Сабақтың тақырыбы Жазықтар мен таулар Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата09.02.2022
өлшемі324,59 Kb.
#131211
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ
письмо МОН РК каз, запрос МОН РК рус, Тізім, Айдана Мамытова (1), боөж, Монолог, Туризм тарих

Мұғалімнің аты-жөні:

Жаңабергенова Әлима

Пән/Сынып:

Жаратылыстану 4 сынып

Күні

16.04.2021

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Сабақтың тақырыбы

Жазықтар мен таулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

4.4.1.1жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаты:

Жер бетіндегі ірі элементтермен танысу, атау, сипаттау.
Жер бедерінің түрлерімен танысу. Таулар мен жазықтардың ерекшеліктерін білу.

Саралап оқыту тапсырмалары

Уақыты

Кезең-дері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

8
минут

Басы

Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Сыныпты топқа бөлеміз.
І топ Гималай
ІІ топ Альпі
ІІІ топ Тянь-Шань
Армысыңдар, балалар?
Бүгінгі сабақты «Ашық журнал» арқылы бағалаймыз. Әрбір тапсырмаға дұрыс жауап 2 балды құрайды. Осы бойынша бүгінгі сабақта шың басына жеткен оқушыны анықтайтын боламыз.

Алдыңғы білімді еске түсіру


«Кім зерек, кім жылдам» әдісі
Тест тапсырмаларды белгілеп жауабын арнайы бағдарламамен тексереміз
1. Жер бетіндегі жан-жағынан су қоршап жатқан құрлықтар?
2. «Аустралия» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
3. Мұхит дегеніміз не?
4.Құрлықта неше материк бар және оларды ата?
5. Жер бетінде су неше мұхитқа бөлінген?
6. «Еуразия» сөзі қандай сөздердің бірігуінен құралған?
Дескрипторы:
-Мұхиттың не екенін біледі, оларды атайды.
-Құрлықтың анықтамасын біледі, материктердің атауларын атайды.
-Материк атауларының анықтамасын біледі.




3 түрлі таудың фото суреттерін таңдайды.


Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
1. (материк)
2. («оңтүстік»)
3. (ұшы-қиыры жоқ су кеңістігі)
4. (6: Еуразия, Африка, Солт.Америка, Оңт.Америка, Антарктида, Аустралия)
5. (4: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар)
6. (Еуропа және Азия)



Ашық жур
нал


ҚБ: 1-10 балдық жуйе

АКТ тақтасы




«Plickers»
Бағдарла
масы

Құм, су, картон қағазы.



27
Ми
нут

Ортасы



Олай болса балалар, бізге Негеш пен Эврика біраз фото суреттер жіберіпті. Суреттерге назар аударып, олардың қайда саяхаттағанын анықтап көрейікші?


«Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі
Суретпен жұмыс
-1,2 суреттерде не бейнеленген ?
- Жолдар неге әртүрлі? Ол нені білдіреді?
-3,4 суреттерде не бейнеленген?

Дескрипторы:
-Суретерді таниды.
-Ажырата алады,
-Айырмашылығын табады.

Жарайсыңдар! Негеш пен Эврика жазықты және таулы жерлерге саяхат жасаған екен.


Ал, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы
Жазықтар мен таулар
Сабақтың мақсаты:
1. Жер бедерінің түрлерімен танысасың;
2. Таулар мен жазықтардың ерекшелігін білесің.
(тақтаға ақ параққа жазылып ілінеді)


«Артық болмас білгенің»әдісі (Т)
І топ Гималай
Сызбаны зерделе, орналастыр
ІІ топ Альпі
Картадан берілген тауларды тап
ІІІ топ Тянь-Шань
Жазықтарды тауып көр
Дескрипторы:
- Тау мен жазыққа байланысты өлшемдерді айта алады.
- Тау, жазық ұғымдарын ажыратады.
- Картадан таулар мен жазықтарды таба алады.


Есте сақта!
Жер бедері таулы және жазықты болады. Таудың ең биік нүктесі-шың, құрлықтың ең төмен нүктесі-ойыс деп аталады.
«Тауып көр» (Ұ)
1. Жер бедері атаулары жазылған үлестірмелі қағаздарды мұқият оқып шығады.
2. Дүниежүзінің физикалық картасын зерделейді.
3. Картадан қағазда жазылған сөзге сай келетін нысанды тауып, сол жерге үлестірмелі қағазды қояды. Әр сөзгесәйкес келетін бір нысан табады.
Дескрипторы:
- Нысандарды іздегенде картадағы бояу түстеріне қарап анықтай алады

Сергіту сәті. Видео

«Кел, зерттейік» әдісі
Ойлан.
Тау жазыққа айналуы мүмкін бе?

Олай болса біз тәжірибе жасап көрейік. Мына құмды «жел» болып жайлап үрлеңдер. Енді аздап «жаңбыр» болып көрейік. Сосын табақшаны қозғап «сілкейміз».


Осы тәжірибеге сүйеніп, әртүрлі сыртқы күштердің әсерінен таулар да осындай үгілуге, үрленуге ұшырап, судан сырғып, жер қозғалысынан кішірейіп жазықтарға айналуы мүмкін екеніне көз жеткізуге болады.



Суреттерге байланысты өз ойларын айтады.

Берілген қималарлды оқулықты оқи отырып картаға, сызбаға орналастырады.


Дәптерге жазады.


-Әлемнің физикалық картасынан ойыс, жазық, ойпат, тау, қырат, үстірт, төбе, аласа таулар, биік таулар, орташа тауларды табады.


Әртүрлі жауап күтіледі.



ҚБ: 1-10 балдық жуйе

ҚБ: 1-10 балдық жуйе


ҚБ: 1-10 балдық жуйе



АКТ тақтасы


Оқулық

Оқулық
Ақ парақ, жапсыр


малы қима қағаздар, қалам

Әлемнің физикалық


картасы, магнит, үлестірмелі қима қағаздар
Картон қағаздар, құм, су.



3
ми
нут

Бекіту

«Дұрыс, бұрыс» әдісі (Ж).
1. Құрлықтағы жердің ойлы-қырлы пішіні жер қабаты дейміз. ИӘ/ЖОҚ
2. Еліміздегі ең терең ойыс – Қарақия ойысы ИӘ/ЖОҚ
3. Әлемдегі ең биік жер Тянь-Шандағы Эверест шыңы ИӘ/ЖОҚ
4. Жазықтар аласа, биік, орташа жазықтар болып бөлінеді. ИӘ/ЖОҚ
5. Құрлықтың ең төменгі нүктесі ойыс деп аталады. ИӘ/ЖОҚ
Дескрипторы:
-Жер бедерінің анықтамасын біледі;
-Ойыстарды біледі, атайды;
- Биік шың Гималайда орналасқанын айтады;
-Жазықтың анықтамасына сүйеніп, қалай аталатындарын айтады;



Тапсырмаларды орындайды.



ҚБ: 5 балдық жуйе






2 ми
нут

Кері байланыс

«Менің сөзім» әдісі
Оқушы орнынан тұрып өз ой-пікірін білдіреді және өз пікірінен соң сыныптағы басқа оқушының есімін атайды.
- Бүгінгі сабақ мен үшін қызықты өтті. Ұнаған тұстары..... Асылбек.


-Жарайсыздар, балалар, бүгінгі сабақта керемет жетістіктерге жете алдыңыздар! (бағалау)
Олай болса, оқу тапсырмасын «Жазықтар мен таулар»

Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіре отырып, бүгінгі сабақты аяқтаймыз.





Бүгінгі сабақта не білгенін, үйренгенін, түсінгені туралы бөліседі.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет