Сабақтың тақырыбы Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?



бет1/2
Дата02.10.2019
өлшемі0,64 Mb.
#49088
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1541667747 (1)
1541667747 (1), 1541667747 (1), 1541667747 (1), 1541667747 (1), минездеме, минездеме

Пәні: дүниетану
Ортақ тақырып

Бөлімше


№86 мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмағамбетова А

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен




Күні: 5 .10.18ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.4 өз шығыстарын жоспарлау және негіздеу;

3.1.1.5. өз шығыстарын оңтайландыру жолдары ұсыну.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар – кірістің және шығыстың не екенін біледі; – адамның дамуына еңбектің қалай әсер ететінін біледі; – өз шығыстарын жоспарлай біледі

Көптеген оқушылар – шығыстарды оңтайландырудың маңызын түсінеді.

Кейбір оқушылар : өз шығыстарын оңтайландырудың жолдарын ұсынады

Тілдік мақсат

Оқушылар : жеке шығыстарын жоспарлайды; – шығыстарды оңтайландырудың жолдарын ұсынады

Пәндік лексика мен терминология.

Шығыстар, жоспарлау, оңтайландыру.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Отбасының кірістері, еңбекақы, негізгі отбасылық шығыстар, күнделікті жұмсалатын ақша.

Шығыстарды оңтайландыру дегеніміз – неғұрлым аз ақша жұмсайтындай етіп, шығысқа кететін ақшаны дұрыс бөлу.

Өз шығыстарыңды алдын ала жоспарлаған жөн. .



Талқыланатын мәселелер:

Отбасындағы ақша қайдан келеді? Ақша не үшін керек?

Отбасы ақшаны не нәрселерге жұмсайды?

Шығыстарды оңтайландыру дегеніміз нені білдіреді? Шығыстарды қалай жоспарлау керек?



Бағалау критерийлері

өз шығыстарын жоспарлау және негіздей алады

өз шығыстарын оңтайландыру жолдары ұсына алады



Құндылықты дамыту

жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдысы




Бастапқы білім

Отбасының бюджеті қандай кірістерден құралатыны жайлы, ақша қандай қажеттіліктерге жұмсалатыны жайлы білімдері (2-сынып материалынан). Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин


Сұрақтар ілмегі ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Оқушылар бір біріне сәттілік тілейді.

Уәждеме. Стартер.

Құлағымыз түрулі, көзіміз ашық болсын. Тыңдаймыз, есте сақтаймыз, бір минутты да жоғалтпаймыз.

Ұ, Ө) Үй тапсырмасы

Адамдар не үшін еңбектенеді?

• Еңбек қандай жетістіктерге жеткізеді?

• Еңбек етудің кімге қандай пайдасы бар?

• Еңбекте табысты болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

• Сенің отбасыңда еңбек қандай рөл атқарады?

Сенің отбасыңның қай мүшесі қандай еңбекпен айналысады?


оқулық


«Ой қозғау»

Сабақтың ортасы/

Жаңа білім

35 мин


«Үштік » әдіс

Т т От шашу арқылы бағалау

Дәптермен жұмыс

Ұ ж


Сабақтың соңы

Ойлан


.1. Сабақтың тақырыбын анықтау. – Мультфильмді көріңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болатынын анықтаңдар

2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.

Мұғалім-оқушы диалогі

– Ақша дегеніміз не? Ақшаның қандай түрлері болады? Ақша не үшін керек? Отбасына ақша қайдан келеді?

Отбасы қандай қажеттіліктерге ақша жұмсайды?

Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.

3. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың, тыңдаудың, жазудың, сөйлеудің коммуникативтік дағдыларын дамыту.

– Мәтінді оқып шығады . Иллюстрациялармен жұмыс. Тұрақты отбасылық шығыстар жайлы айтып беріңдер. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

– Негізгі отбасылық шығыстар қандай?

– Күнделікті жұмсалатын ақша деген не?

Олар не үшін керек?

– « «Шығыстарды жоспарлау» деген не?

– Шығыстарды не үшін жоспарлау керек?

– Әр жауапқа өмірден мысалдар келтіріңдер.




Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


Кластер немесе

кесте құрастырады



Оқулықтағы материалды оқып шығады.

Барлық сұрақтарға жауап береді.

Өмірден мысалдар келтіреді


5. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Тапсырмаларды орындау Өздік жұмыс


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


«Кіріс» және «шығыс» деген терминдерге анықтама береді.

1. Дәптерге «кіріс» терминінің дұрыс анықтамасын жазады.

2. Дәптерге «шығыс» терминінің дұрыс анықтамасын жазады.



«Кірістер және шығыстар» деген кестені толтырады.

1. Отбасының кірісіне қатысты кем дегенде үш мысал келтіреді.

2. Отбасының шығысына қатысты кем дегенді үш мысал келтіреді.



«Артық сөзді тап» ойыны

Бағалау Дескриптор

С Артық сөзді алып тастап, дәлелдейді

Отбасындағы жұмсалатын шығыстардың ішінен қайсысы ерекшеленіп тұрғанын көрсетеді

Оның астын сызады Өз жауабыңды түсіндіреді

ҚБ: Өзара бағалау Талқылау.

6. Шығыстар деген не?

Шығыстарды жоспарлау не үшін қажет?

Шығыстарды оңтайландыру деген нені білдіреді?

Сенің отбасыңда шығыстарды қалай жоспарлайды?

Қалыптастырушы бағалау Жеке жұмыс

Тапсырма Әр адамның өзіндік қаржылық табыстары мен шығындары болады. Сенің де кірістерің мен шығындарың бар. Сен ақшаны қайдан аласың? Оны қайда жұмсайсың? Жаз



Сенің жинаған _______ теңгең бар делік. Сен оны қайда жұмсағың келеді?

Жоспар құрастыр. Неліктен екенін түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы - өзінің кірістері мен шығындарын көрсетеді; - өз шығындарын жоспарлайды және түсіндіреді




https://www.youtube.com/ watch?v=vaGnAN_DJXU YouTube желісінен мультфильм көруге арналған сілтеме

Оқулық

Жұмыс дәптерлері




Кері байланыс

3 мин


«Қосу-алу-қызықты» әдісі

Қосу

Алу

Қызықты












Оқушылар сабақтағы өз жұмысын бағалайды.



Үйге тапсырма

1 тапсырма



Ата-аналарыңнан өз шығыстарын қалай жоспарлайтынын, шығындарды қалай оңтайландыратынын біліп келіңде





Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.



«Сұрақтар ілмегі» әдістері ұжымдық жұмыс. Ой қозғау,

«Үштік» әдісі және « Ойлан» жұптық жұмыс топтық жұмыс. «Қосу-алу қызықты» әдісі және Артық сөзді тап осы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, оқушыларды өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жауапкершілікті сезіне білуге үйретемін.


Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.





Қаламмен жұмыс жасағанда абай болу


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет