Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.. Тәрбиелік: Оқушыларды нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. Компьютермен жұмыс істеген кезде ұқыптылыққа,өздігінен жұмыс істей білуге, тапсырманы орындаған кезде жауапкершілікке тәрбиелеу.
Суретті қағазға басып шығару үшін Файл - Басып шығару (Печать)командасын орыңдаңдар.
Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. Басып шығару (Печатать) бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң Файл-Басып шығару (Печать) батырмасын шертіңдер.
Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл- Алдын ала қарап шығу(Предварительный просмотр) командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Басып шығару (Печать) батырмасын шертіңдер. Олай болмаған жағдайда шығу (закрыть) батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастырыңдар.