Қалашылар, қалашылар келеді! Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, деді бір қартаң қатын. Бәсе, Телғара ғой жаным-ау, мынау Телғара! Әпкеме айтайьшшы



Дата23.09.2022
өлшемі21,47 Kb.
#150491
Байланысты:
Абай жолы
Гранттар тізімі 2022

Автор: Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты, аттарын қан сорпа қылған қалпында, кешкі екінді кезінде Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді. Көлқайнар суы мөлдір мол бұлақ болғанмен, кең коныс емес. Жайлауға қарай, Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт ауылы қоныпты. Бұның бәрі «Құнанбай ауылы» деп аталады. Өзінің ауылы мен жақын туысқандарының ауылдары.
Етектерін белдеріне қайырып түріп алған, алжапқыш тартқан қалыптарымен, қолдарына шелектерін ұстасып, жүргіншілерге қарап:
- Қалашылар, қалашылар келеді! - Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, - деді бір қартаң қатын. - Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме айтайьшшы, - деп, тағы бір жас қатын, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Ұлжан:- Әй, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып: - Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Кекету ме, жоқ күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?
Абай: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен: - Шүкірлік, әке, - деп біраз тұрды да: - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді.
Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып: - Өзі, тіпті, көшелі кісі боп қапты! - дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға: - Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам!деді.

Қалиқа деген бір жеңгесі: - Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді.
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп: - Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Ұлжан көп ұстаған жоқ. - Әжеңе бар, әнеки!
Зере:- Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан ілезде: - Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.

Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын, шеше, жеңгелері баладан:


- Елді сағындың ба, кімді сағындың?
- Молда болдың ба?
- Оқып болдың ба?
-Кімді сағындың?


Абай: - Оспан қайда? Ол қайда жүр?
Ұлжан : - Е, жүр-дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуміз қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады
Әжесі : - Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім
Абай: - Әже-ау, былтыр мұндай емес ең... Құлағыңа не болған, неге естімейсің?
Әжесі: - Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды?
Абай: - Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді?
Әжесі: - Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады,
Айғыз - Үшкірсе, мына балаң молда боп келді ғой. Үшкірт балаңа, - деп, күлді.
Әжесі: - - Үшкірсін, баласы үшкіріп берсін
Абай: Юзі раушан, көзі гауһар,
Лағылдек бет ұшы ахмар.
Тамағы қардан әм биһтар
Қашың, құдрәт, қоли шиға. –

Мұбада болса ол бір кәз
Тамаша қылса юзма-юз...
Кетіп қуат, юмылып көз,
Бойың сал-сал бола нига? –
«су-ф!»
Абай күлместен, мысқылдай қарайды. Әжесіне жабысып отырып:
- Қалай, құлағың ашылды ма? - деді.
Әжесі: - Е, жақсы боп қалды. Өркенің өссін, балам! -деп әжесі алғыс айтты
Ұлжан: - Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың, немене? - деді.
Қамысбай: - Абай шырағым, сені әкең шақырып жатыр, - деді.
Қаратай. - Осы, ана ЬІсқақ бір жошын! Біртүрлі пысық та, сергек неме! – деді.
- Ол әлгі Күнкенің қолыңдағы ма? - деп сұрап алып,
Бөжей: - Рас, құлдырап тұр! - деді.
Байсал - Иә, рас-ау, соның оты бар! - деп, Байсал да қостады. Мұның бәрі қиялап айтқан Құнанбайдың қошеметі.
Құнанбай Абайға қарап: - Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді.
Бөжей мен Байсалға қарап: - Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? - деп, аз күліп алды.
Қаратай күле отырып: - Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып: «Құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!..» депті. Сонда шешесі: «Ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, мынау: «Ойбай, онысы тағы бар ма еді?», деп жылауын тыя қойып, шыдай беріпті, -

Абай - Өй, не дейсің? - дей беріп еді
Оспан атып тұрып, мұны бассалып құшақтап: - Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған!.. - деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдың аузын аштырмай, шалқалатып жыға берді.
- Бақа! Бақа салып жібердім көйлегіңе
Сүйіндік Байсалға күбір етіп: - Жаным-ау, каскыр бала мынау ғой! - деді.
Байсал :- Құж, десеңші. Мынадан ба, мынадан шығар-ау! - деп Байсал да күңк етті.
Кұнанбай атшабарға қатты әмір етіп: - Бар, алып кет қарғыс тигенді!
Майбасар Қаратайға көз тастап, бір езуін тартып, басын шайқады.
- Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бір-ақ айрылды-ау!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет