Күні:
Сынып: 5
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ұлылар сөзі жадымызда
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ақын-жазушылар жайлы түсініктерін жүйелеп, талдау;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ақын-жазушылар туралы түсінікті кеңейту;
Тәрбиелік:Ақын-жазушылардың шығармаларын таныту арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, жүйелеу
Сабақтың көрнекілігі: ақын-жазушылар портреті, ағаш суреті, таратпа қағаздар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу;
Ә) Кезекшімен жұмыс;
Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Негізгі кезең
Балалар сабағымызды бастамас бұрын ең алдымен топқа бөліну үшін мына үстелдің үстінде тұрған кез келген кәмпитті алыңдар. Енді кәмпиттерді алып болған соң алынған кәмпит түсіне қарай топқа бөліне қойыңдар. Қызыл түсті кәмпитті алғандар – Білгірлер, сары түсті кәмпитті алғандар – Алғырлар, жасыл түсті кәмпитті алғандар – Тапқырлар тобына отырыңыздар.
Енді әр топқа отырғаннан кейін сол топтың басшысын сайлаңыздар. Міне мен сіздерге бағалау парағын беремін сол бағалау парағына әр тапсырмаға белсенді қатысқан оқушыға 2 ден 5 ке дейінгі бағалауды қоясыздар.
1 – тапсырма. Таратпа қағаздарда берілген кесілген қағазды бір тұтас қылып біріктіріп, сол суретте берілген ақын-жазушы жайлы қысқаша мәлімет айту.
2 – тапсырма. Ақын-жазушыларға кластер жасау. Кластерде жазылған сөздердің аудармасын жасау
Абай
|
Ахмет
|
Мағжан
|
Ақын (поэт), ағартушы, философ (философ), аудармашы (переводчик), композитор (композитор), саяси қайраткер (политический деятель)
|
Ақын (поэт), ғалым (ученый), педагог, аудармашы (переводчик), қоғам қайраткері (общественный деятель)
|
Ақын (поэт), жазушы (писатель), публицист,
|
Сергіту сәті. Атомдар мен молекулалар ойыны
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады
3 – тапсырма. Таратпа қағазда өлең шумағы беріледі, сол өлең шумағының мазмұнына қарай оқушылар алдарында тұрған А4 парақтарына сурет салады.
Абай Құнанбайұлы (Жазғытұры)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
|
Қалқаман Сарини (Көктем)
Жүрегіме жыр құйып көктен сарнап,
Мынау – менің құстарым жеткен самғап.
Қара жердің қайғысын сейілтеді,
Қанатынан күміс нұр көктем саулап.
|
Ілияс Жансүгіров (Көктемде)
Жауыны жауып, жасылы
Жарқылдайды - жаз кепті.
Өкіреді өзен тасуы,
Қаңқылдайды - қаз кепті.
|
ІІІ. Қорытынды кезең
Балалар бүгінгі сабағымызда аяқтау үшін, ең алдымен қандай мезгіл келгенін есімізге түсірейікші. Дұрыс, көктем келді. Ендеше алдымызда тұрған ағашқа көрік беріп жапырақпен безендірейікші. Ол үшін әр жапырақта сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап берейік.
Абай Құнанбайұлы кім?
Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген?
«Қыс» өлеңі не туралы?
Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеден өткен?
Ахмет Байтұрсынұлы кім?
Ахмет Байтұрсынұлы қай жылы дүниеге келді?
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңі не туралы?
Ахмет Байиұрсынұлы қай жылы дүниеден өткен?
Мағжан Жұмабаев кім?
Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеге келген?
«Мен жастарға сенемін» өлеңі не туралы?
Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеде өтті?
ІҮ. Бағалау кезеңі
Топ басшылары бағалау парақтарын жинап береді, оқушылардың бағалары сол бағалау парағының негізінде қойылады?
Достарыңызбен бөлісу: |