Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті



бет1/3
Дата26.07.2022
өлшемі245,33 Kb.
#147759
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сымбат КМЖ
1-2022-31-000830227-2-1 (1), instr ent 2021kz, Дәріс 9-1, balalar-aғzasynyң-өsu-men-damuynyң-negіzgі-zaңdylyқtary-zhas-kezeңdіlіk


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп : БҚО,№48 ОЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: С.Меңдібайқызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;



Сабақтың мақсаты

. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентінің формуласын,анықтамасын біледі;
. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті формуласын қолданып, есептер шығарады;
. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтайды;

Бағалау критерийі

  • Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентінің анықтамасын айтады,формуласын есептер шығаруда қолданады;

  • Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффиенті формуласын түрлендіріп есептер шығара алады;

  • Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтай алады;

Тілдік мақсаттар





Оқушылар білуі тиіс: Пайдалы жұмыс,толық жұмыс, пайдалы әрекет коэффициенті;
Сөздік (Терминдер)

Қазақша

Орысша

Пайдалы жұмыс

Полезная работа

Толық жұмыс

Полная работа

ПӘК

Коэффициент полезная действия



Құндылықтарға баулу


Сабақтың нәтижесінде оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау,іздену қабілеттерін арттырып,ұжымшылдыққа,өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.өмірде пайдалана білуге үйрету;

Пәнаралық байланыс

Математика пәнімен байланысты

Алдыңғы бөлім


Жылу қозғалтқыштары




Сабақтың барысы:



8мин

Ұйымдастыру
-Оқушылармен амандасу;
-Сыныпты түгендеу;
-Сыныпқа жағымды ахуал туғызу;


Топқа бөлу: Бір түсті стикерлерге жазылған шамалар арқылы
1-Топ: Пайдалы жұмыс
2-Топ:Толық жұмыс
3-Топ:ПӘК


Үй тапсырмасы: «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушыларға бір біріне жіп лақтыру арқылы үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар қою және жіптің шетін алған оқушы сұраққа жауап беру керек екендігін түсіндіру.Сұраққа жауап бермеген оқушы,сұрақ қоймай жіпті келесі оқушыға лақтырылатындығы түсіндіріледі. «Өрмекші торы» пайда болады және өз бетімен жауап беруге ниет білдіруге итермелейді.


1.Іштен жану қозғалтқыштары?
2.Бу турбиналары дегеніміз?
3.Поршеньді бу қозғалтқышы бу турбинасынан артықшылығы неде?
4. Газ турбинасының бу турбинасынан артықшылығы неде?
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі



Стикерлер

Жіп



Бас бармақ әдісі



Сабақтың ортасы



25 мин




«Кинометафора» әдісі арқылы электронды оқулықтан видиожазба көрсету
(Жеке,жұптық,топтық талдау)


«Ротация» әдісі.Постер қорғау.(Дереккөздер тәсілі: оқушылар оқулықтың көмегімен орындайды).Әр топқа үш түрлі маркер беріледі(көк,жасыл,қызыл).Топ өзі тандаған маркермен сұрақ жазады,қалған екі топ өздері таңдаған маркерімен жауап жазады.Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз білімдерін толықтырады.Бір сұрақ және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады.
1.Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициент ПӘК-і деп нені айтады?
2.Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентінің төмен болуының себебі қандай?
3.Жылу қозғалтқышының ПӘК-ің көтеруде ұстанатын негізгі жол қандай?
ҚБ. Смайлик


Топтық жұмыс «Кім шапшаң!» тәсілі бойынша есептер шығару
Деңгейлік тапсырмалар:(А,В,С)


1.Іштен жану қозғалтқыштарының пайдалы әрекет кэффициенті 25%.Ол нені білдіреді?


2.Қуаты 8кВт, ПӘК- і 11% мотоцик л 1сағатта неше литр бензин шығындайды?


3.100кВт қуат өндіретін бу турбинасының жұмысы үшін бу қазанына 960т таскөмірін жағады.Осы бу турбинасы қондырғысының ПӘК ін анықтаңдар.


Бағалау критерийі:
1. Шамаларды ХБЖ -не келтіреді.
2.Жылу қозғалтқышының ПӘК -нің формуласын қолданып есептер шығарады;
Дескриптор:
1.Есептің шартын құрады(берілгенін дұрыс жазу),себебін түсіндіреді;
2.Жылу қозғалтқышының ПӘК- інің формуласын қолданып көлемді есептейді;
3. Бу турбинасы қондырғысның ПӘК ін анықтайды;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет