Сабақ №, тақырыбы №6. Версаль-Вашингтондық жүйе қаншалықты тұрақты болды? Оқу мақсаты



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,55 Kb.
#83956
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
[Template] 6-сабақ. 9-сынып джт 1т


Сыныбы

9 сынып

Пәні

Дүниежүзі тарихы

Мұғалімнің аты-жөні

Темирханова Алия Бекешевна

Оқулық

Алдабек Н. Т.б. Дүниежүзі тарихы. - Алматы: Мектеп, 2019. – 216б.

Сабақ №, тақырыбы

№6. Версаль-Вашингтондық жүйе қаншалықты тұрақты болды?



Оқу мақсаты



8.3.2.2 әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро - Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау;
8.3.2.4 Ұлттар Лигасының қызметі мен Версаль-Вашингтон жүйесін талдау және бағалау



Оқушының аты-жөні






Күтілетін нәтиже:

  • Әлемнің саяси картасындағы өзгерістер мен олардың себептерін анықтайды.

  • Соғыстың нәтижелерін талдайды.

  • Тарихи оқиғаларды салыстырып, бағалайды.




Ресурстар:

«Дүниежүзі тарихы» оқулығы 1-бөлім Мектеп 2019жыл 40-47 - беттер

Сабақ барысы:

АҚШ президенті В. Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты рөл атқаруы ең қызу мәселелердің бірі болды. Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мемлекет — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді. Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысына мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919 жылғы мамырда Ұлыбритания мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қамқоршы ретінде мандат алды және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды. Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысын басқару ісі 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германия иелігіндегі Польша жері (Познань, Пруссия мен Померания аудандары) Польшаның өзіне қайтарылды. Бельгия, Дания, Литва елдері Германия қарамағындағы өз жерін қайтарып алып, аумақтарын кеңейтті. Версаль бітімшарты Германиядан дүниежүзілік соғысты ушықтырушы ел ретінде төлем өтеуін талап етті және оған әскери шектеулер қойды. Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия репарациялық төлем (лат. reparatio — орнына келтіру) төлейтін болды. 19 Германияға әскери флот, авиация, жаяу әскер ұстауға тыйым салынды. Армияның қызметі тек мемлекеттің ішкі тәртібін сақтауға ғана бағытталды. Германия делегациясы 1919 жылы 28 маусымда Версаль шартына қол қойды. Германияның одақтастарына әскери шектеу белгіленді. Олар да төлем төлеуге міндетті болды. Версаль жүйесі арқылы Франция Еуропадағы басым жағдайын, Ұлыбритания Таяу Шығыста және теңіздегі үстемдігін қамтамасыз етті. АҚШ делегациясы Париж конференциясында көздеген мақсаттарына толық жете алмады. Париж бітім конференциясынан кейін отарлы державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит алабындағы қайшылықтарын реттеу қажеттілігі туды. Вашингтон конференциясы 1921—1922 жылдары өтті. Оған АҚШ-пен бірге Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты. Кеңестік Ресей Тынық мұхиттағы ірі держава болғанымен, конференцияға шақырылмады. Конференцияның жұмысы үш негізгі келісімшартқа қол қоюымен аяқталды: 1. «Төрт держава келісімі» (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия). 2. «Бес держава келісімі» (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жапония, Италия).3. «Тоғыз держава келісімі» бойынша Вашингтон конференциясына қатысушы мемлекеттер Қытай аумағына қол сұқпауға, барлық елдер үшін Қытай аумағының есігі ашық болғандықтан, оның тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлауға келісті. Шаньдун түбегі Қытайға қайтарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет