Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы Сілтеме



Дата17.03.2020
өлшемі19,98 Kb.
#60251
түріСабақ
Байланысты:
Кіріспе. Органикалық химия
АЛКЕНДЕР, Газ, мұнай және тас көмір өңдеу, Газ, мұнай және тас көмір өңдеу

ТОП

МД-11,ВТ-11

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.

Жалпымақсаты

Органикалық заттардың құрамы, құрылысы, «органикалық зат» жайлы ұғым қалыптасады.Органикалық қосылыстардағы көміртек атомның өзара жалғасуынан түзілетін алуан түрлі қосылыстардың табиғатын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы деп аталу себебін түсінеді, органикалық заттардың ерекшеліктерін айқындайды.

Негізгіидеялар

Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы

Құрал-жабдықтар:

Интерактивтітақта, интерактивтіктақтаарқылыPowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, су, күкірт қышқылы, қант, бор, өсімдік майы, парафин, полиэтилен бұйымдары, каучук, қағаз,балауыз,т.б.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Тақтада берілген сөздерді алып, екі топқа: бейорганикалық және органикалық заттар деп бөлініндер.

Мына берілген заттар:

Карбонаттар, көмір қышқылы, қағаз, спирт, көмір, сода, парафин, қант, тұз, мақта.

ІІ Топтарға сұрақ қою:

1)Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың ерекшелігі неде?

2) Органикалық және бейорганикалық заттардың арасына айқын шек қоюға бола ма?

3) Органикалық химия нені зерттейді?

4) Неге бүгінгі біздің тақырыбымыз «Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы» деп аталады?

5)Құрамында көміртегі бар қандай қосылыстарды білесіндер?

6) Тапсырма: Мына берілген заттар: метан, мыс сульфаты, пропан, хлорсутек, бутан, камфора, сутегі, бор, қант, парафин, нафталин, скипидар, су, күкірт қышқылы қатарынан органикалық затарды теріп жазындар.

7) Осы органикалық заттардың физикалық қасиеттері туралы қандай жорамал пікір айтасындар?

8) Химиялық реакция көмегімен органикалық затты бейорганикалық заттан қалай ажыратуға болады?

9) Органикалық заттардың құрамы және кейбір қасиеттеріне қандай қорытынды жасауға болады?

ІІІ кезең Негізгі кезең

Оқулықпен жұмыс:


  1. Органикалық химияның жеке дербес ғылым болып бөлінуіне не себеп болды?

  2. Органиқалық заттардың алғашқы синтезделулерінің маңызы неде? (1824 жылы неміс химигі Ф. Велер қымыздық қышқылын; 1828 жылы мочевинаны синтездеді; 1845 жылы неміс химигі А. Кольбе жасанды жолмен сірке қышқылын; 1854 жылы француз ғалымы П. Бертло майларды синтездеді; 1861 жылы орыс ғалмы А. Бутлеров қант заттарды алды.)

  3. ХІХ ғасырдың ортасында органикалық химияның алдында қандай проблемалар тұрды, ғылыми тұрғыдан түсірдіруді талап еткен қандай қайшылықтар, сұрақтар? ( органикалық қосылыстардың көп болу себептері,олардың қасиеттерінің ерекшеліктері, органикалық заттарда көміртегі валенттілігінің сақталмайтын сияқты көрінуі, изомерия құбылысы)

ІҮ кезеңҚорытынды

  1. Органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады? Күнделікті өмірде қандай органикалық заттарды пайдаланып жүрсіндер?

  2. Органикалық химия нені зерттейді?

  3. Органикалық зат құрамына қандай элемент атомдары кіреді?

  4. Табиғатта органикалық заттар ненің құрамында кездеседі?

Үйге тапсырма: §13,2

БағалауТоптық бағалау Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар 2 топқа бөлінеді :

бейорганикалық және органикалық заттар

Оқушылар камфараның ұшқыштығын, қант ерітіндісінің электр тоғын өткізбейтіндігі, пропан, этил спирті жанғыш заттар, қантты қыздырғанда көмірленетінін айтады.

Постерде қорғау.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып осы сұрақтардың жауабын табады, топта талдайды.Ең көп дәйектеме айтқан топ мүшелері бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет