Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім»



Дата06.07.2018
өлшемі23,48 Kb.
#47709
түріСабақ
Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:сәндік нақыштарды берудегі графикалық біліктерді дамыту; көркемдік талғамының дамуына ықпал ету.

Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрмет сзімін; қоршаған шындыққа эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.

Сабаққа қажет материалдар:

Мұғалім үшін: көрнекілік материал – фотосуреттер мен бейнематаһериал, ұлттық киімдер бейнеленген фотосуреттер. 

Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, гуашь, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам, су құюға арналған кішкене банка.

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы


Сабақтың жоспары:


I .Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Кіріспе әңгіме

IV. Жаңа сабақ

V. Сабақтың практикалық бөлігі

VI. Қорытынды нұсқау.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Бағалау.


Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау

I.Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру

III.Кіріспе әңгіме 

Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары.

Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той – томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал – серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажыратандықтан да «жат жерде тон сыйлы» деген ұғым қалыптасқан. 

Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшілігіне қарай кішкене балалардың, бозбала – бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді. Ерлердің киімі – ішік, тон, шапан, шалбар (сым) және өте көне заманнан XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі – кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы).

III. Жаңа сабақ

Ішік – иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім. Ішік бағалы аң терілерінен тігілетіндіктен бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік деп бөлінеді. Ішікті жол жүргенде, той – жиынға көбірек пайдаланады.

Тайжақы – тай, құлын терісінен тігілген күрте. 

Сулық киімдер; Кебенек – жұқа киізден тігілген, жауында киетін сырт киім.

Аба – жылқы терісінен түгі сыртына қаратып тігілген жауын – шашында киетін жамылғы.

Ерлер бас киімдеріне тақия, бөрік, тымақ, құлақшын, қалпақ, малақай, мұрақ, башлық шалма жатады. 

Әйелдер бас киімдері тақия, бөрік, сәукеле, қасаба, орамал, жаулық, кимешек, күндік жатады. 

Аяқ киімдерге саптама етік, шоңқайма, мықшима, көк етік, мәсі, кебіс жатады.

VI. Қорытынды: сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

VII. Үйге тапсырма: жаттап алу 

VIII. Бағалау: қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0081
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0081 -> Сабақ Әдебиеттік оқу 3сынып Тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Өткізген: Измағамбетова Н. А еркінқала орта мектебі Әдебиеттік оқу 3сынып Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет