|
Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)
|
10
|
Жалпы сұрақ-жауап, «Ой толғау» сұрақтарына жауап беру.
|
Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу
|
5
|
Екі қабатты линза тәжірибесі.
|
Жаңа материалды игеру
|
15
|
Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету.
|
Оқылған материалды бекіту
|
10
|
Интерактивті тақтадағы семантикалық картадағы сұрақтарға ауызша жауап беру, кестедегі есептерді шығару, тест сұрақтарына жауап беру, топтық жұмыс.
|
Сабақты қорыту
|
5
|
Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.
|
Сабақтың мазмұны: І-ІІІ-кезеңдік тапсырмалар.
І кезеңде- жұмыс дәптерден үй тап.тексеру, сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.
ІІ кезеңде- а)оқулықпен өзбетімен іздену әдісі; б)тәжірибе арқылы зерттеу; в) практикада бекіту.
ІІІ кезеңде- тапсырмаларды өзбетімен біртіндеп орындау арқылы бағалау әдістері.
Сабақтың барысы:
Сабақ мемлекеттік әнұран мен басталады.
І кезең: а) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
ә) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
б) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
в) Техника қауіпсіздігін еске салу;
Өтілген сабақ бойынша сұрақ-жауап.
«Ой толғау»
Оптика дегеніміз не?
Жарық және оның маңызы.
Жарықтың қандай теориялары бар? (Жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары бар).
Жарық жылдамдығы неге тең? (с=3*108 м/с)
Жарық көздері қаншаға бөлінеді және оларды ата?
а) Дербес жарық көздеріне не жатады? б) Шағылған жарық көздеріне не жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |