Сабақтың тақырыбы Менің денсаулығым. Мен қалай тамақтанамын? Оқу бағдарламасына сәйкес



Дата11.05.2022
өлшемі26,42 Kb.
#141750
түріСабақ
Байланысты:
Мен қалай тамақтанамын? Дүниетану қмж
лекция бюджет (2), лекция бюджет (2), sabaq-kz attachment tuelszdk-tregm-azastan-zhregm, 427970852-Мінезді-тәрбиелеудің-этнопсихологисы-Елибаева-Алма-docx, сайыс Айбала, 10 класс СОЧ за 1 четверть

  1. сабақ







Ортақ тақырып: Бөлімше:

Тағам мен сусын
1.4. Денсаулық пен қауіпсіздік




Педагогтің аты-жөні:







Күні:







Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Менің денсаулығым. Мен қалай тамақтанамын?




Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаттары

1.1.4.2 – тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • тамақтану тәртібі не екенін білетін болады;

  • тамақтану тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді;

тамақтану гигиенасының ережесін сақтауды біледі.
Көптеген оқушылар:

Кейбір оқушылар:

  • мектеп ас мәзіріндегі тағамдар мен сусындардың пайдасы туралы мектеп аспазымен әңгіме жүргізе алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақты бастайды.
Күн – мол шаттық түсінем, Күнмен өстіп көрісем.
Содан үйдің ішімен Шаттығымды бөлісем.

Тасытқан соң күнімді Шынығуды бітіріп,


Тазалаймын тісімді, Жуынамын күтініп.

Жалықпаймын сабақтан, Оқимын да жазамын.


Білім нәрін таратқан Ұстаздарда назарым.

  • Балалар, сендер таңертең салқын сумен жуынасыңдар ма?

  • Адамдарға күлімсіреп қарайсыңдар ма?

  • Неге күні бойы күлімдеп, жақсы көңіл күй сақтап жүру қажет?

  • Таңертең кім жаттығу жасады? Не үшін? Қандай жаттығулар

орындадыңдар? Көрсетесіңдер ме?

Сұрақтарға жауап береді.






Өлең жолдары









– Дұрыс тамақтанасыңдар ма? Дұрыс тамақтану деген не?
Сабақта тамақтану мәселелерін талқылаймыз.










Ортасы

ФТ. ҚБ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, «Мен қалай тамақтанамын» мәселесі сендер үшін неге өте маңызды?

  • Күні бойы не жегенімізді еске

түсірейік. (Мұғалім бірнеше оқушыдан таңғы аста, түсте, кешке қалай тамақтанғандарын сұрайды).


ФТ. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу Арманның суреттегі ас мәзірін қарап шығу.
Оқулық сұрақтары бойынша талқылау:

  • адамдар таңғы асқа, түскі тамаққа, бесіндікке және кешкі асқа не ішіп- жейтінін айтыңдар;

  • денсаулыққа пайдалы азық- түліктерді атаңдар;

  • үнемі тамақтанып жүрудің маңызын түсіндіріңдер.

Әселдің суреттегі ас мәзірін қарап шығу. Сұрақтар бойынша талқылау:

  • Қыз бала күні бойы не жейді?

  • Әселдің тамақтану тәртібін дұрыс деуге бола ма? Неге?

  • Қыз балаға қандай кеңес айтуға болады?

Сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөліседі.

Оқулықтағы суреттердегі ас мәзірін қарап, сұрақтарды талқылайды.





Тапсырма. Критерий.
А. Бірден жеуге (шикі күйінде) болатын азық-
түліктерді бояйды. Қайнатуды немесе қуыруды қажет ететін азық-түліктер
туралы айтып береді.
Дескриптор

  1. Бірден жеуге (шикі күйінде) болатын азық-

түліктерді бояйды.

  1. Қайнатуды немесе қуыруды қажет

ететін азық-түліктер туралы айтып береді.

Оқулық
Суреттер Мұғалім пәндік


суреттер көрсетеді. Оқушы дәптері







Талқылау:

  • Мәшинеге жүру үшін бензин қажет, ал адамға ше?

  • Мәшинеге жүру үшін тек қана

бензин қажет. Ал адамға да өмір сүру үшін тек бір-ақ түрлі азық-түлік керек пе?

  • Ас мәзірінің әртүрлі болуы неге соншалықты маңызды?

Ешбір азық-түлік жақсы денсаулыққа демеу болатындай барлық қоректік заттарды бере алмайды. Кейбір азық- түлік түрлері ағзаға қозғалыс, ойлау жұмыстары үшін қажетті энергия
береді (бал, қарақұмық, сұлы, мейіз). Тағы бір азық-түліктер ағзаға күш- қуат береді (ірімшік, балық, ет,
жұмыртқа, жаңғақ). Ал үшіншілерінің құрамында ағзаның өсуіне
көмектесетін көптеген дәрумендер мен минералдық заттар бар (жидектер,
жемістер, көгөністер).


ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Еркін ұста денеңді,


Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір енді.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш, Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбырда болмайық,

Сергіту жаттығуын орындайды.



Олардан қандай тағамдар даярлауға болатынын айтады.
Тапсырма. Критерий.
В. Тағамдар мен оларды ішіп-жейтін уақытты
бағыттауыш сызықтармен қосады.
Дескриптор
1. Тағамдар мен оларды ішіп-жейтін уақыттарды
бағыттаушы сызықтармен қосады.










Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш, Бойға жинап күш Жаттығу жасап алайық, Бір дем алып қалайық.






Тапсырма. Критерий.
С. Қандай азық- түліктер пайдалы екендігін
сыныптасымен бірге талдайды. Пайдалы азық-түліктердің суреттерін салады. Олардың қандай пайдасы бар
екендігін жазады.
Дескриптор

  1. Қандай азық- түліктер пайдалы екендігін

сыныптасымен бірге талдайды.

  1. Пайдалы азық- түліктердің суреттерін салады.

  2. Олардың қандай пайдасы бар

екендігін жазады.


ҚБ




Ж. Жұппен орындалатын жұмысты ұйымдастыру.

  • Парталас көршіңнен күні бойы қалай тамақтанатынын, қандай пайдалы

азық-түліктерді жейтінін сұра.

  • Сұрақты талдаңдар: Бірден көп тамақ жеуге бола ма?

Парталас көршісінен күні бойы қалай тамақтанатынын, қандай пайдалы азық-түліктерді
жейтінін сұрайды.




Ж. Мұғалім
«Оқушы дәптеріндегі»
тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады.




Азық-түлік суреттері

Ж. «Оқушы дәптеріндегі» тапсырмалардың жұптасып орындалуын ұйымдастырады.

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырмаларды жұптасып орындайды.




ФТ.ҚБ. Мұғалім «Үстелге отырмас бұрын, не жейтінімді ойланамын» атты дидактикалық ойын
ұйымдастырады.
Мұғалім тағамдық азық-түліктер бейнеленген заттық суреттерді
ұсынады, оқушылар оларды жейтін, жемейтіндіктерін айтып, жауаптарын негіздейді.

Оқушылар тағамдық азық- түліктер бейнеленген заттық суреттерді қарап, оларды
жейтін, жемейтіндіктерін айтып, жауаптарын негіздейді.




Соңы

ФТ.
– Жаңадан не білдіңдер?




ҚБ
Мадақтау.

Оқушы дәптері







  • Білім қай жерлерде іске жарайды?

  • Сен қалай жұмыс істедің?

  • Біз бүгін қандай жұмыс орындадық?

  • Нені үйрендік?

  • Жұмысты орындауға кім немесе не көмектесті?

  • Бүгінгі жұмысына кімнің көңілі толады?

  • Тамақтану тәртібін сақтау не үшін маңызды боп саналады?

«Оқушы дәптеріндегі»


С. тапсырмасын орындаңдар.

Сабақтағы өз жұмысыңа баға бер. Таңдаған тұжырымыңның жанына қанатша белгісін қой.



  • Өте жақсы жұмыс істедім, маған бәрі түсінікті.

  • Жақсы жұмыс істедім. Менде тақырып бойынша сұрақтар бар.

  • Тырысу керек. Маған көмек қажет.



ҚБ. Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сендерге сабақтағы
жұмыстарың үшін алғыс білдіремін!


ӨЖ. Мектеп асханасының ас мәзірін қарастыру. Аспаздан тағамдар мен сусындардың пайдасы туралы сұрап білу.

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырмасын орындайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет