Сабақтың тақырыбы: Жылу процесінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы Сынып: 8



Дата16.11.2019
өлшемі24,09 Kb.
#51919
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика негіздері

Сабақтың тақырыбы:

Жылу процесінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы

Сынып: 8

Мұғалім: Кожагулова А.Т.

Күні:14.11.2019ж

Сабақ негізделген оқу мақсаты

8.3.2.18 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы мағлұмат алады.. проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.



Бағалау критерийі

Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы мағлұмат алады.

кластер құрады,формуланы есеп шығаруда қолданады.

проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.


Тілдік мақсат


Оқушылар: Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы түсіне алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Термодинамика, жылу, ішкі энергия, жұмыс, изобаралық, изохоралық, изотермиялық, адиабаталық процессттер, көлем,температура, қысым.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Алдыңғы оқу

Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Басталуы

10 мин


Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау



Қайталау сұрақтары

1. Изотермалық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?

2. Изохоралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?

3. Изобаралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?

4. Адиабаталық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?

5. Термодинамиканың I заңы дегеніміз не?



Есеп шығару

1. Газ ұлғайғанда 600Дж жұмыс жасалған. Процесс барысында тұрақты қысым 4•105Па-ға тең және өзгермеген болса, газдың көлемі қанша шамаға өзгерген?

2. Көлемі 20л, қысымы 80кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

3. Тұрақты 100кПа қысымда көлемі 3л-ден 10л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын график арқылы көрсетіңдер.




Ортасы

25 мин



Термодинамиканың бірінші заңы - жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы болып табылады. Термодинамиканың бірінші заңы энергияның бір түрден екінші түрге айналуының бағыты мен жылудың бір денеден екінші денеге берілу бағытына ешқандай шектеу қоймайды. Ол тек тұйық жүйелердегі энергияның толық қорының сақталуын талап етеді.

Мысалы, жылу алмасу жолымен энергия өздігінен ыстық денеден анағұрлым салқын денеге өтеді, ал кері процесс өздігінен болмайды, яғни ол - қайтымсыз.

Тас құлаған кезде механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы, вакуумдегі газдың ұлғаюы - қайтымсыз процестер. Диффузия процесі де - қайтымсыз. Мысалы, тұз немесе қант өздігінен суда ериді, бірақ олар өздігінен ерітіндіден бөліне алмайды және су тұщы бола алмайды. Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысал ретінде өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тіршілігі мен даму процесін, ғаламдағы жұлдыздардың пайда болуын және сөнуін жатқыза аламыз.

Табиғаттағы барлық процестер дерлік жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді және сондықтан олар - қайтымсыз.

Термодинамиканың екінші заңы ішкі энергияның механикалық энергияға айналуына шек қояды. Бұл қоршаған ортадан алынған жылу есебінен ғана, яғни бір дененің салқындауы есебінен ғана жұмыс істейтін мәшине жасау мүмкін еместігін білдіреді. Сондықтан термодинамиканың екінші заңын былай тұжырымдайды: екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Сонымен, термодинамиканың бірінші заңы жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін мәшиненің бар болуын жоққа шығарады. (Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің жүретінін, материяның жойылмайтынын білдіреді.



Термодинамиканың екінші заңы - бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау мүмкіндігіне тыйым салады. (Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің бағытын білдіреді.

«Инсерт» әдісі бойынша тақырыпты оқуға әр топқа тапсырма беріледі:

1-топқа: Термодинамиканың екінші бастамасының физикалық мәні неде?

2- топқа: Қандай процестерді қайтымды деп атайды? Қайтымды процестерінің жүруінің қажетті шарттары қандай?

3- топқа: Қайтымсыз процестер

Осы тақырыптар бойынша Кластер жасауға нұсқаулық беріледі

Есептер шығару.

Ойлан,жұптас,талқыла әдісі



Деңгейлік топтардың белгіленуі

А – тобы

Б – тобы

С – тобы

Аталуы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

Жылу мөлшері

Q

Дж




Дененің массасы

m

кг




Бастапқы температура

t1

° С




Ақырғы температура

t2

° С




Меншікті жылу сыйымдылығы

c

Дж/кг*° С




Температура өзгерісі

t

° С




Абсолют температура

T

К




Бекіту есептері

1. Изохоралық суытуда газдың ішкі энергиясы 250 Дж-ге
кемісе, онда ол қандай жұмыс жасайды?
2. Адиабаталық процесс кезінде 350 Дж жұмыс атқарылса,
онда газдың ішкі энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?
3. 1-суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі берілген.
Газдың жасаған жұмысын анықтаңдар.

Кері байланыс.

Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз. Әр топ 2 минут сөйлейді.

Жетістік критерийлері



  • Сурет идеясын ашады;

  • Тақырыптың мәні өмірден келтірілген мысалға сәйкес келеді.

Орындалған тапсырма түсінікті, анық болды.

Аяқталуы

5 мин



«Бағалау парағы» критерий арқылы бағалау

Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді.

Күнделікке баға қойдырады.

Стикерге кері байланыс жазып береді.



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?



  • Қосымша ақпарат: Үйге тапсырма беру: §21

Бағалау – Оқушыларадың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс

Құндылықтармен байланыс.

Формативті бағалау:

Екі жұлдыз, бір тілек, Бағдаршам



Суммативті бағалау:

Критерий арқылы бағалау парағы



Электронды оқулық, презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет