Сабақтың тақырыбы: Жатыс септік
Мақсаты:
Білімділігі:Өз бетімен жұмыс жасату арқылы жатыс септік туралы білім алуға жағдай жасау.Өткен сабақта берілген ұғымды жаттығулар арқылы кеңейте түсу; жатыс септігін өзіне ұқсас басқа тұлғалармен қатар алып салыстыра отырып, оның өзіндік ерекшелігін меңгерту.
Дамытушылығы: Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды жатып ішер жалқау болмай, еңбек етуге шақыру, білімпаз, ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар болуға тәрбиелеу.
Түрі: ертегі және саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ажырату, ой толғау
Көрнекілігі: Тірек сызба, суретті қима қағаздар, семантикалық карта, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
-Балалар, бұгін сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Сабағымыз ертегі желісінде өтпек.
Ерте, ерте, ертеде Ақылымен жетектеп
Мінезі суық қаталдау Сара жолға салыпты.
«Қазақ тілі» атанған Қазақ тілдің ұрпағы
Хан патшасы болыпты. Әкесіне сеніпті.
Киіз үй тігіп жайлауға Жетеуіне қаз-қатар
Қыр басына қоныпты. Жеті үй тігіп беріпті.
Септік деген атаның Қатаң тәртіп қағида
Жеті ұлы болыпты. Білімсізді жойыпты.
Жетеуі де ер жетіп, Сұрақтар мен жалғауын,
Білімімен жаныпты. Жабыстырып қойыпты.
-Қазір біз «Қазақ тілі патшалығына» саяхатқа шығамыз. Бүгін хан патшасы біздің білімімізді тексермек. Олай болса, Септік атамен бірге 7 ұлының ауылына саяхат жасаймыз. Қазақ тілі пәнінен өз білімімізді көрсетейік.
1. «Атау септік» ауылы. Жалғау бермей әйтеуір
Атауды дара бөліпті
Тұңғыш ұлы Атауға
Кім? Не? Сұрағын беріпті.
Үй тапсырмасын тексеру
60-жаттығу берілген сұрақтар бойынша шағын әңгіме құра.
Қандай зауытты білесің?
Зауытты кімдер жасайды?
Зауыт не жасап шығарады?
Қазақстанда тағы қандай зауыттар бар?
2. «Ілік септік» ауылы. Кең дүниені бөледі,
Екі сұрақ ұсынып
Кімнің? Ненің? дегені
Жаңа сабақ Сандарды өсу ретімен орналастыр
1000
|
9510
|
7706
|
4003
|
999
|
2020
|
5004
|
3995
|
6200
|
800
|
4321
|
А К Т С Ж Т Е Ы П І С
Дәптермен жұмыс Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Көркем жазу.
Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
3. «Барыс септік» ауылы Барыс болса жарқылдап
3 сұрақпен қалыпты.
Кімге? Неге? Қайда? деп
Жұлдыз болып жаныпты
-ға,-ге,-қа,-ке болам деп
4 жалғаумен қалыпты.
Оқулықпен жұмыс
61-жаттығу өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын ажырату.
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
Сергіту сәті
Оқушыларға суреттер беріп, атауларын септету.
4. «Табыс септік» ауылы Табыс болса байыппен
Кімді? Нені? Ұсынам
-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті деп
Жалғауым көп деп қысылам.
62-жаттығу (ауызша) сызбадағы сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркесін құрау.
Қайда? болды. Кімде? бар. Неде? жоқ.
Орманда болды. Анамда бар. Жылқыда жоқ.
5.«Жатыс септік» ауылы Жатыс болса бүгінде
Кімде? Неде? сұрағы
-да,-де,-та,-те боп
Осы жалғау тұрағы.
Көру диктанты. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін табу. Жатыс септіктегі сөздердің астын сызып, қай сөзбен байланысып тұрғанын көрету.
Суда сайраңдайды.
Құрғақта қайраңдайды. (Балық)
64-жаттығу өз бетімен жұмыс
Қала сөзін барыс және жатыс септіктеріне қойып, екі сөйлем жазу. Екі сөйлемде де қала сөзі қайда? сұрағына жауап беретін болсын.
6.«Шығыс септік» ауылы Кімнен? Неден? сұраймын
Сол жалғауға құлаймын.
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен деп
Сендерге ғана ұнаймын.
Шығармашылық тапсырма
-сурет бойынша әңгіме құрау.
-сөйлем ішінде жатыс септігіндегі сөздер болуы керек
7. «Көмектес септік» ауылы Кенжесімін бүгінде
Кіммен? Немен ? жүремін
-мен,-бен,-пен жалғауым
Осы болды таңдауым.
Қортындылау.
«Семантикалық картамен жұмыс»
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: 66-жаттығу. Бағалау.
Бекітемін:
ОІМ-------------
С.Мираева
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Санды және әріпті өрнектер»
Сыныбы: 4 «А»
Уақыты: 15.11.2016
Өткізген: Ержанова Молдир Каракешовна
Құрық селосы-2016ж
№6 орта мектебі
Х а б а р л а н д ы р у
18 қаңтар күні сағ 15 -те 4 «А» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ болады.
Кабинет №116
Сынып жетекшісі: М.Ержанова
Х а б а р л а н д ы р у
18 қаңтар күні сағ 15 -те 4 «А» сыныбында қазақ тілінен ашық сабақ болады.
Кабинет №116
Сынып жетекшісі: М.Ержанова
Достарыңызбен бөлісу: |