Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер дүкенінде Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі46,23 Kb.
#33629
түріСабақ
4 «Б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер дүкенінде

Сабақтың мақсаты:



  1. Балалардың жемістер мен көкөністер тақырыбы бойынша өткен атауларын бекіту, жаңа сөздерді меңгерту.

  2. Сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға жаттықтыру, топпен жұмыс істеуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

  3. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуға ықпал ету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық оқыту, баяндау, қайталау, түсіндірме, аударма, пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, жемістер мен көкөністердің суреттері, себеттер,аюдың суреті.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару.

Бір-біріне сәттілік тілеу.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.
Бағалау парақшаларын таратып, өздеріне баға қоюды түсіндіріп, қадағалау.

ІІ. Негізгі кезең.

1. Рефлексия.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға келген қонағымыз бар. Ол-қорбаңдаған аю. Аюдың келіп отырған себебі өткен сабақтарымызда алған білімдерімізді сынап көрмекші. Ендеше біз өз білімімізді аюға паш етейік.

Ол үшін аю дайындап әкелген тапсырмаларынан сүрінбей өтіп, қойған сұрақтарына толық, дұрыс жауап беріп отырайық. Жарайды ма?



Айтылым: -Ал, ендеше бірінші тапсырма мынадай, сендер мына тұрған себетке ең алдымен жемістерді, одан кейін көкөністерді теріп салуларың керек. Әр оқушы таңдаған жемісін не көкөніс атауын дауыстап атап, содан барып қана себетке салады.

2. Жаңа сабақ

1.Тыңдалым, айтылым: Аудиожазба тыңдату «Дүкенде»

-Балалар, мәтінде не туралы айтылған? Кім айтады?

Сонымен, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Жемістер мен көкөністер дүкенінде. Дұрыс, дәптерімізге жазайық.

2. Жаңа сөздермен жұмыс

дайте-беріңізші

сколько стоит – қанша тұрады?

3.Жазылым: Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап жаз. Көптік жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

Сәбіз, алма, алмұрт, картоп, асқабақ, қияр, қарбыз, қызылша, орамжапырақ, шие, пияз.
ІІІ. Сергіту сәті.


  1. Доп-доп, Тербеледі ағаштар,

Топ-топ, Алдымнан жел еседі.

Доп жоғалды, Кіп-кішкентай ағаштар,

Қап-қап Үп-үлкен боп өседі.

Доп жоқ


Тап, тап.

  1. Тілді жаттықтыру.

Огурцы – қияр, Зеркало – айна,

Гранат - ... Яблоко - ....

Мороз – аяз, Усы – мұрт,

А лук - ... Груша - ...

Жираф – керік, Кобыла – бие,

А абрикос - ... Вишня - ...

Один – жалғыз, Земля – топырақ,

А арбуз - ... Капуста - ....

Сад – бақ, Фрукт – жеміс,

А тыква - ... Овощ - ...





  1. Сөйлесім, тілдесім әрекеті: Қонжықтың келесі тапсырмасы: сендер қазақ тілінде қалайша сөйлесе аласыңдар? «Жемістер мен көкөністер дүкенінде» деген тақырыпта диалог құра білу арқылы сөйлесу. (балалар бір-бірден шығып, сұрақ-жауап арқылы диалогқа түседі)

  2. Сұрақ-жауап. Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Бұл сөздер септеледі ме? Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? 1-2 сөзді септеу.


ІҮ. Бекіту кезеңі.

  1. Оқылым: Интербелсенді тақтадан өлеңді мәнерлеп оқу. Осы өлеңнен қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы. Оларды буынға бөлейікші. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? Қандай?

  2. Сұраққа жауап бер.

Кім не сатып алды?




Жеміс

Жидек

Көкөніс

Анар




V




Әсет

V







Айнұр







V

Қанат







V

Мысалы: Анар құлпынай сатып алды.

Ү. Қорытынды.

1. Оқылым: Тест сұрақтарына жауап беру.



  1. Берілген сөздерден жемістерді табыңыз.

А) картоп, қызылша

В) алма, өрік

С) құлпынай, қызанақ

2. Көптік жалғау дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

А) сәбіздер

В) картоптер

С) құлпынайдер

3. «Тыква» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз

А) қарбыз

В) пияз


С) асқабақ

4. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз.

А) қант

В) жасыл


С) барады

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

А) та-ма-ша

В) кер-е-мет

С) ас-ық
2.Айтылым: Тақта алдында жұмыс. «Аудармашы» ойыны.

Красное яблоко – Коричневый картофель -

Вкусный виноград – мое яблоко -

Зеленый огурец - 2 кг. свеклы –


ҮІ. Үйге тапсырма.

Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақ, мақал-мәтел тауып әкелу.


ҮІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет