Ана тілі
(1 сынып)
Азанова Гүл Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже. Наурыз тойы.
Сабақтың мақсаттары, білімділігі: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға
лайықтандыру.
Дамытушылығы: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді
сөйлем ішінен таба білуге жаттықтыру, оқушылардың өздеріне
тұжырымдар жасатып, өз ойларын дәлелдеуге төселдіру.
Тәрбиелілігі: Салауаттылыққа, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі жазуға тәрбиелеу,
халықтық педагогикаға сүйене отырып, ұлттық ойындар арқылы
оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін
тиянақтау. Оқушыларды өз бетімен шешім қабылдауға, іс – әрекет жасауға
баулу, өмірде икемділікке, ептілікке, имандылыққа, талдғампаздыққа
тәрбиелеу. Оқушыларды өз бетімен шешім қабылдауына, оқу кезінде алған
ұғымдарын ойын әрекеттері үстінде тиімді пайдалана білуге, сабақ үстінде
ойын элементтерін үйрету, арттыру.
Көрнекіліктері: Сөзжұмбақ, «Наурыз», Наурыз бала суреті, жыл аттары суреттері, тест
сұрақтары, кестелер, «Домбыра құрастыру» ойыны, наурыз көженің 7 түрлі
тағамы (бидай, тары, жүгері, сүр ет, қойдың басы, сәбіз, жуа, тұз)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, проблемалық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Наурыз жыл басы. Самалық 150 - жаттығу. (өлеңді 3-4 оқушыдан сұрау)
- Жыл аттарын кім айтып шығады?
- Қазақша жыл басы қай ай?
- Наурыз
- Жаңа жылды қазақтар қашан қарсы алған?
- Наурыздың 22-сі күні
- Бұл күні күн мен түн қайтеді?
- Күн мен түн теңеледі.
- Бұл күні даланы кім аралайды деседі?
- Қызыр баба аралайды.
- Ол кім?
- Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпіндегі қиял – ғажайып
бейне. Оның назары түскен жер жібіп, тасқа түссе, оны ерітіп кетеді дейді.
- Саумалық турады кім айтады?
- Жаңа жыл туып, алғашқы күн күркірегенде, көк шыққанда, мал төлдеп, сүт көп болғанда ел
ішінде үлкендер саумалық айту дәстүрін жалғастырған.
Үлкен кісілер: Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, саумалық
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Ауыл аналары табалдырыққа жаңа сауған сүтті құйып қойып, былай деген:
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кіреді,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Осыны айтып үйдегі ескі ыдыстарды сындырып «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған. Саумалық деп жаңа сауған саумал сүтті айтқан.
Өз бетімен жұмыс: 150 – жаттығуды тексері.
Ит үрді. Қасқыр ұлыды. Қозы маңырады. Сұрақ қою.
Сергіту жаттығуын жасау.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Біп – биік боп өседі.
3. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу.
1) Бәрімізге ең жақын адам? (Ана)
2) Мерекеде желбіретіп алып шығатын зат? (Жалау)
3) Турағанда көзімізді ашытатын не нәрсе? (Жуа)
4) Атқа мінерде не саламыз? (Ер)
5) Төрт түлік малдың бірі? (Жылқы)
6) Қарға түскен адамның аяғы? (Із)
Тігінен қандай сөз шықты?
Наурыз (наурыз сөзі иран тілінің «ноу – жаңа, руз - күн» деген сөзінен шыққан.)
Наурыз мерекесінде не пісіріледі?
Наурыз көже.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз «Наурыз той», «Наурыз көже» тақырыбына арналады.
Балалар, бүгін бізге «Наурыз бала» қонаққа келіп отыр. (тақтаға іліп қою)
Наурыз бала бізге көптеген тапсырмалар, ойындар әкеліп оытр, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға әкелген сыйлықтарым бар дейді.
Жаңа сабақты түсіндіру.
А) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Ә) Наурыз көженің қалай жасалатындығы туралы түсіндіру.
Өткен сабағымызда біздер қазақ елінің Наурызды қалай қарсы алғаны жөнінде айттық.
Наурыз күні наурыз көже 7 түрлі тағамнан пісіріледі.
Соғымнан қалған сүр ет
Қойдың басы
Сүт
Езілген құрт
Бидай (тары, жүгері, күріш)
Жуа, сәбіз
Тұз
Қойдың басын ауыл ақсақалдары ұстайды, ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп тойып ішеді. Көже ішіліп болған соң ауылдың ақсақалдары қол жайып:
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде.
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын.
Қораң малға толсын,
Дәулетіңді асырсын.
Дұшпаның басылсын,
Менің берген бұл батам.
Ұлыс күніне сақтап жүрген сүр батам – деп бата береді екен. Жұрт «Аузымызды ақтан айырмасын, Етті уақытысымен көрсетсін», - деп үйлеріне тарасады екен. Наурыз көжедегі қойдың басы мен сүр ет – қыс тағамымен қоштасу, ал сүт, құрт қосылуы – жаз тағамды қарсы алу, дәнді дақылдардың қосылуы – нан мол болсын дегені.
Сөздік жұмысын жүргізу:
«Таспен атқанды аспен ат»
Наурыз күні адамдарда реніш болмау керек.
«Ұлық күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш».
Тас атқанға – ас ат деген нақыл сөздерді ту етіп, ренжісіп, араларына жік түскен ағайын елдерді ақсақалдар, билер бір дастарханнан дәм татқызып, бір – бірімен табыстырып, татуластырған.
Өлеңді мәнерлеп оқыту. (барлық оқушылар тізбектей оқып шығады)
Сергіту жаттығуын жасау.
Дәптермен жұмыс. 151 – жаттығу
Сұрақтың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемді көшіріп жазу.
Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызу.
Не істеді? Сұрағы белгілі бір жұмыс барысына байланысты қойылады. Ондай жұмыс түрлері әдетте пайдаланыпеңбек болуы керек. (өсірді, тікті, жазды)
Не қылды? Қайтті? Сұрақтары жұмыс барысын жасай алмайды, олар заттар мен құбылыстардың әр түрлі қимыл – әрекетін білдіретін сөздерге қойылады. (үрді, жанды, жауды)
Наурыз күні қандай ұлттық ойындар ойналады?
Наурыз күні түрлі ұлттық ойындар ойналады.
Мысалы: Көкпар, аударыспақ, ақсүйек, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай.
Олай болса, қазір «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз.
Заттың қимылын білдіретін сөздердің болымды – болымсыз түрлерін ата. Ойнады – ойнамады (болымсыз түрі ма, ме, ба, бе, па, пе)
Заттың атын білдіретін сөзге қимылды білдіретін сөз қосып айту. Бала ойнады, құс ұшты т.б.
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
Бас әріппен жазылатын сөздерді табу.
Айдана Ақтөс Тарақ Сиыр Маңғыстау Бейнеу
(Осы ойын арқылы ережені қорытындылау)
4.Сабақты бекіту.
Сонымен бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?
Наурыз көженің қалай жасалатынын білдік пе?
Наурыз көжеден басқа қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
Ірімшік, тасқорық (отқа 5 – 6 тас тастап, ол қызғанша 3 – 4 қой сауып, сүтке қызған тасты бір – бірлеп салып отырып пісіру, уызқағанақ, құрғақ сүт).
«Домбыра құрастыру» ойыны
Адамға байланысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Заттар мен жануарларға ше?
Қандай сөздер бас әріптен бастап жазылады? (оқушылар Наурыз мерекесіне тілектерін айтады)
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |