Қосалқы тарихи пәндер



Дата07.02.2022
өлшемі29,15 Kb.
#84445
Байланысты:
сөж косалкы 5 с


Абай атындағы Қазақұлттық педагогикалық университеті
Қосалқы тарихи пәндер
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақша жыл қайыру ерекшеліктері. Орыс хронологиясы.


Орындаған:5В011400-тарих
301 группа
Әлімхан Жанель

Қазақша жыл санау


Мақаланың дыбысталған нұсқасы (18 қараша 2014 ж.)
Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады. Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады. Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.
Тышқан. Үсті басын таза ұстайды. саяқ жүргенді көңілі қалайды. Думан - той, ырду - дырдудан іргесін аулақ салуға тырысады - Тәкәппар.
Сиыр. Ұстамды. Өз қайғысы мен жақын - жуықтарының қайғысына қатты күйзеледі. Кімге болсын көмегін тигізуге асығады, бірақ кейде мұнысы залалын тигізіп те жатады. Олар мұның жақсылық қайырымын тез ұмытады және қиыс басқан қадамына кешіріммен қарайды.
Барыс. Қызба. Ашуланшақ, ешнәрсеге көңілі толмайды; егер ол әлдебір істі қолға алар болса, онда оған бөгет жасама, бетіңнен ала түсуі мүмкін; менмендеу әрі басқаға билік жүргізуді ұнатады.
Қоян. Қорқақ. Сыр сақтай алмайды, кез - келген нәрседен өз - өзінен үрейленіп жүргені; байсалды істе өз бетімен шешім қабылдай алмайды, көңіл күйіне қарай әрекет етеді.
Ұлу. Үлкен істер атқару қолынан келеді; тұйық мінездің адамы; көбінесе үнсіз жүруді ұнатады, барынша қарапайым көрінуге тырысады. Байсалды, істі өз ақылымен оңаша шешуге бейім. Құпияны сақтай біледі.
Жылан. Сыртқы болмыс - бітімі ұяң; маңызды істерден қашқақтап жүреді, оның басына пәле боп жабысатын нәрсе - тілі. Құпияны сақтай біледі.
Жылқы. Жұмыс істеуден жалықпайды. «Жұмыс» аты тәрізді. Ертеден қара кешке дейін тыным таппай тыпырлайды да жүреді...
Қой. Алған бетінен қайтару қиын... Болмашы нәрсеге ашу шақыруы мүмкін, сондай сәттерде өзіне де, жанында жүрген жолдасына да қауіпті.
Мешін. Өзіне - өзі ғашық. Сәнқой, өзін өзгеден артық санайды. Ырду - дырдуы көп, көңілді бас қосуларға, үйірсектеу келеді.
Тауық. «Үйкүшік»Үй - үйелменіне үнемі қамқор боп, құрақ ұшып жүргені; тұрмыста адал, кез - келген адаммен тіл табысып кете барады...
Ит. Сөзшең. Талас - тартыс, дау-дамайға араласып кеткенін өзі де білмей қалады.
Доңыз. Көп нәрсеге бас қатырып ойлана бермейді. Оңаша, табиғат аясында болғанда, бау - бақшада еңбек еткенді және көңілді кештерді ұнатады. Бұлардың әдетте отбасында бала-шағасы көп болады.Орыс мемлекетінің отарлық саясаты нәтижесінде құрылған. Петр І 1721 ж. Ресейді империя деп жариялады. XVIII — XIX ғасырларда Ресей империясының құрамына Балтық бойы, Украина, Белоруссия, Польшаның шығыс бөлігі, Бессарабия, Солтүстік Кавказ, Финляндия, Сыртқы Кавказ, Орталық Азия аумақтары күшпен енгізілді. Ресей империясы XVIII ғасырдың 2-ширегінен бастап қазақ жерін отарлауға кірісті.
XIX ғ-дың соңына қарай Ресей империясының жерінің аумағы 22,4 млн км², тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша 128,2 млн. (оның 43%-ы орыстар) болды.
Ресей империясы XX ғасырда 81 губерниядан және 20 облыстан тұрды. Губерниялар мен облыстардың бірқатары ген.-губернаторлықтарға біріктірілді. Бұхар және Хиуа хандықтары Ресей империясының вассалдары болды. 1914 ж. Уранхай өлкесі Ресей империясының протекторатына айналды. Ресей империясы монархиялық мемлекет болып, онда Романовтар әулеті билік жүргізді. Мемлекеттік тілі орыс тілі, діні христиан дінінің провославия тармағы болды. Патша өкіметі Ресей империясындағы орыс емес халықтарды рухани тұрғыда отарлауға, шоқындыруға ерекше мән берді.
Ақпан революциясы нәтижесінде Ресей империясы құлап, орнына Кеңес өкіметі орнады.


Пайдалаған әдебиеттер:

  1. Пе “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  2. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет