Тақырыбы: Төрт түлік мал. 2 сынып Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі32,94 Kb.
#26132
Тақырыбы: Төрт түлік мал. 2 сынып

Мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілін әрі қарай дамыту

үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын кеңейту.

Сөздерді қосып сөйлем құрастыру

Фонетикалық жаттығулар арқылы дыбыстарды анық

дыбыстауына үйрету.

2. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, математика сабағымен

байланыстыра отырып, ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды үй жануарларын, қоршаған ортаны сүюге

тәрбиелеу. Ата-бабамыздан келе жатқан нақыл сөздердің

мағынасын түсініп есте сақтау және орындауына тәрбиелеу.



Көрнекілігі: үй жануарлардың суреті, сөзжұмбақтар, жаңа сөздер, үлестірме

материал, Қуырмаштың суреті.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру.

Оқыту формалары: жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдеп, дүниетану.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқүшылармен сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Қазір қандай жыл мезгілі?



- Көктем.

- Көктем айлары қандай?



- Наурыз, сәуір, мамыр.

- Қазір қандай ай?



- Сәуір.

- Бүгін аптаның қай күні?



- Сәрсенбі.

- Кім сыныпта жоқ?



- ...... ..... жоқ.

ІІ. Негізгі кезең

  • Бүгін сабақта біз үй жануарлардың әлеміне саяхат жасаймыз.

  • Балалар парталарында төрт түрлі фигуралар жатыр. Бұл фигуралар бізді бағалайды: өте жақсы десем – дөңгелек фигураны өзіне аласыңдар, жақсы десем – төртбұрышты аласыңдар, дұрыс емес десем – үшбұрышты аласыңдар. Сабақтан кейін бәрін санап, қайсысы көп сол баға шығады.

  1. Фонетикалық жаттығу – ойын «Жаңғырық» (2 мин.)

Оқушылар, мұғалім көрсеткен суреттегі сөздерді қатты, орташа, төмен дауысымен дауыстайды, мысалы :

Түйе –– дауысын шығарып, қатты дауыстайды

Түйе – орташа дауыстап айтады

Түйе – төмен, әрен естілетіндей дауыстайды.



2. «Үй жануарлары тақырыбына» диалогтарды алты бала екеуден айтып береді.

Ойын «Дауысын салайық»

Мұғалім суретті көрсетеді, оқушылар оның дыбысын салады, мысалы:

Мысық – мәу-мәу-мәу

Ит – ау-ау-ау

Сиыр – мө-мө-мө

3.Тапсырма: Суреттердің сөздерін тап. Бір жағында суреттер, екінші жағында сөздер. Оқушылар сөздерді сурет астына қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. - Балалар, біз үй жануарларын білеміз. Олардың төлдерімен және балаларымен танысайық (тақтада төлдері және балалары бар малдар, астында олардың атаулары).



Түйенің төлі – бота

Жылқының төлі – құлын

Сиырдың төлі – бұзау

Қойдың төлі – қозы

Ешкінің төлі – қошақан

Иттің баласы – күшік

Мысықтың баласы – марғау

2. Ойын «Төлдер»

- Балалар біз төлдерді қалай шақыратын дауыстарымен танысайық (тақтада плакаттағы буындарды созып оқиды). Енді тақтаға бір-бірден үй жануарлары шығады. Жануарлар өз төлдерін шақырады, төлдері қасына шығып келеді (дұрыс жауабын тапқан бірінші шығады).

Сиыр - әу-кім, әу-кім (бұзау)

Жылқы – құ-ру, құ-ру (құлын)

Түйе – маһ –маһ (бота)

Ешкі – шө-ре, шө-ре (лақ)

Қой – ман-ман, ман-ман (қозы).


  • Міне, балалар, осылай жануарлар төлдерін шақырады.

  1. - Балалар сендер білесіңдер ме әр төлдің атасы – пірі бар. Қазір балалар сендерді олармен таныстырады.

Тақтаға бірнен соң бір балалардан шығып мұғалім берген өлеңдерін оқып айтады (қолдарында пірлердің суреттері):

А. Әндерінен төрт түлік

Сен де танып білесің:

Әр түліктің пір тұтып,

Табынатын иесін.

Ә. «Шопан ата» – ием, деп

Маңырайды көк қозым.(қасына қозы шығады)

Б. Бақырады лағым:

«Сексек ата, – деп өзім.» (қасына лақ шығады)

В. Кісінейді құлын кеп:

«Қамбар ата – бұл мен!» – деп.

Г. «Зенгі баба – тегім», деп,

Мөңірейді бұзауым. (қасына бұзау шығады)

Ғ. «Ойсыл қара – елім» – деп,

Қоймас бота боздауын. (қасына бота шығады)

  1. Сөзжұмбақтарды шеш.

ҚАН

АТ ЗЫ ҰҚ ЗАУ АШ

ОБ ҚО ЛЫН БҰ ҚО

5. «Бұл қандай сөздер»

Т . . е, с . . р, ж . . . ы, қ . й, е . . і, б . . . у, қ . . . н, қ . . . . . н, б . . а.



ІІІ. Қорытындылау

Балаларға парақтарда өз бетімен жұмыс беріледі

1. Суреттің астына атауларын жаз

2. Сөзжұмбақты шешіңдер

- Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Бағаны қортып шығарамыз.



- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

- Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет