Сабақтың тақырыбы: Негіздер. №8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»



Дата31.08.2023
өлшемі52,5 Kb.
#180058
түріСабақ
Байланысты:
негіздер зерт


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4А

Мектеп: Өркен орта мектебі КММ



Сабақтың тақырыбы: Негіздер.
№8 зертханалық тәжірибе
«Негіздердің қасиеттерін зерттеу»



Мұғалімнің аты-жөні: Қайырғалиқызы Н

СЫНЫП: 8а,ә

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Негіздердің анықтамасын жіктелуін біледі, формуласына қарап ажырата алады, алу әдістерін біледі.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: номенклатурасын бойынша атай алады. Құрылымдық формулаларын жаза алады. Алыну әдістерін біледі.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Осы алған білімдерін тапсырмалар орындағанда, есептер шығарғанда қолдана алады.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
3-мин

1.Ұйымдастыру.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3. Топтарға бөлу.
4 Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қышқылдар дегеніміз не?
2. Неге қышқыл деп аталады?
3. Жіктелу жолдары.
4. Оттекті қышқылдарға мысалдар
5. Оттексіз қышқылдарға мысалдар
6. Сутек атомының санына қарай жіктелуі
7. Қышқыл қалдығының валенттілігін қалай анықтайды?
8. Индикаторларға әсері

2. «Химиялық эстафета»


1) SO3 + …… H2SO4
2) CuO + …… CuCl2 + …….
3) KOH + H3PO4 …….. + …….
4) HNO3 + CaCO3 …….. + …….

интерактивті тақта.

Сабақтың ортасы



Негіздер дегеніміз - құрамында бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар.
Негіздер суда ерігіштігіне қарай былай бөлінеді:

Негіздер




суда еритін (сілтілер)
LiOH Ca(OH)2 Ba(OH)2




суда ерімейтін
Сu(ОН)2 Ғе(ОН)2
Ғе(ОН)3




екідайлы
Zn(ОН)2 Аl(ОН)3 Ве(ОН)2

Негіздердің физикалық және химиялық қасиетері: Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.
Тапсырмалар
1.Химиялық айналымды жүзеге асыр :
Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСО3
Cu → СuO → CuCI2 → Cu(OH)2→ CuO
2. Массасы 196г мыс(ІІ) гидроксиді ыдырағанда мыс (ІІ) оксидінің қандай зат
мөлшері түзіледі?
Жауабы: 2 моль.

8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу»





Оқулық,
мәтіндер,.

Сабақты пысықтау және бекіту

1. Төмендегі қосылыстардың ішінен негіздерді тап, атын ата.
CuO, KOH, HCl, Zn(OH)2, MgS, NaOH, HF, HNO3, Fe(OH)3, AlN.




Кері байланыс



«Білім қоржыны» кері байланыс



Сабақтан алған әсер-лерін стикерге жазып, қоржындар-ға жабысты-рады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет