Жылу берілудің түрлері: Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару
Мақсаты
Жылу берілудің түрлері-жылу өткізгіштік, конвекция және сәуле шығару құбылысымен таныстыру және заттың молекулалық құрылымы негізінде оның физикалық мәнін, мағынасын білдіру
Жұмыс нәтижесі
Жылу берілудің түрлерімен танысады, айырмашылығын біледі. Әр оқушының бойында өз ойын топ ішінде еркін жеткізу дағдысын қалыптасады.
Сілтеме
Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А. Медетбекова Физика. 8-сынып. Алматы «Мектеп» 2012 жыл. 19-38 беттер.
Әдіс-тәсілдер
Формативтік бағалау, өзін-өзі бағалауға ықпал ету.Жаңа әдіс – тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлау. АКТ слайдтар
Ресурстар
Постер,оқулық, слайд,мұғалімге арналған нұсқаулық,АКТ, стикерлер, слайд, маркерлер
Білу- өткенді қайталау арқылы ішкі энергия жайлы білімі кеңейеді.
Интерактивті тақтада ағаштың суреті тұрады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш жапырақтарын толтырады.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «Жемістер» арқылы, 3 топқа бөлемін.
І топ сұрақтары
1. Заттың күйлерін атаңдар? (Сұйық, қатты, газ)
2. Судың қайнау температурасы? (1000С)
3. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (Жұмыс, жылу беру)
4. Энергия алмасу дегеніміз не?
ІІ топ сұрақтары
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? (Джоуль)
2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
3.Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
4. Мұздың балқу температурасы (0 градус)
III Топ сұрақтары
1. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
2.Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (-273,150C)
3. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі(Конвекция)
4. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Сұраққа – жауап беру арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.
Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру) арқылы тақырыптың идеясын түсіну
Мағынаны тану
Топтық жұмыс
«Джигсо» әдісі бойынша әрбір топқа тапсырмалар таратылады.
1-ші топ:«Жылуөткізгіштікке» қатысты тапсырмалар беріледі ойларын постерге түсіру.
2-ші топ: «Конвекция» постерге түсіру
3-ші топ: «Сәуле шығару» постер құру
Ойын жеткізеді, түсінігі кеңейеді
Тақырыптың басты идеясын табу
Бағдаршам түсі арқылы топтар бірін бірі бағлайды
Оқулық, плакат, суреттер
Қолдану- тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру
Физикалық шамалардың сәйкестігін тауып орындарына орналастыру қажет.
4 бөлімде «Ғажайып ұяшық» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарына жауап беру. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.
5
10
5
15
15
15
5
10
5
5 ұпай: 1. Дененің жұмыс істеу қабілеті (Энергия)
2. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвекция)
3. Механикалық энергияның түрлері (Потенциалдық және кинетикалық)
4. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы қалай өзгереді ?(ішкі энергиясы артады)
10 ұпай: Сәуле шығару дегеніміз не? (электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі)
Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті? (ақ түсті, себебі:ол күн сәулесін нашар жұтады.)
15 ұпай: 1. суретті сұрақ
2. Мына құрал-жабдықтардан қандай тәжірибе корсете аласын?(мензурка,калориметр,ыстық су,суық су,термометр,марганцовка)
3. Үш түрлі күйде бола алатын қандай зат?(Су)
Тапсырманы орындау арқылы тақырып бойынша ой қорытады.