Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.1.1 Компьютердің жад түрлерін, қызметін ( ЖЕСҚ (жедел есте сақтау құрылғысы), ТЕСҚ (тұрақты есте сақтау құрылғысы), СЕСҚ (сыртқы есте сақтау құрылғысы), кеш-жады) сипаттау.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Есте сақтау құрылғыларын атай алады және компьютер жадысын түсіне алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Компьютерлік жадының жұмыс жасау принципін біледі, ішкі, сыртқы жадыларын ажырата алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Компьютерлік жадының жұмыс жасау принципін біледі. Жадының сипаттамасын түсіндіре алады.
Компьютерлік жад – бұл ақпаратты сақтау немесе есте сақтау құрылғысы. Жад компьютердің негізгі бөлігінің бірі болып табылады.
Компьютерлік жад ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жад ақпаратты ұзақмерзімді сақтауға негізделсе, ал ішкі жад компьютерлік жүйелер үшін қолданылады.
Жедел жад – процессордағы орындалатын программалар мен өңделген деректерді жазуға, есептеуге және сақтауға арналған шағын жедел есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жады – бұл шағын көлемді жылдам есте сақтау құрылғысы. Ол микропроцессор мен жедел жад арасындағы ақпараттарды алмасу жағдайына қолданылады.
Тұрақты жад – деректерді сақтауға арналған жад. Ол ешқандай өзгерістер енгізілмейтін деректерді сақтау үшін қолданылады.
Бейнежад – кодталған бейнелер сақталатын есте сақтау құрылғысының бір түрі.
Сыртқы жад программалар мен деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Ол процессорға тәуелсіз, компьютер іске қосулы немесе өшірулі жағдайға байланыссыз жұмыс істей береді.
Сыртқы жадтан процессорға ақпараттар келесі тізбек бойынша үздіксіз беріліп отырады: