Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер Сілтемелер



Дата17.06.2018
өлшемі59,93 Kb.
#42692
түріСабақ

Пәні :

5-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Кірме сөздер

Сілтемелер:

Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2015ж, Блум таксономиясы,СТО технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Кірме сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың қай тілден енгенін ажырата білуге үйрету..

Күтілетін нәтижелер:


  • Кірме сөздер туралы біледі

  • Берілген тапсырмалардан кірме сөздерді ажырата алады.

  • Тақырыпқа өзіндік қорытынды жасайды.

Оқыту нәтижелері:

  • Белсенділіктері, қызығушылықтары артады;

  • Бір-бірімен пікір алмасады;

  • Қорытынды шығарады.

Жаңа сабақ

Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген. Керісінше,басқа тілдерге қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мәселен, араб, парсы, тілдерінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, білім, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, емтихан, тәрбие,емле т.б. сөздердің тілімізге сіңісіп кеткені сондай, бұларды өзге тілден енген деудің өзі қиын. Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері, жер-су атауларына қатысты Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай т.б. атаулар кірді.

Ал орыс тілінен қазақ тіліне жәшік, кереует, бөтелке, бәтеңке, шәйнек, сіріңке, кәмпит, тәрелке, сөмке, тұрба және т.б.

Орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылды: телефон, телеграф, автомобиль, т.б. Қазақшаға аударылғандары: самолет-ұшақ, вертолет-тікұшақ, коллектив-ұжым, аэропорт-әуежай, аддрес-мекен-жай т.б.


Түйінді идеялары:

Кірме сөздер дегеніміз- тілімізге басқа тілден енген сөздер.

Сабақтың әдіс – тәсілі:

Топтық жұмыс, талдау жүргізу, қарама - қарсы шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, жүгіриелі диктант, диалогтік оқыту, сұрақ қою техникалары.

Сабақтың көрнекілігі:

Маркер, қағаздар, оқулық, слайд.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, этнопедагогика, орыс тілі.

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Шаттық шеңбері

«Жүректен-жүрекке» тренингі арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

Қима қағаздардағы сөздердің мағынасына қайрай 3 топқа бөлінеді.

Басталуы

Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптарды пысықтау «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар



Қызығушы-лықты ояту

І Білу

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.

Сөзжұмбақ  «Кірме сөздер»
1. Жаңа сөз (кеден)

2.Жаңа сөз (өскін)

3. Көнерген сөздің бір түрі (архаизм)

4. Әдет-ғұрыпқа байланысты архаизмді табыңыз (барымта)

5. Қару-жараққа байланысты тариха сөз (жебе)

6. Әдемі, сұлу, ажарлы сөздері қандай сөздер? (синоним)

7.Дүниеден озды, ажал құшты сөздерінің дисфимизмі (өлді)

8. «Қорқу» сөзінің тұрақты тіркесі (зәресі ұшу)

9. Сыпайы сөздерді дөрекі жеткізу қалай аталады? (дисфемизм)

10. «Жүрек жұтқан» тіркесінің мағынасы (ер)

11 . «Шешек» ауруының екінші атауы (қорасан)

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.



ІІ Түсіну

« Жаттығулар жұмысы»

1-топ.173 жаттығу. Мәтіннен араб, парсы тілінен енген сөздерді тауып жазыңдар.

2-топ. 174-жаттығу. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді тауып, олардың мағынасын ашыңдар.Аспан әлеміне байланысты қандай сөздерді білесіңдер? «Жұлдыз-жорамалға сенеміз бе?» деген тақырыпта пікір алмасыңдар.

3-топ. Мәтіндегі шетел сөздерін жазыңдар. Егер олардың баламалары болса, жақшаға көрсетіңдер. Мәтіннен омонимдес мағынаға ие бола алатын сөздерді тауып, оны сөз тіркестері арқылы дәлелдеңдер.





Жаттығу жұмыстарының ішіндегі кірме сөздерді табады

ІІІ Қолдану

А деңгейлі тапсырма.

«Білім-теңіз, мектеп-кеме» ойтолғау жазу

Жасақ, Тарбағатай, Қордай сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

В деңгейлі тапсырма

Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, самауыр, телефон



С деңгейлі тапсырма

Берілген суреттерге қарап сөйлем құрастыр.

Мектеп, білім, тәрбие тақырыптарына мақал айтыңыз.





Сергіту сәті

«Ертегілер әлемі» әуені

Оқушылар ән әуенімен билейді, сергиді

IV Талдау

«Жүгірмелі диктант»

Диктант мәтінінен кірме сөздерді тауып, қай тілден енген ажырату.

І топ.


Аса қабілетті адамдардың ендігі бір тобы-кішкентай кездерінен-ақ таңғаларлық қасиет танытатын вундеркиндтер болған. Ағылшындық Рут Лоуренс 14 жасында Оксфорд университетіне физикадан емтихан тапсырған. Университеттің барлық курсын тамамадап шығу үшін оған небары бір-ақ жыл керек болған.

(«Парасат» журналынан,34 сөз)

ІІ топ
Клуб сахнасына тал шыбықтай майысқан нәзік денелі, сүйкімді қара көзді, дөңгелек ашаң жүзді, қос бұрымын иықтан асыра тастаған жап-жас қыз шыға келіп, аса бір жарасыммен иіліп көпшілікке тәжім етті. Оның бет пішінінде абыржу, асып-сасу, қысылу байқалмайды, қайта әдемі бидай өңінде нұр ойнайды.

(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан,42 сөз)

ІІІ топ

Шалкиіз-көбі мақалға айналып кеткен талай афоризм сөздердің авторы. Көзі жіті жырау өзінің айтпақ ойын неғұрлым өткір, неғұрлым діл бере алатын сөздерді іріктеп қолданады. Осының нәтижесінде Шалкиіз сахара жыршылары үшін қолға түсе бермейтін қасиет-аз сөзге көп мағына сыйғызу искусствосына ие болған.

(М.Мағауин,42 сөз)

Оқушылар мәтіннен бір-бір сөзден кезекпен тақтаға жазады.Үш топ бірін-бірі тексереді.



V Жинақтау


«Кірме сөздерді» топтастыру.


Моңғол, араб, парсы тілінен енген сөздерді топтастырады.

VI Бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Оқушылар бүгінгі тақырып туралы ойларын айтады

Келесі тапсырма (үйге тапсырма)

Кірме сөздерді жаттау, 179-жаттығу




Формативті, суммативті бағалау

Бағалау парақшасы арқылы өз-өздерін бағалау.

«Бас бармақ», «Қол соғу».



Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критерийлер арқылы бағалайды

Кері байланыс

Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, «блоб» ағашына іледі.

БҚО. Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы

Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін

мектеп-балабақшасының

ІІІ деңгейлі сертификаталған ІІ санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Садыкова Гүлжан Маратқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет