Сабақтың тақырыбы: Көктем Сабақ мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту



Дата27.12.2016
өлшемі35,82 Kb.
#6320
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмсай орта мектебі

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Сарина Жанар Сергазиевна

Тіл дамыту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақ мақсаты:

1.Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

2.Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, гарамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

3.Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: құстардың, көктем мезгілінің суреті, көктемгі гүлдер.

І.Психологиялық дайындық.
Амансыңба Алтын күн
Амансыңба көк аспан
Амансыңба достарым
Сендерді көрсем қуанам
Қайырлы таң қонақтар
Сендерді көрсем қуанам

ІІ. Ұйымдастыру іздену

Балалар, қазір бізде тіл дамыту сабағы. Бүгінгі біздің сабағымыз қызықты болмақ. Бүгінгі сабағымыз ертегі түрінде өтеді. Ол үшін сендер сабаққа белсенді араласып отыруларың қажет.

Барлығымыз «Шалқан» ертегісін білемізбе? Олай болса, біз ертегі кейіпкерлеріне көмектесеміз. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындаймыз.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Атайдың тапсырмасы.

Ы.Алтынсаринның «Бір уыс мақта» әңгімесі

Әңгіменің мазмұнына байланысты төмендегі сұрақтарға жауап алу.

-Үйде анасы мен қызы не істеп отырды?

-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

-Мақтаны не іліп кетті?

-Торғайға мақта не үшін қажет болды?



Әжейдің тапсырмасы.

IV. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай-саладан ағады.

Бүршік атып,

Жапырақ шашып,

Бұл қай кезде болады? (көктем)



Сұрақ қою.

-1жылда неше ай бар?

-1аптада неше күн бар?

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Көктем айларын ата

-Ауа райы қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Құстарды қалай қарсы аламыз?

Балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын толықтыру.

Балалар көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Малдар төлдейді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Күн ұзарып, түн қысқарады.



Немересінің тапсырмасы.

V.Оқулық пен жұмыс

Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Күн жылына бастады, дала гүлдеп

Ақыл айтты: «Қозыңды баға біл»,- деп.

Қуанады Қожан да: «Атаға еріп

қой айдасып келуге жарадым»,- деп.

Күн жылына бастады құстың бәрі

Ұшып келді: «Кетті,-деп,- қыстың қары»



Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

Күшіктің тапсырмасы.

VI.Сөздік жұмыс.

Баға біл, қой айдасып. Осы сөздердің мағынасын сұрау.

VII.Дидактикалық ойын.

«Көктемгі гүлдер»

Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді тауып алу.Атын атау.



VIIІ.Мысықтың тапсырмасы.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып- ұшып алайық.

Орнымызға қонайық.



ІХ.Тышқанның тапсырмасы.

Оқулық пен жұмыс.

Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін саламыз.



Х.Оқу іс-әрекетін қорытындылау:

«Өрік ағашы» әңгімесін оқу.



Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.

Балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.
Каталог: uploads -> doc -> 0fc3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fc3 -> Сабақ Тақырыбы: Мен жеті жастамын Мектебі: №31 орта мектеп
0fc3 -> Урок комбинированный Тема урока: «Мәтінді, суретті, анимацияны, гипермәтінді құрастыру үшін html ді қолдану» Название предмета
0fc3 -> Сабақтың тақырыбы : Құстар біздің досымыз Сабақтың мақсаты
0fc3 -> Сабақ өтілетін уақыты: 6- сыныптағы «Мен отбасым. Менің анам-ең сұлу адам»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет