Сабақтың тақырыбы: Пысықтау



бет1/4
Дата25.03.2017
өлшемі319,5 Kb.
#12312
түріСабақ
  1   2   3   4
Байкенова Жанар Сабитовна

бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Жылымды негізгі мектебі
Математика пәнінен өткізген ашық сабақ, 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Білімділік: Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, танымдылыққа баулу. Ауызша есептей алу дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, орман суреті, қасқыр, қоян, түлкі суреттері.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр,

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

- Жақсы, балалар. Қазір қай мезгіл?

- Қысқы табиғат құбылыстарын айтайық.( оқушылардан сұрау)

- Балалар, сендер саяхатқа шыққыларың келе ме?

- ия

- Ендеше, біз қазір қысқы орманға саяхат жасаймыз. Орманда нелер болады?



Сол орман аңдарының тапсырмасын орындап, әр аңның құпия сырын ашайық.

Орманда келе жатырмыз. Алдымыздан қоян шықты .



Қоянның тапсырмасы:

Қоянның тапсырмасын орындадық, қоянның құпия сыры мынау екен . Қоянның түсі күзде ақ сұр түске айналады, ал қыста оның жүні ақ түске айналады.



  • Жақсы , балалар, саяхатымызды жалғастырайық. Орман ішімен жүріп келеміз. Алдымыздан ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиін кездеседі.Тиіннің тапсырмасы.

- Балалар, тиін бізге жаңғақтарын жинап беруге көмек сұрап тұр. Оған көмектесеміз бе?

- Ия

- Жаңғақтарды жинау арқылы № 2 есепті шығару.



- Тиіннің тапсырмасын орындадық , оның құпия сыры –тиіннің түсі сарғылтым түске ұқсайды . Ол жаңғақтарын інінің қасына кептіріп, іліп қояды екен.

Орман ішінің сұлулығын тамашалап жүріп, бұғыға кездестік. Ал енді, балалар, бұғының тапсырмасын орындайық. № 3






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет