Қазақ тілі
|
ІІІ тоқсан
|
5 сынып
|
|
Нәтиже сабақ «Қысқы қызықтар»
|
Мақсаты:
|
а) білімдік: «Қыс» тақырыбы бойынша өткенді бекіту, бағалау парағын толтыру арқылы не оқып білгенін анықтау; сауатты жазуға және сөйлеуге үйрену;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу
|
Міндеттері:
|
Топта, жұпта жұмыс жасауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың тіл құзырлығын қалыптастыру;
|
Күтілетін нәтиже:
|
Көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады.
Бір - біріне сұрақтар қояды
Пікірлерін айтады.
Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
|
Негізгі идея
|
Түрлі тапсырмалар орындап оны бағалау арқылы оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек, қажетті деңгейге қалай жету кереку екендігін анықтау.
|
Кезеңдер
|
уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі.
|
3 мин
|
1.Амандасу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Ақ қағазға бір - біріне тілек жазады. Одан кейін ол қағазды мыжып бір- біріне лақтырып қар атысып ойнайды. Қолына түскен тілекті оқиды.
|
Топқа бөліну
|
2 мин
|
Қағаздың бір бұрышында сандар жазылған сол бойынша үш топқа бөлінеміз
Сабақ бойы өздерінді «Бақылау парағы» арқылы бағалап отырасыңдар
|
Үстелдерде көрсетілген сандар бойынша үш топқа бөлінеді
|
Уәждемелік кезең
|
3 мин
|
Слайдқа назар аударыңдар.
Тақырыпты анықтау:
- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
|
Слайдты тамашалап тақырыпты анықтаймыз
|
Қызығушылықты ояту
|
10 минут
|
Постерді жасау
Бірінші тапсырма өздерінің тақырыптарына сәйкес постер жасап қорғайсыңдар. Постерді жасауға 5 минут беріледі
Қорғау (2 мин)
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» (2 мин)
Бақылау парағын толтыру
|
Топпен жұмыс жасайды
І топ «Қысқы ойындар»
ІІ топ «Қысқы мерекелер»
ІІІ топ «Қысқы табиғат»
Постерді топпен қорғайды
Басқа топтың жұмысына баға береді
Өзіне «+» немесе «-» қояды
|
Мағынаны тану
|
10
|
1.Деңгейлік тапсырмалар беріп оларды қалай орындағанын бақылау
Тексеру (бақылауға алған оқушыны тексеру)
(А) ... оқып шығады
(В)
(В)оқушы өзі тапсырманы қалай орындағанын оқып шығады
басқалардан сұрау:
-Сен келісесің бе?
-Сенікі қалай?
- Енді өздеріңнің қателеріңді слайдқа қарап түзетіп алыңдар
слайдттағы дұрыс нұсқасымен өзін тексереді
(С) ...
(С)орында отырып тапсырманы жасайды
интерактивті тақтада (С оқушы)дұрыс жасап көрсетеді
2.Бақылау парағын толтыру
|
1.Деңгейлік тапсырмалар орындайды
(А) «Сөйлемді аяқтау»
1. Шаңғы тебуден жарыс өтті ...
2. Қысқы демалыста ...
3. Маған қыс мезгілі ұнайды, өйткені ...
(В) Жақша ішіндегі сөздерді аудар
1. (У Марата) коньки бар.
2. Мен бүгін досыммен (на каток) барамын.
3. Біз аққаланы (с учительницей) жасадық.
4. (На земле, на деревьях) қар жатыр.
(С) Сәйкесін тап
ақ қар
жасыл шырша
қысқы мерекелер
қатты мұз
тұңғыш Президент
жылы қолғап
мейірімді Аязата
тәтті сыйлық
Өз жұмысын бағалайды: Өзіне «+» немесе «-» қояды
|
физминутка
|
2 мин
|
«Атом мен молекула» ойыны арқылы жұпқа бөліну
|
Молекулар «үштен», «төрттен», «екіден» деген сөз естігенде, айтылған санға сәйкес екі-екіден, немесе үштен бөлінеді.
|
Бекіту
|
3 мин
|
1.«Қыс» тақырыбына диалог құру
2.Бақылау парағын толтыру
|
Өз жұмысын бағалайды: Өзіне «+» немесе «-» қояды
|
Бағалау
|
5 мин
|
Тест сұрақтарын таратады
Бақылау дәптерлеріңді ашып, тест деп жазыңдар. Тестті шешуге 3 минут беріледі
|
1.Тест шешу
2.Тестті өзара тексеру
3.Өзара бағалау
|
Үй жұмысы
|
2 мин
|
(А) мен (В) кроссворд құру
(С) «Қыс» тақырыбына жұмбақтар жазып әкелу
|
|
Рефлексия
|
3 мин
|
Шыршаны әр түрлі: қызыл, сары, көк ойыншақтармен безендіреді
|
«Қызыл» - бәрі түсінікті, көңіл-күйім тамаша;
«Сары» - қызықсыз;
«Көк» - ешнәрсе үйренбедім
|