Сабақтың тақырыбы: «Өсімдікті қорғау керек»



Дата25.03.2017
өлшемі154,29 Kb.
#12264
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: « Өсімдікті қорғау керек».
Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.

2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын дамыту

3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабы,

плакат, семантикалық карта, слайд, гүлдер, карточкалар



Сабақтың түрі: Таным сабақ

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану пәні.
Барысы:

I. Психологиялық дайындық (2 слайд)

- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер

- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.

- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!

- Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр.

- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.

- Бұл жай гүл емес, ол- сүйіспеншілік гүлі- табиғаттың бір бөлігі.

- Ендеше дүниетану сабағынан табиғаттың бөлігін оқып, үйренуді жалғастырайық.

Биылғы жылы еліміздің егемендік алғанына 20 жыл толуына байланысты

елімізді көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасын жалғастырайық.

- Балалар сабақтағы көңіл-күйлерің қандай?

-Біз дүниетану сабағына жасыл түсті таңдадық,себебі мақсатымыз: «Өсімдік әлемін қорғау. Адамзаттың денсаулығын нығайту».

- Олай болса еліміздің қалаларын гүлдендіруге ат салысайық.Ол үшін

өсімдік туралы қаншалықты білетінімізді өткен тақырыпты сұрау арқылы тексерейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үш топқа бөлініп тапсырма орындау.

І-топ 1.Өсімдік топтарын анықта. (3слайд)

-Ұқсастығы:

- Айырмашылығын тап.

2. Өсімдік өсу үшін не қажет?


• Суреттерді топтастыру арқылы топқа бөлу.

1-оқушы. Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері.(әр топтағы өсімдіктерді

атайды.)

2-оқушы. Ұқсастығы : өсімдік тобы, айырмашылығы:сабағы- жуан, жіңішке,

қатты, жұмсақ, біреу, көп; жапырағы- жалпақ, қылқанды. Гүлдері

түрлі түсті болып келеді.

3-оқушы. Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет.
ІІ-топ 1. Оқы, өсімдік түрлерін белгіле,түсіндір. Семантикалық картамен жұмыс (4, 5 слайд)

-Ұқсастығы:

-Айырмашылығын түсіндір, дәләлде.

2. Өсімдіктердің жабайы және мәдени өсімдік деп аталатын себебі неде? Мысал келтір.

1-оқушы тақтада белгілеп, түсіндіреді.

Айырмашылығы: өсу ортасы әртүрлі.

2- оқушы. Жабайы өсімдіктер өздігімен өседі. Ал мәдени өсімдіктерді адам өзі өсіреді.Оларға егістікте, бау-бақшада өсетін өсімдіктер жатады.

ІІІ-топ 1. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? (6 слайд)

-Ұқсастығы:

-Айырмашылығын түсіндір, дәлелде, мысал келтір.

2. Өсімдіктің тіршілік ортасын ата.

1-оқушы. Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.(әр топтағы өсімдіктерді атау)

2-оқушы. Өседі, гүлдейді, тұқым береді, өледі.

3-оқушы. Айырмашылығы: өмір сүру ұзақтығында.

4-оқушы. Өсімдіктер далада, тауда, шалғында, суда өседі.
Өсімдіктің маңызы қандай? (7слайд)

Оқушылардан күтілетін жауап:

- таза ауа

- баспана

- қорек

- тағам


- жиһаз

- дәрі-дәрмек

- демалыс орны

Әр топ жауап берген сайын картадан қалаларға гүл жапсырады.

Сергіту (қимылмен)

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Қызыл-жасыл гүлдері

Көздің жауын алады

Үзіп- жұлмай бекерге

Аялайық біз оны!

- Дұрыс айтасыңдар балалар, өсімдік туралы жақсы меңгеріпсіңдер.Бүгінгі жаңа сабағымызда өсімдікті қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін оқитын боламыз.


III. Жаңа сабақ.

Сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдікті қорғау керек»

1. Мұғалімнің түсіндірмесі (8- 19 слайд)

Өсімдік- тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.

Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана . Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.

Адамның түрлі іс-әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері-орманды кесу.Кешенді әсері- ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау-бақшаны, егістіктерді жояды.Ойланбай істелетін іс-әрекеттері-шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып , өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%-зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Арал теңізі, Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.

2. Тізбектей оқу

3. Әр топқа жеке тапсырма беру

Топтық жұмыс.

1. топ. Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде

2. топ. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?

3. топ. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?


Бекіту.

Экология балалар көзімен. (20-21слайд)

-«Экология» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

- 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «табиғат пен тірі ағзалардың қарым-қатынасын зерттейтін» ғылым деген анықтама берген.

- Адам ақыл-ойының нәтижесі атом станциялары, зауыттар өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп туғызуда.

- Экологиялық, санитарлық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр.

- Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс


Атадан мал қалғанша, тал қалсын!

ІІ топ « Жасыл ел» сурет салу, қорғау

Тыйым салынады!

- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.

- Отты көрсең сөндір!

- Қалдық заттарды тастама!

- Ластауға болмайды.

- Табиғатты тиімді пайдалану керек!

Бір тал ексең, он тал ек.

ІІІ топ Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

Пайдалы және улы өсімдіктер, маңызы. Ізденіс жұмыстары бойынша әңгімелеу.

1- оқушы. Қазақ жерінің осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік түрі бар.

2- оқушы. Өсімдіктер пайдалы және улы болып келеді.Емдік қасиеті бар өсімдіктерге шырғанақ жатады.Оны ыстық- суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.

3- оқушы. Шетен- Оның жемісін бауыр, бүйрекке іш жүргізуге пайдаланады.

4- оқушы. Арша – қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

5- Ащы мия-асқазан ауруы, түрлі жараларға қолданады.Улы дәрі. Абайлап қолдану керек.

Өсімдік әлемін сақта!

Тиімді пайдалан!

Улы өсімдіктен сақтан!

Қорытындылау.

Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.(22 слайд)

- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)

- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)

- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)

- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)

- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)

- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)

- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.

Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.

Үйге тапсырма, аяқтау.




Наурыз – жыл басы!

(Тәрбие сағаты)

Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Буклет,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:

1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.


Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..

(осы өлең жолдарын талдап, «Наурыз тойы» дегеніміз не ол жөніңде естіп,білгендерін ортаға салу)

Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.
2-жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.

2. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.

3. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.

4. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс мошылық бастауы.

5. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.

(әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)

1- жүргізуші: Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып,оның мәнін аша білді).


1- Оқушы: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде –

Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.

Бәрі:


Наурыз келсе,құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық..

2- Оқушы: Бүгін күн кенелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

3-Оқушы: Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

4-Оқушы: Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.
5-Оқушы: Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

(«Қазақы дастарханы » әні )
2 – жүргізуші:Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!

Күн Ана.


-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан,жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.

1 – жүргізуші:Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.

Көктем Ару.

-Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

(«Наурыз» әні орындалды.)

2 – жүргізуші:- Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ

«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанаты

Наурызды шақырайық.


1 – жүргізуші:- Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен,

Ел болып қарсы алайық!

\\

Күн Ана.



- Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді – ау!

Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет,әрі кет.

Алас,Алас! Бар бәледен қалас.

Наурыз батырым келе ғой!
Наурыз батыр.

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас – кәрің.

Жыл иесі тышқаным,

Құт иесі тышқаным,

Бақыт әкел еліме

Құт – береке молшылық

Дари берсін жеріме.


2 – жүргізуші:- Рахмет;Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға
нұр жаусын!

1 – жүргізуші:Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Бәрі: Жарқыраған жыл нұрды,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

(«Наурыз келді әні»)
II – БӨЛІМ

Оқушыларды екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру

«Наурыз» тобы «Көктем» тобы
1. Топ атын қорғау.

2. Мәнерлеп оқу сайысы.

3. Өлең шумағын құрастыр.

4. Мақал – мәтелді аяқта.

5. Ребус шешу.

6. Сөз жұмбақ шешу.

Қорытындылап, марапаттау.

Мерекелік кеш әсем ән, би,өлең – жырмен жалғасты.

Наурыз көже таратылды.

Қош келдің, Наурыз!

Мақсаттары:

Білімділік:

Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық:

Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік:

Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі-тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң-асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т.б. әдебиеттер, журналдар.

Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!


Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Күй: «Ата толғау» Н. Тілендиев.
«Наурыз-2008» - жаңа жыл (тышқан жылы келеді).

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.
Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).

Наурыз-қыз:


«Наурыз» қызбын.

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен, тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

Тыңдаңыздар енді халқым,

Жыл иесі тышқанды.
Тышқан: Мен тышқан, жыл алды бола білдім.
Жалғаймын доңыз жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
2 «Б» сыныптың қонағымын.
Мен тышқанмын, жақсы оқудың жалауымын,

Өнегелі тәртіптің алауымын,

Бұл сыныптың, намысының бастауымын,

Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.

Бастаушы: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)

(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).
Бастаушы: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!

Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!


Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл-көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Оқушы: Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Оқушы: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!
Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Оқушы: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан.
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Оқушы: Жоғарыға шықсын қонақтар.
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен қауышқан.
Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Қазақ биі» қыздар тобы.

Оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,


Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
Күй: «Кеңес» күйі.
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).

Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?


№ 2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
Ботақан тобы: №1. Үш алысты ата.
№2. Үш арсыз не?
№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№5. Наурыз көже дегеніміз не?
Бастаушы: Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Осымен 2 «Б» сыныбының «Қош келдің, Наурыз!» атты сынып сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!

Осы сәтте «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады.
Каталог: uploads -> doc -> 01e9
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01e9 -> Кіріспе Бағдарламаның өзектілігі
01e9 -> Қосымша білім беру жүйесін дамыту-оқушыға кәсіптік бағдар берудің тиімді жолы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет