Сабақтың тақырыбы: Негізгі және көмекші сөздер



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,38 Kb.
#89684
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
f5f9b80c7737790


Сабақтың тақырыбы: Негізгі және көмекші сөздер
Қазақ тіліндегі сөздер мағынасы мен қызметіне қарай негізгі сөздер және көмекші сөздер болып, үлкен топқа бөлінеді.
Негізгі сөздер деп дербес лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және сөйлемде өздігінен мүше болып қызмет атқара алатын сөздерді айтамыз.
Негізгі сөздер — заттардың, құбылыстардың, олардың түр түсінің, саны-сапасының, мезгіл-мекенінің, ic-қимылының аты. Олардың әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналары болады. Мысалы, күн, жер, кітап, гүл, он кел, боран бүгін, көк, сегіз т.б.
Көмекші сөздер деп_дербес лексикалық мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынасы ғана бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алмайтын (бірақ оның құрамына енетін), тек негізгі сөздердің арасына дәнекер ғана болатын сөздерді айтамыз. Мысалы, де, үшін, — e, em, дейін, туралы соң, арқылы, және әрі, я т.б.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздер өзгермейтін, үнемі бірқалыпты тұратын нәрсе емес. Олар да ұдайы карым-қатынасқа түсудің нәтижесінде бір топтан екінші топқа ауысып отырады, демек, негізгі сөздер көмекші сөздерге айналып отырады, тіпті кейде бір сөздің өзі әрі негізгі сөз ретінде де, әрі көмекші сөз ретінде де қолданыла беріледі. Мысалы: үсті (жол үсті) асты (үйдің асты), қас (үйдің қасы) ал (ды) (есік алды) іші (ел іші), сырты (үйдің сырты) сияқты сөздер ездерінің бастапқы лексикалық мағыналарын сақтай отырып, негізгі сөздер ретіңде (ол үсте турады, күрек сыртта тұр, іште шелек) жұмсалуымен қатар, бірте-бірте сол мағыналарын солғындатып, олар өзіне тән ерекшелігі бар көмекші сөздер категориясына (жер астынан, есік алдында, үй ішінің т. б.) айналған.

Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде аналитикалық байланысу тәсілінің бір түрі ретінде сөздердің шылаулар арқылы тіркесуі берілген. Бірақ сөз тіркестеріндегі сөз бен сөз тек шылаулар арқылы ғана байланыспаса керек. Осы мәселеге келгенде, қазақ тіл білімінің синтаксис саласын зерттеуші ғалымдардың пікірлерінде әртүрлі көзқарастар бар. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерін алғаш жүйелі түрде жан-жақты зерттеген М. Балақаев шылаулармен қатар сөз тіркесінің аясына көмекші есімдерді де қосады. Ал, профессор Т. Сайрамбаев сөз бен сөзді байланыстырушы құралдардың қатарында көмекшілердің ішінен шылауларды, көмекші есімдерді, көмекші етістіктерді және модаль сөздерді атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет