Сабақтың тақырыбы: Онтогенез организмдердің жеке дамуы Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2018
өлшемі22,61 Kb.
#48495
түріСабақ
Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Бектау орта мектебі

Биология пәні мұғалімі: Асқап Рапиза

Сабақтың тақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуы

Сабақтың мақсаты:

А) Онтогенез – организмдердің жеке дамуы екендігін, мүшелердің ұрық жапырақшаларынан қалыптасуын, эмбриондық және постэмбриондық дамуы туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

Б) Оқушылардың ой – өрісін арттыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа дағдыландыру, дүниетанымдарын дамыту.

В) Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кинофильм, түсті сурет, плакаттар, кесте.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, талқылау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: химия, медицина

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2.Оқушыларды топтарға бөлу

3. Үй тапсырмасын сұрау

4. Жаңа сабақ

5. Қорытындылау

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Кезекші есебін талқылау

Б) Сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу


І топ «Гамета» ІІ топ «Зигота»

Топбасшылар топ атауын қорғау

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тақырып: «Қосарланып ұрықтану»

І топ «Гамета»

Ұрықтану дегеніміз не?

Аналық жыныс жасушаларының даму атауы?

Гүлді өсімдіктерде ұрықтың түзілуі қалай барады?

Қасарланып ұрықтану дегеніміз не?

ІІ топ «Зигота»

Аналық гаметалардың дамуы овогенез.

Эндоспермнің дамуы қалай барады?

Эндоспермнің триплоидтің табиғатын қай ғалым ашты?

ІV. Сергіту сәті

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында бактериялар туралы «Активие» биі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

V. Жаңа сабақ

1. Миға шабуыл

Жаңа сабақ туралы кинофильм көрсету.

Жасуша ұрықтанған сол организмнің жеке дамуы – онтогинезден басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: эмбриондық жән постэмбриондық даму.

І топ эмброндық

ІІ топ постэмброндық

Екі топ екі кезеңнен ерекшеліктерін талдау үшін тапсырмалар беремін.

І топ «Гамета»

Эмбриология қандай ғылым?

Бір қабатты ұрықтың бластуланың түзілуі

Гаструла. Үш қабатты ұрықтың болуы.

Нейрула

ІІ топ «Зигота»

Ұрықтың ұқсастық заңын кім ашты және оның мәні неде?

Ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеген ғалым кім?

Биогенетикалық заңның мәні неде?

Постэмбриондық даму. Түрленіп дамудың маңызы неде?

ІІ. Органогенез – мүшелердің қалыптасуы
Кесте толтыру


Ұрық қабаттары

Ұрық дамудың қай кезеңінде түзіледі.

Қандай мүшелер түзіледі?

Эктодерма

Сыртқы ұрық жапырақша

Ми мен жұлын, көз, тері, есту, иіс мүшелері

Эндодерма

Ішкі ұрық жапырақша

Ас қорыту, өкпе, бауыр

Мезодерма

Орта

Желі, шеміршек, қанқа бұлшықет, зәр шығару , қан тамырлары

ІІІ. Венн диаграммасы




гаструла




нейрула

бластула



VІІ. Қорытындылау
Екі гаметаның қосылунан зигота ұрықтанған жұмыртқа жасушасы пайда болады. Зиготадан эмбрион дамиды. Яғни, жеке ағза дамиды. Жеке ағзаның дамуын онтогенез деп атайды. Онтогенез жасушаның ұрықтануынан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңі.
VІІІ. Бағалау
Сабақ барысында әр топбасшысы қарсы топтың еңбегін жетондар арқылы бағалап отырады.
Үйге тапсырма
«Онтогенез – организмдердің жеке дамуы» тақырыбын оқу. Соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет