Сабақтың тақырыбы: «Не тәтті?» Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі23,65 Kb.
#28914
түріСабақ
Пәні: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Не тәтті?»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Анаға деген махаббатын ояту.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың буындап, анықтап оқуын, сауатты жазу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тіл байлықтарын дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: елжандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік құралдары: Г. Мүсірепов суреті, оқулық, отбасы мүшелерінің суреті, қима қағаздар, әріптер.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типологиясы: аралас сабақ.

Сабақты оқытудың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, іс жүзінде, жаттығу, түсіндіру.

Сабақты оқытудың формасы: ұжымдық, жеке.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ғ. Мүсіреповтың «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» өлеңін жаттау.

ІІІ. Өткен материалдарды жан-жақты сұрау, тексеру. Жаңа тақырыпты игеруге дайындау. Мынау не? Әріп қандай?

  1. Әріпті не істейміз? Көзімізбен көреміз, қолымызбен жазамыз, құлағымызбен естиміз. Оқып көрейік.

  2. Әріптен не жасаймыз? Әріптен буын жасаймыз. Буыннан сөз жасаймыз. Сөзден сөйлем құраймыз. Сөйлем бас әріптен бастап жазылады. Соңына нүкте қойылады.

  3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 –ге. Қандай болып? Жуан және жіңішке.

  4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3-ке. Қатаң, ұяң және үнді.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. «Отбасы» тақырыбына тірек сызба пайдалану арқылы сабақтың мақсатын қою.

Ү. Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқулықпен жұмыс. Күннің реті. Жаттығу. Жуан мен жіңішке айтылған сөздерді ажырату, дәптермен жұмыс.

«Не тәтті?» мәтінді түсіндіріп, тізбектеп оқыту. Мазмұндау. Жиренше шешенге түсініктеме беру. Екі баланың жауабын салыстыру.



ҮІ. Жаңа тақырыпты қалай түсінгенін тексеру. Жаңа тақырыпты тиянақтау.

Сұрақ-жауап: Не тәтті? Не жұмсақ? Екі баланың жауабы? Балдан да тәтті ананың сүті. Мақта жұмсақ бірақ мақтаданда ананың қолы жұмсақ екен. Жиренше шешен сөзге шебер, сөзден жеңілмеген, шешілмеген сұрақтардың шешімін шешіп отырған шешен болған екенін өздеріңнен сұрап білемін.



Сергіту сәті


Ана
ҮІІ. Сабақты қорытындылау кезеңі. Сабақты қорытындылау, бағалау. Бүгін сабақта не білдік? «Не тәтті»

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру, бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет