Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім шахмат ойнау 6- сынып Пән мұғалімі: Қасенова Б.Қ



Дата28.06.2017
өлшемі230,43 Kb.
#20223
түріСабақ
Іле ауданы

Жетіген ауылы

«№11 орта мектеп» МКМ

«Бекітемін»

Мектеп басшысы

Г.С.Альменова____

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім-

шахмат ойнау

6- сынып

Пән мұғалімі: Қасенова Б.Қ.



Жетіген 2016

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім – шахмат ойнау.

  1. Білімділік: оқушылардың шахмат сөзіне түсінік бере отырып,

білімдерін кеңейту..

  1. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту, өз

ойын еркін жеткізе білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға,

жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге үйрету.



  1. Тәрбиелік: оқушының шахмат ойынына деген қызығушылығын

арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: диалог, сто, ожес, акт-ны пайдалану, топтық

жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, бағалау парағы.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: “Ой қозғау” “Инсерт”

“Синквейн”



Пәнаралық байланыс: тарих, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңберін құру, бір – біріне сәттілік тілеу.

Оқушыларды топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар үй тапсырмасын өзара тексереді.

(топпен, жұппен жұмыс.) 2 тапсырма 167 бет.



ІІІ. Білімді тексеру: көсемшенің жасалу жолдарын түсіндіру. Кестені

толтыр.


  1. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • “Ой шақыру.”

  1. Қандай спорттық ойын түрлерін білесіндер?

  2. Адамның ақыл –ойын дамытатын қандай спорт түрлері бар?

  3. Жұмбақ шешу.

Төрт аты бар

Төрт пілі бар

Шайқас алаңын

Біліп ал. (шахмат)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті ісім - шахмат ойнау».

1. Шахмат сөзіне түсінік.

Шахмат – ақыл – ой спорт түрі.

Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді ( мат ) дегенді білдіреді.

Әлемдегі кең тараған ойындардың бірі саналады.


  1. Шахматтың даму тарихы.

  • Мысырлықтардың шахмат ойнау үстіндегі көрінісі.

  • Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда Европаның Албания мемлекетінде ескі шахматтар табылған.

  • Ежелгі корольдердің шахмат ойнау турнирлеріндегі көрінісі.

  • 1962 жылғы КСРО-ның почталық маркасы.

  • Шахмат әлемінің чемпиондары.

  • Шахмат – бұл өнер.

Оқулықпен жұмыс : 2 тапсырма 168 бет.

Мәтінді мәнерімен түсініп оқу



Шахмат туралы

Шахмат – ғылыми ақыл –ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымал, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің заманымызға дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынында ақ жағы мен қара жағының екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды екі ойыншы ойнайды.

INSERT құрастыру.



Білемін

+

Жаңа ақпарат

V

Басқаша ойлаймын

-

Білуім керек

?













Әр топтан оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.

Шахмат сөзіне синквейн құрап жазу.



  1. Шахмат

  2. Қызықты кең тараған .

  3. Үйретеді, дамытады, тәрбиелейді.

  4. Шахмат V ғасырда шыққан.

  5. Интелектуалды ойын.

Сергіту сәті (Қара жорға биі)

VI. Білімдерін бекіту.

I. топ. Мәтінге сұрақ – жауап құрастыру.

II. топ. Шахмат ойыны туралы диалог құрастыру.

VIІ. Қорытындылау.

Бағалау парағы.



INSERT

синквейн

Диалог

Сұрақ - жауап













VIII. Үй тапсырмасы.

Менің сүйікті ісім-шахмат ойнау. Эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет