Сабақтың тақырыбы:
§7.10.Сызықтық емес оптика
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қожабаева Жеткерген Ерғалиқызы
Күні:
|
СЫНЫП: 11
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Оқушыларға сызықтық оптика ерекшеліктерітуралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Оқушыларда сызықтық оптика ерекшеліктері туралы түсінік болады.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындылар жасап үйренеді.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйренеді. Ғылыми дүниетанымдары қалыптасады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Физика, техника.
|
Ресурстар
|
Бағалау парағы, үлестірме қағаздар, рефлексивті пирамида, қорытынды бағамдау парағы.
|
Әдіс-тәсілдер
|
«Комплимент» тренингі, “Он сұрақ” стратегиясы, түсіндіру, «Сәйкестендір» әдісі, топтық бағалау, «Рефлексия пирамидасы», оқушылардың қорытынды бағамдау рефлексиясы.
|
Алдыңғы оқу
|
§7.9.Лазер.
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері:
|
Мұғалімнің
іс – әрекеті:
|
Оқушының іс-әрекеті:
|
Бағалау түрлері:
|
Ұйымдастыру
(3 минут)
|
Сәлемдесу, кезекші оқушыны тыңдау, назарларын сабаққа аудару
Топтарға бөлу: Тізім бойынша санау арқылы әр топта бес оқушы болатындай бөлінеді және топтағы әр үшінші оқушы топ басшысы болады.
Бағалау парақшасымен таныстыру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқытушы оқушыларға комплимент-тілек стикер таратады.
|
Сәлемдеседі, кезекші сыныпты түгелдейді.
Топтарға бөлінеді және топ басшылары топтарын жинақтайды.
Бағалау парақшасымен танысады.
|
Тілек-комплиметті стикер.
|
Өткен білімді бекіту
(5 минут)
|
Он сұрақ стратегиясын қолданамын.
1)Лазер сөзі ағылшынша “Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation” жарықты еріксіз сәуле көмегімен күшейту деген мағынаны бермейді. Ия Жоқ
2)Басов, Прохоров және Таунсқа Нобель сыйлығы берілді. Ия Жоқ
3)Лазерлер мен мазерлерді еріксіз сәулелендіреді. Ия Жоқ
4)Оптикалық кванттық генератор лазер деп аталады. Ия Жоқ
5)Жапонияда алғаш рет 1960 жылы лазер іске қосылды. Ия Жоқ
6)Еріксіз сәулелену когерентті. Ия Жоқ
7)Когеренттілік уақытқа тәуелділік. Ия Жоқ
8)Мейман жасаған лазерде рубин алюминий қолданады. Ия Жоқ
9)Монахраматты – бірдей емес жиілікті тербеліс. Ия Жоқ
10)Лазерде поляризацияланған жарық қолданылады. Ия Жоқ
|
Он сұраққа «иә» «жоқ» деп қана жеке жауап береді.
Бағалау парағына топ басшысы бағалайды.
|
Тестке төмендегі
критериалды бағалауды ұсынамын.
1. «10» 3 ұпай
2. «9-8»2 ұпай
3. «7»1ұпай
|
Жаңа білім
|
Сызықтық емес оптика – қуатты сәуле шоғының таралуын және оның заттармен әсерлесуін зерттейтін сала. Қуатты жарық өрісінде жаңа оптикалық эффектілер пайда болады және сыну көрсеткіші, жұтылу коэффициенті т.б өзгереді. Мұндай құбылыстардың барлығы жарық қарқындылығына тәуелді. Ғылымға бұл ұғымды С.И.Вавилов енгізген. Лазердің көмегімен интенсивті жарық шоқтарын алуға болады. Осындай жарық шоқтарында сызықтық емес оптикалық құбылыстар байқалады.
Құбылыстары:
1. Жарықтың сызықтық емес шағылуы. Интенсивтілік өте жоғары болғанда, шағылған жарықта екі түрлі бағытта таралатын екі түрлі бағыттағы жиіліктері ω және 2ω екі сәуле бақыланады.
2. Жарық сәулесінің өздігінен фокустануы. Интенсивтілік қандай да бір кризистік мәнге жеткенде жарық шоғы мүлде шашырамай, параллель қала береді. Ал интенсивтілік бұдан да артатын болса, шоқ таралған кезде сығылып, бір нүктеге шоғырланады, яғни өздігінен фокустанады.
3. Көп фотонды процестер. Бір жұту актісінде атом тек бір фотонды жұтады. Ал интенсивтілік өте жоғары болғанда, бір атом бір актіде бірнеше фотонды бірден жұта алады. Осындай жұтылу көпфотонды деп аталады.
|
Түсіну
|
«Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдері тексеріледі: «Лазер», «Жарық», «Фотон», «Когеренттілік», «Монохрамат жарық» терминдерінің анықтамалары жазылған кеспе қағаздарын сәйкестендіреді
Лазер - оптикалық кванттық генератор;
Жарық - үздіксіз электромагниттік толқын;
Фотон - жарық жылдамдығымен қозғалатын элементар бөлшек.
Когерентілік – тербелмелі немесе толқынды процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесімді өтуі.
Монохрамат жарық – бір жиіліктегі жарық тербелістері.
|
Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы
тапсырманы орындайды.
|
|
Топтық бағалау
|
«Қатені тап». Слайдта көрсетілген дайын кестемен салыстырып, оқушы қателерді табады, қорытынды жасайды.
|
Топтағы оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды.
|
Әр дұрыс анықтамаға 1 балдан бағаланады.
|
Қолдану
|
|
Оқушылар пирамиданы толтырады.
|
Әр мәліметке 1 балдан бағаланады.
|
|