Пән :өзін-өзі тану
Мұғалім:Аребаева Б.
Мектеп №1 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:Мәдени мұра
Мақсаты:Оқушыларға ұрпақтан-ұрпаққа,атадан балаға мирас ретінде жететін мәдени мұра,атамұра ұғымдарының рухани құндылық ретіндегі маңызын ұғындыру.
Міндеттері: -әдеби-мәдени мұралар,атамекен ,ата кәсіп туралы түсінік беру
-ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту
-ата-баба мұрасын асыл қазына ретінде қастерлеуге,құрметтеуге олардан тағылым алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: экскурсия сабақ.
Шаттық шеңбері.
Балаларға үнтаспадан Р.Рымбаеваның орындауындағы «Домбыра туралы баллада».Ш. Сариевтіңөлеңін тыңдайды.
Домбырадай шежіре жыр болмаған
Даламыздың тағдырларын толғаған,
Армандарын,армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Сазды әуенді тыңдап болған соң,балалармен тақырыпқа байланысты әңгімелесу жүргізіледі.Әңгімені өрбіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.
Мұра, ата мұра дегенді қалай түсінесің?
Халықтың данышпандығы арқылы жасалған игіліктердің адам өміріндегі маңызы неде?
Мәднеи мұраға нелер жатады
Атамұра адамға не үшін керек
Ол мұраларды қалай қадірлеп ұстайсыңдар
Сұрақтарға жауап беруде балалар өз үйлерінде қандай отбасылық құндылық бар екендерін еске түсірді.Қыздар әжелерінен қалған әшекей бұйымдарын қадір тұтатындығын аитса,ұлдар ертоқым ,қамшы,т.б.нәрселер атасынан қалғанкөз деп саналады.Балалар сұраққа жауап бере отырып М.Мақатаевтың «Бабаларым,рақмет сендерге» атты өлеңін мәнерлеп оқиды.
Бабаларым , рахмет сендерге.Бабаларым болмасындеп көркеуде..
Қобызыңмен қосып әнмен тіл бердің,Өмірге мен мылқау болып келгенде.
Бабаларым, рахмет сендерге.
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын.Арулардың айтпай кеткен сырларын.
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын.Қобызыңның шанағынан тыңдадым
Құлазыған сенің құла түздерің,Не білмеген,не көрмеген,ізгі елім.
Жазылмаған тарихмның жолдарын,ауызекі аңызыңнан іздедім.
Мен білмеймін,Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып,жасадың ба жәннат бақ.әлдеқалай тасқа түскен таңбаңа
Табынамын тарихмдай ардақтап,Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің
Сыр ашпайдысенің құла түсдерің,Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын
Домбыраңның пернесінен іздедім,Іздедімде сәттерімде түңілген
Тастап кеткен аңызыңа жүгінем
Жүгінемде,қайта туғам ,тірілгем
Тарихымды жазудамын бүгін мен,Бабаларым сенің ана тіліңмен.
Балалар өлеңдегі әр ойдың мағынасына жеке –жеке тоқталып өз ойларын айтады.
Дәйексөз.
Елдің елдігін сақтайтын-әдебиеті,тарихы,салт-дәстүрі. М.Жұмабаев.
Атамұра—әдеби-мәдени нұсқалар,ата-баба дәстүрі мен салт-сана,ұлттық өнер,тарихи жәдігерлер.
Балалар өз ойларынан тақырыпқа байланысты жұмбақтар ойлап шығарады.
1.Әжеме өң берген,жиегін көмкерген,Етегі желкендей.киім еді ол нендей?
2.Әшекейлі күбіні.Үюлі тұрған шөмеле.Кигіздім биік төбеге.
3.Іші-егіс,Сырты –тегіс.
4.Дорбаға тығып бас жағын,Байлай салдым қос жағын.
Шешуі(кимешек,сәукеле,тон,тымақ).
Түйіндеу.
Дәстүр—ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдеп ғұрып,жалпыға бірдей тәртіп,әдеп инабат көзі.Қазақ халқының дәстүрлері ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады.
Балалар сабақты қаламыздағы А.Жұбанов атындағы мемориалдық мұражайда жалғастырды.Мұражайдағы жергілікті халықтардан жиналған жәдігерлерді қызығ тамашалады.
Достарыңызбен бөлісу: |