Бөлім: «Отбасы құндылықтары»
|
Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?". Келіңдер, ертегі айтып берейін
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: «Нағыз әже қайда?» шығармасының жанрын, сюжеттік дамуын сипаттау, шығарма мазмұнын түсіну;
Көпшілігі: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;
Кейбір оқушылар: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
|
Бағалау критерийі
| -
Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;
-
жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
1.Ұршық. 2. Мәсі 3. Кимешек 4. Шылауыш 5. Сөзуар 6. Бүйректен сирақ шығару 7. Нанымды.
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
қиялыңдағы әже, нағыз әже
Талқылауға арналған сұрақтар:
Нағыз әже қандай болу керек?
|
Алдыңғы білім
|
Отбасы ұғымын, туыстық атауларды түсініп, ажырата алады.
Ақын Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесін аңыз әңгімелерден, әдеби шығармалардан біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жарқырап күнде ашылды.
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену.
Еңбек ете жұмылып, 5 - ке қолды жеткізу.
Қызығушылықты ояту. Балалар, бұл киімдер кімге арналған? Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
-
Балалар, суретте кім бейнеленген?
-
Сендердің ойларыңша, әже деген кім?
-
Нағыз әже қандай болу керек?
-
Өздеріміз білетін әжелер туралы айтып берейік?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
|
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар өздері білетін адамгершілік туралы мақал-мәтелдерді айтады.
Оқушылар суреттерге байланысты өз ойларын ортаға салып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
ҚБ
|
5-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану. Мұғалімнің түсіндірмесі:
Жаңа сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Нұрдаулет Ақыш (1950 жылы туған)
2. “Нағыз әже қайда?”әңгімесін оқыту
«Микрофон сөйлейді»әдісі арқылы сұралады.
Сөздікпен жұмыс: Дәптермен жұмыс
Дескриптор:
ҚБ
Тапсырма. «Адасқан үзінді» әдісі бойынша әңгіме үзінділері беріледі. Әрқайсысың әңгіме желісі бойынша әңгімені оқи отырып үзінділердің ретін анықтап, түсіндіріңіздер.
1-үзінді
Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік... Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам...
2-үзінді
-Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді:
-Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша...
3-үзінді
Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті...
4-үзінді
Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді.
Дескриптор:
|