Сабақтың тақырыбы: Қонақ. Қонақ күту



Дата28.01.2018
өлшемі87,5 Kb.
#34481
түріСабақ

Сынып: 7

1-сабақ





Сабақтың тақырыбы: Қонақ. Қонақ күту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:


  • Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

  • оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу.

Сабақтың міндеті:

Мәтінді оқу, түсіну

Жаңа сөздерді жаттап,сөз тіркесін, сөйлем құрастыру

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, мақал-мәтел, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, түрлі-түсті суреттер.      

                                                     

                                                           Сабақтың барысы

І Мәтінмен жұмыс: мәтінді түсініп оқы (10 ұпай)

Қонақ күту.

Қазақ халқы – ежелден қонақ келсе құт келді деген.. Қонақты үй иесі қарсы алады. Есікті өзі ашады, үйге кіргізеді, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен бірге «құт» кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырады, соңынан өзі жабады. Қонақты төрге отырғызған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйге қонақ келсе, соны аңдып келіп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрағаннан кейін, үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және тағы басқалары беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құяды. Қонақтарға құрмет көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткенге үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған қыз тәрбиесіз саналған. Шай ішіп болған соң, ыстық тамақ келгенше қонақтардың көңілін көтерген. Ол үшін үй иесі әңгімелесіп, қонақпен бірге отырады. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртады. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.
ІІ . Жаңа сөздер. (20 ұпай)

1. Жаңа сөздерді есте сақта.

2. Сөздерді оқып, есте сақтау, жаттау.

3. Сөз тіркестерін құрастыр.



  1. Қысқаша бірнеше сөйлем құра.

қонақ - гость

құт – изобилие

төрге отырғызу – посадить на почетное место

арнайы қонақ - званый гость

құдайы қонақ – почетный гость

сүйкімсіз – неприятный

үй иесі, отағасы - хозяин

ыстық тамақ – горячее блюда

риза ету – выразить благодарность

тәрбиесіз – невоспитанный

жауапты іс – ответственное дело

бойжеткен – девушка

сын – критика


ІІІ. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер: (әр сұраққа 2 ұпай, барлығы -14 ұпай)

  1. Қонақты кім қарсы алады?

  2. Қонақты қайда отырғызады?

  3. Қазақ халқы қонақтарды қандай түрлерге бөлген?

  4. Келген қонаққа ең алдымен не істеген?

  5. Шайды кімдер құяды?

  6. Ыстық тамақты қашан әкеледі?

  7. Қонақтардың көңілін қалай көтерген?

ІҮ. Сөз тіркестерін дұрыс құрастыр: (әр сөз тіркесі 2 ұпай, барлығы -14 ұпай)

Қонақпен

отырғызады

Төрге

құт келеді

Сый-құрмет

көтерген

Көңіл

көрсетеді

Бойжеткенге

беріледі

Дәмділеп

сын болған

Ең алдымен

құяды

Ү. Сөйлемдерді толықтыр: (12 ұпай)

Қонақты ... қарсы алады. Бұл – ... «құт» кірсін. Қонақты .... отырғызған. Келген қонақтармен жөн сұрағаннан кейін, үй иесі қонағына .... беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен .... сусын, қымыз, шұбат және тағы басқалары беріледі. Содан кейін ... ішіледі. Шайды ... құяды. Қонақтарға .... әйелдер мен бойжеткенге үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған қыз .... саналған. Ол үшін үй иесі ...., қонақпен бірге отырады. Ауылдағы .... шақыртады. Қонақ күту – халқымыздың ... ісі.

Керекті сөздер:



жақсы тамақтарын

қонақтарға

әңгімелесіп

әншілерді

ең жауапты

шай

дәмділеп

үй иесі

қонақпен бірге

төрге

ең

құрмет көрсету

тәрбиесіз
ҮІ. Қонақ түрлерін ата. (10 ұпай)

ҮІІ. Қазіргі заманда қонақтың көңілін қалай аударады? (10 ұпай)

ҮІІІ. Сенің отбасыңда қонақты қалай күтеді? (10 ұпай)

жолаушы — путник

төрге отырады — сядет на почетное место

сыбаға сақтаған — берегли причитающуюся долю, предназначенную для гостей

арнайы қонақ — званый гость

 сыйлы кісі — уважаемый человек

отағасы — хозяин

мылтық — ружье

қалауын береді — исполняет желание

Қонақ - гость

Тамақтану - поесть, подкрепиться

Асхана - столовая

Дәмхана - закусочная

Дастарқан мәзірі - меню

Даяшы - официант

Татып көру - попробовать

Салқын тағам - холодное блюдо

Қазы - казы, кушанье наподобие колбасы из брюшной и реберной части конской туши

Құрт - курт, сушеный творог в виде шариков

 Сорпа - бульон, суп

Бауырсақ - жаренные в масле кусочки пресного или кислого теста

Қазақша ет - мясо по-казахски

Қуырдақ - жаркое, блюдо из жаренных в масле легких, печени, сердца, почек

Қымыз - кумыс, национальный целебный напиток, приготовленный из кобыльего молока

Шұбат - шубат.напиток из верблюжьего молока

Ас болсын - приятного аппетита

5.  Осы мәтін бойынша синоним сөздерді табу және берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрау. "Дастарқан жаю, ұсақтап турау, буға пісіру, майға қуыру, табақ тарту, қонақ құту, ас қою, сусын құюу" . Осы мәтінді қорыту.

6.  Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып: - Үйде кім бар? - деп сұраған. Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі. Қонақ төрге отырады. Алдымен қымыз береді. Содан кейін шай береді. Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған. Сыйлы қонаққа бас тартады. Кешке ауыл адамдары ән (ауылдың алтыауызын) айтады, содан соң қонаққа қолқа салып, ән (қонақ кәдені) айтқызады. Қонақ қетер алдында отағасы қонағынан келген жұмысын (бұйым-тай) сұрайды. Дәстүр бойынша қонақ үй иесінің аты, мылтығы мен итінен басқа кез келген затты сұрауына болады. Үй иесі қонағының қалауын береді де, "қош-сау болыңыз" деп шығарып салады. Ендігі сайыс мына слайдтағы бүгінгі тақырыбымызға байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

1. Қонақ қойдан жуас...

2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.

3. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.

5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.

8. Қонақ келсе- құт келер

9. Қырықтың бірі – қыдыр

10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады

11. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ

12. Жаман үйдің қонағы билейді Ендігі сайысымыз мамандықтарыңа байланысты мына суреттегі тағам жайлы қандай мәлімет білесің?

 

7. Ендігі сайысымыз қазақ әліпбиіндегі әріптердің реттік санын қолдана отырып жасырын сөздермен мақал-мәтелдерді табу. І топ.



124
12512437
18118
61242512315118
152018115
15201816 3718 24131885818 31161243718
27231737 188 28133818 24372237231737
ІІ топ. 115117814818
151111152425118
15111115 15201811510113 301163715
124221113437
8.  Қонақ күту рәсіміне байланысты біздің көрінісіміз:

                                                            І топ "ҚОНАҚҚА ШАҚЫРУ"

 Шақырушы:Октамова — Кіруге рұқсат па?

Жолаушы: Геймати Э — Кіріңіз.

Шақырушы: Октамова — Қалай, халіңіз жақсы ма? Қонакүйге жақсы орналастыңыз ба?

Жолаушы: Геймати Э — Сәлеметсіз бе! Рақмет, бәрі де жақсы. Қонақүй жайлы, жылы екен. Жоғары шығыңыз, отырыңыз. Өздеріңіз қалайсыздар?

Шақырушы: Октамова — Рақмет. Біз де жақсымыз. Сізді үйге қонаққа шакыра келдім. Кешке біздің үйге қонаққа келіңіз.

Жолаушы: Геймати Э — Ықыласыңызға рақмет. Барамын. Сағат нешеге? Мекен-жайыңыз қалай еді?

Шақырушы: Октамова — Кешкі сағат алтыға шақырып тұрмын. Сағат бес жарымда сізге өзім келіп, машинамен алып кетемін. Әзірге сау болып тұрыңыз.

Жолаушы: Геймати Э. — Көріскенше, сау болыңыз.

                                                                ІІ топ.

Даша: Сәлеметсіз бе!

Настя: Сәлеметсіз бе!

Даша: Тамақтандыңыз ба?

Настя: Жоқ, әлі тамақтанған жоқпын.

Даша:Онда жүріңіз, бірге тамақтанайық. Настся: Рахмет. Жақында ресторан, асхана, дәмхана немесе кафе бар ма?

Даша: Осы қонақ үйдің екінші қабатында ресторан бар. Сонда барайық, мен Сізді шақырамын. Настя: Жарайды, барайық...

Даша: Міне дастарқан мәзірі. Қандай тамақты қалайсыз?

Ира: Сіздерге мен қызмет көрсетемін. Не қалайсыздар?

Настя: Мен қазақ халқының ұлттық тағамдарын татып көрсемдеп едім.

Даша: Бұл кісіге салқын тағамдардан қазақша салат немесе қазы салатын, ыстық тағамнан біріншіге құрт сорпа немесе бауырсақ сорпа, екіншіге қазақша ет немесе қуырдақ, үшіншіге сусыннан қымыз немесе шұбат әкеліңіз.

Настя: Ұлттық тағамдарыңыз өте дәмді екен. Сізге үлкен рахмет! Даша. Ас болсын! Екі топ оқушыларына сұрақ. Қонақ күту рәсіміне байланысты сұрақ-жауап және сонымен қатар ас туралы мақал-мәтелдер

Даша: Қайғысыз қара суға семіреді. Беззаботный и на одной воде толстеет. Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінер. Что в казан положишь, то оттуда и выудишь.

Кристина:

- Жетерін білсең жей тұр. Знаешь свою норму - ешь спокойно.

- Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Там где пища, там нет болезней.

- Жер асыңнан жемес асың көп болсын. Ешь меньше чем можешь.

Анастасия: Аштың ақылы тамағында, жаяудың ақылы табанында. Все мысли голодного – о еде, все мысли пешего - о ступнях.

Алсу:

- Ауру астан, дау қарындастан. Все болезни - от еды, все скандалы – от родственников.



- Арық семіреді, ауру жазылады. Тощий человек пополнеет, больной человек выздоровеет.

- Асы жоқ алтын аяқты, алтынын ал да отқа жақ. Золотая чаша без еды пусть хоть сгорит. Анастасия:

- Есебін тапқан екі асар. Экономный человек растянет еду на два раза.

9. Сабақты бекіте келіп, оқушылардан қонақ күту рәсімі жайлы, қонақтың түрлері жайлы сұрақ-жауап. Қонақтар дастарқаннан тұрар кезде жасы үлкен кісірлер дастарқанға қандай бата береді? Екі топтың қайсысы білімпаз және ширақ екенін бағалаймыз. Жалпы топ бойынша бағалау.



10. Үйге: жаңа сөздерді жаттау.

Каталог: uploads -> doc -> 07d8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d8 -> Тіл дамыту пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
07d8 -> Сабақ Типі : Жаңа сабақты меңгерту Жаңа технология
07d8 -> Сабақ барысы І ұйымдастыру кезеңі: Амандасу Кезекшінің есебі Ауа райын сипаттау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет