Сабақтың тақырыбы Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар



Дата14.11.2019
өлшемі57,35 Kb.
#51753
түріСабақ

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ

Күні: 02.10.19

Мұғалімнің аты-жөні: Турмухаметова Маржан Сұлтанқызы

Топ: 62

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Бүтін сандар. Рационал сандар.

Оқу мақсаттары

6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7 қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

6.1.1.6 бүтін сан ұғымын меңгеру;

6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;

6.1.1.6 бүтін сан ұғымын меңгеру;

6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;

6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру;

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;


Сабақтың мақсаты

Координаталық түзудің анықтамасын біледі және координаталық түзуді салады, қарама-қарсы сандар ұғымын меңгереді, оларды координаталық түзуде белгілейді.

Бүтін сан ұғымын меңгереді, шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданады, бүтін сан ұғымын меңгереді, координаталық түзуде рационал сандарды ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндейді.



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

  1. Коордианаталық түзу анықтамасын біледі.

  2. Координаталық түзу салады.

  3. Қарама-қарсы сандар анықтамасын біледі.

  4. Қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде салады.

  5. Бүтін сан ұғымын біледі.

  6. Координаатлық түзуде рационал сандарды кескіндейді.

Тілдік мақсаттар


Координаталық түзу, қарама-қарсы сандар анықтамасын айтады, қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде салу барысын математикалық тілде түсіндіреді. Бүтін сан ұғымын тұжырымдайды, шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану барысын математикалық тілде айтады.

Рационал сан

Бүтін сан

Эйлер-Венн диаграммасы

Құндылықтарға баулу


Оқушылардың бойына математикалық біліммен қатар Қазақстан Республикасының айтулы даталарын есепте келтіре отырып, патриотизм, Отанына мақтаныш сезімдерін дарыту.


Пәнаралық байланыс

География.


Алдыңғы білім

Натурал сандар, рационал сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Шаттық шеңберi арқылы сабақты бастау;

Балалар ендi қолымызды ұстап,алақан жылуы арқылы бiр бiрiмiзге жылы лебiздер айтып, сабағымызды бастайық


Оқушылар 5 топқа бөлiнедi.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Көршіңді тексер» әдісі.

3. «Миға шабуыл» тәсілі әдісі арқылы қайталау сұрақтарын қою.

-Қатынас дегеніміз не?

-Екі санның қатынасының мүшелерін қалай атаймыз?

-Қатынастың негізгі қасиеті қандай?

-Пропорция дегеніміз не?

-Пропорцияның мүшелерін ата?

-Пропорцияның негізгі қасиеті?

-Тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?

-Кері пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?

-Масштаб дегеніміз не?






Сабақтың ортасы



4.Жаңа тақырып түсіндіру.

1топ. Қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде кескіндеу.

1. Қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде кескіндеу.

2. Қарама-қарсы санның ережесі. Оң, теріс, 0 сандарының

қарама-қарсы сандарын анықтау.

3. Бүтін сандар және рационал сандар жиыны. Таңбалар ережесі Сандарды координаталық түзуде қалай кескіндейді?

• Координаталық түзу сызып, оның бойынан 3 және -3; -1,5 және 1,5 сандарын кескіндейік.




• Осы сандарды координаталық түзуде салғанда координата басынан қарағанда:

1) ұқсастығы

2) айырмашылығы

• Берілген координаталық түзуде 2 саны мен -2 санын, 0,5 саны мен -0,5 санын белгілеңдер.

2 топ. Қарама-қарсы санның ережесі. Оң, теріс,

0 сандарыныңқарама-қарсы сандарын анықтау. Қандай сандар қарама қарсы сандар деп аталады?

• Бір-бірінен тек таңбамен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

• Мысал: 1 саны мен -1 саны, саны мен - саны, 7,25 саны мен

-7,25 саны, 101 саны мен -101 саны - бір-біріне қарама-қарсы сандар.

• Қандай да бір санға бір ғана қарама-қарсы сан бар.

• Қарама-қарсы сандардың бірінің таңбасы «+» болса, екіншінің таңбасы «-» болады.

• «+» таңбасы мен «-»таңбасы қарама-қарсы таңбалар деп аталады.

• Қарама-қарсы сандардың әріппен белгіленуі: -а саны мен а саны.



Оң, теріс, 0 cандарының қарама-қарсы сандар қандай?

• Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.

Мысалы: a=1,6 болса, онда оған қарама-қарсы -a=-1,6.

• Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады.

Мысалы: -a=-1,6 болса, онда оған қарама-қарсы -(а)=-(-1,6)=1,6. Демек, -(-а)=а

• 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан.



3 топ Бүтін сандар және рационал сандар жиыны. Таңбалар ережесі

Қандай сандар бүтін сандар және рационал сандар жиыны деп аталады? Натурал сандар жиыны және оған қарама-қарсы сандар жиынЖазылуы: Z={…, -6;-5;-4;-3;-2;-1, 0,1,2,3,4,5,6,…}.

• Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиыны рационал сандар жиыны деп аталады.

Белгіленуі: Q.

• Натурал сандар жиыны (N), бүтін сандар жиыны (Z), рационал сандар жиыны (Q), нақты сандар жиынына кіреді.

• Барлық сандар жиынын Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы көрсетейік:

Белгіленуі: R.

Таңбалар ережесін есіңде сақта!

• Жақшаның алдында «плюс» (+) таңбасы бар санды жақшасыз жазғанда санның өз таңбасы сақталады.

Мысалы: +(+61)=61; +(-0,2)=-0,2.

• Жақшаның алдында «минус» (-) таңбасы бар санды жақшасыз жазғанда санның таңбасы қарама-қарсы таңбаға өзгереді.



Мысалы: -(+2)=-2; -(-3,3)=+3,3.

• Таңбалар ережесі:



+ (+)= +

+ (-)= -

- (+)= -

- (-)= +

1-тапсырма. Салыстырмалы картаны пайдалану

1. Кестедегі бос орынды толтырыңдар:



а

12









-3




3











0,9




-4




0







6

2. Таңба ережесін пайдаланып, жақшасыз жазыңдар.

-(а)= ; -(+а)=______; +(-а)=______.

3. Мәнін есептеңдер:

-m=______, егер m=-8; z=_______, -z=1,3;

-n=______, егер n=25; -x=­­­­­­­­______, x=0.

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырма.

А деңгей.

№263. Координаталық түзу бойында:

1) 3,7; 2) -1,5; 3) -2 4) 0,9 саны қандай бүтін сандардың арасында орналасқан.

Дескриптор:

-берілген санның қандай бүтін сандар арасында орналасқанын жазады. 1

В деңгей №267

-30; 5; - 9; -27; 13; -9; 4; -0,2; 0; 27; -13 рационал сандарынан:

- бүтін оң сандарды;

- бүтін теріс сандарды теріп жазыңдар.

Дескриптор:

-бүтін оң сандарды теріп жазады. 1

-бүтін теріс сандарды теріп жазады. 1

С деңгей. №277. Өрнектердің мәндері болатын рационал сандарды (мұндағы m-бүтін сан, n- натурал сан ) түрінде жазыңдар.

1) қосындының: а) ә) 2,6 + 4,5;

2) көбейтіндінің: а) ә) 0,75

3) бөліндінің: а) 2 ә) 10,5: 4,2



Дескриптор:

  • Қосындының мәнін орындайды 1

  • Көбейтіндінің мәнін орындайды 1

  • Бөліндінің мәнін орындайды 1

Бағалау: әр дұрыс есепке 1 балл.




Сабақтың соңы


Үйге тапсырма: №305, 306.

Кері байланыс

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін, түйген ойларын стикерге жазып білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет