Сыңғырла, соңғы қоңырау! Өтетін күні: 25 мамыр 2019 жыл



Дата04.10.2019
өлшемі22,47 Kb.
#49219
Байланысты:
cоңғы қоңырау

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өтетін күні: 25 мамыр 2019 жыл
Өтетін уақыты:
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіреберіс жерін баннермен безеңдіру.
Орналасуы: Мектеп алаңында сағат 10ға дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң жағында бітіруші түлектер және 1 – сынып оқушылары, алаң төрінде мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар орналасады.

Нұржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар 11-сынып түлектері және 1-сынып бүлдіршіндер. (11-сынып оқушылары мектеп алдына 1-сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).

11сынып сынып жетекшісі:Жұмабаева Мархаббат Батырбековна

1-сынып сынып жетекшісі: Мухамеджан Гулдана Жанатқызы.
Олар: 
1. Болатов Арсен Әсетұлы - аудандық пәндік олимпиада жүлдегері

2. Байсеитова Айдана Елубайқызы - аудандық пәндік олимпиада жүлдегері,

3. Бейсенбаев Ерназ Сапарұлы – «Бокс» үйірмесінің мүшесі, бірнеше сайыстардың жеңімпазы.
4. Сапаров Жандос Жанатұлы– сынып белсендісі

5 Назымбекова Аида Асанқызы аудандық,облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері,оқу екпіндісі

6 Аубакирова Аида Талғатқызы аудандық,облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері,оқу екпіндісі.

Саида: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туына теңеліңдер.

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

Нұржан: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Әр үйдің тірегі болады, жүрегі болады, тілегі болады. Тірегі -­ әке, жүрегі -­ ана, тілегі-­ бала. Ал, мектеп деген киелі шаңырақ - сан үйдің тірегінің, жүрегінің, тілегінің басын қосатын ­ алтын орда. Осыдан 11 жыл бұрын мектепке ұстаз-бағбан қолына әр әке, әр ана, әр ата мен әже жас шыбығын, бауыр еті балаларын жетелеп, әкелген болатын. Ал бүгінде сол жас шыбық өрімтал болғанын, жүрегінің жақсылық пен мейірімге толғанын, білімді, ақылды болғанын көріп, көңілдері өсіп, марқайып тұрған жайы бар.
Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1. ___________________________________________________

2.________________________________________________________

3.________________________________________________________

4.________________________________________________________

Саида: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектебіміздің директоры Құдайберген Серик Қожантайұлына береміз.

Жас ұрпақтардың қанатын қатайтып, біліммен сусындатуға өз үлесін қосып жүрген аяулы ұстаздарымызға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі беріледі.

«Жас түлек» лентасын тағу рәсімі.


Нұржан: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы


Сөз түлектердің алғашқы ұстазы __________________________ беріледі

Саида: Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Сөз кезегін түлектердің сынып жетекшісі Жұмабаева Мархабат Батырбековна беріледі
Нұржан: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1 сыныптың құттықтаулары /
Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай-ақ 2018-2019 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз мектеп директоры Құдайберген Серік Қажантайұлына беріледі

Саида: Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз __________________ сөз беріледі.

Нұржан : Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 11 сыныптардың биі /

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда үміт тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болдыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп

Тапсырамыз «алтын кілтті»


Білімнің алтын кілтін 11 сынып оқушысы Болат Арсен Әсетұлы, 10 сынып оқушысы Аубакирова Саида Талғатқызына тапсырады.

Нұржан: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Әң: «Қош, бол мектебім» түлектердің орындауында.

----------------------------------------------------------------------------
Саида:Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы Назымбекова Адия Асанқызы мен 11 сынып оқушысы Болат Арсен Әсетұлына беріледі.
Нұржан: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Саида: Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата - ана ақ батасын арнасын – дей келе _______________ ақ батасын түлектерге арнайды.
Нұржан: Құрметті жас түлектер!
Сәт - сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасу вальсін айтып тұрып.

«Қоштасу вальсі» мұғалімдер мен 11-сынып түлектерін ортаға шақырылады



Қызылтаң орта мектебі

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

бағдарламасы

жауапты: Байсеитова С.А.

2018-2019оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет