Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян және түйіндеме. Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның
тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен түйіндеме құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінін пікірін тыңдауға тәрбиелеу.