Сабақтың тақырыбы: Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар



Дата07.02.2022
өлшемі16,79 Kb.
#83627
түріСабақ
Байланысты:
3п Хим


Күні: 13.10
Тобы: Шт-105
Сабақтың тақырыбы: Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар.
Сабақтың мақсаты: радиоактивті заттар, ядролық реакциялар туралы түсінік беру. Ядролық энергияның адамзатқа тигізетін әсері және оның адамзатқа тигізер зиянды әсерлерін ұғындыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, физика, қоршаған орта, биология, медицина, экология,экономика.
Күтілетін нәтиже:
1. Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар туралы түсініктері қалыптасады.
2. Ядролық реакциялардың теңдеулерін құра алады, альфа-ыдырау процесін болжап айтады.
3. Өз бетінше тапсырманы орындайды.
4. Тақырып бойынша ойын, пікірін айта алады.


Радиоактивтілік деп кейбір атомдардың ядроларының өздігімен басқа элементтердің ядроларына түрленуін айтады. Радиоактивтілік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи радиоактивтілік табиғатта кездесетін тұрақсыз изотоптарда байқалады. Жасанды радиоактивтілік ядролық реакциялардың нәтижесінде алынған радиоактивті изотоптарда байқалады.
Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектермен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады. Ядролық реакциялар теңдеулерінде сол жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массаларына тең болады. Ядролық реакция атқылаушы бөлшектің әсерінен жүзге асырылады. 
Ядролық реакция а + А → В + b 
Мұндағы А-бастапқы немесе нысана ядро, а-атқылаушы бөлшек, В-туынды ядро, b-ядродан бөлінетін бөлшек. 
Тұңғыш ядролық реакцияны, α – бөлшектермен азот ядросын атқылағанда оның оттегі ядросына түрленуін 1919 жылы Э.Резерфорд жүзеге асырған. 
Ядролардың өз бетімен түрленіп, альфа, бета және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығарылуын олардың радиоактивті ыдарауы деп атайды. 
1886 жылы француз ғалымы А.Бекерель табиғи радиоактивтік құбылысты ашқан. 1898 жылы М.Склодовская-Кюри мен П.Кюри торий элементінің өздігінен сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті радтоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауын М.Кюри ұсынған. Радиоактивтік латынның «radio» - сәуле шығару, «actives» - әрекетті деген сөздерінен алынған. Жүргізілген зерттеулер Менделеев кестесіндегі қорғасыннан кейінгі ауыр элементтердің ядроларының бәрінде табиғи радиоактивтік бар екенін көрсетті. 
Табиғи радиоактивтік ыдырау төрт түрлі жолмен жүреді. 
(α – ыдырау,ß- – ыдырау, ß+ – ыдырау) электрон қосып алу. α – ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросы α – бөлшегін немесе гелий ядросын бөліп шығарып заряды екіге кем элементке айналады. 
ß- - ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросындағы бір нейтрон протонға айналу нәтижесінде бөліп шығарады да, ядро заряды бірге артық элементке айналады. 
Ядролық реакция кезінде, Жер бетінде табиғи күйінде кездеспейтін, радиоактивті элементтер түзіледі. Ядролық реакция нәтижесінде алынған изотоптпрдың радиоактивті болуын 1934 жылы француз физиктері Ирен және Фридрик Жолио-Кюрилер ашқан. Олар бұл құбылысты жасанды радиоактивтік деп атады. Бір элементтің ядросын қарапайым бөлшектермен немесе жеңіл ядролармен атқылау арқылы басқа элементке айналдыруды жасанды радиоактивтік дейді. 
(Радиоактивтілік, зияны, қолданылу саласы, жасанды радиоактивтілік туралы бейнеролик)

1. Элемент атомы құрамына қандай қарапайым бөлшектер кіреді? 


2. Периодтық жүйені пайдаланып, элемент атомы құрамындағы мына бөлшектердің: а) протон, ә) нейтрон, б) электрон сандарын қалай табуға болады? 
3. Периодтық жүйедегі деректерге сүйеніп: а) натрий; ә) фосфор; б) хром атомдары ядроларына қанша протоннан және нейтроннан бар екенін табыңдар. 
4. Элементтің салыстармалы атомдық массасы 32-ге тең атомына ядросында 16 нейтрон бар. Периодтық жүйеге қарамай элементтің реттік нөмерін табыңдар. 
5. Мына элементтердің: және атомдарының ядролары қанша протон мен нейтроннан тұратынын табыңыз. 
6. Мына изотоптардың: а) мен ә) пен ядро құрамдары қандай болады? 
7. Атом ядросында 30 нейтроны және энергиялық деңгейлерінде 25 электроны бар қай элемент және оның ядро заряды қаншаға тең болады. 
8. Бір элементтің изотопының атом ядросында нейтрондар болады. 
Осы элементті атаңдар. 

Есептер шығару 

2. Құрамы 79 р +118n болатын ядроны анықтаңдар? 


3. Уранның изотопының ɑ - ыдырауы кезінде қандай ядро пайда болады? 
4. Бор ядроларын протондармен атқылағанда бериллидің ядросы пайда болады. Реакция теңдеуін жаз. 
5. Массасы 226 радийді жабық түтікте ұстағанда, бірнеше күнен кейін радон газы мен гелий пайда болған. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады. 

1. Ядролық реакциялар дегеніміз не? 


2. Ядролық реакциялардың химиялық реакциялардан айырмашылығы қандай? 
3. Табиғи және жасанды радиоактивті ыдырау дегеніміз не? 
4. α – ыдырау дегеніміз не? 
5. ß- – ыдырау дегеніміз не? 
6. ß+– ыдырау дегеніміз не? 
7. Ядроға электрон қосып алу дегеніміз не? 
8. Радиоизотоптар дегеніміз не? 
9. Радиациялық сәулелер қай жерде және қандай мақсатта қолданылады? 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет