Сабақтың тақырыбы: «Сан есімді қайталау»



Дата05.01.2017
өлшемі9,86 Mb.
#6358
түріСабақ
Ақмола облысы, Целиноград ауданы

Р. Қошқарбаев атындағы № 1 Қосшы орта мектебі

Кеңесжанова Жанар Орынбайқызы (үшінші деңгей)

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

6 сынып



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сан есімді қайталау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) оқушылардың өткен сан есім тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, соған байланысты тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, суреттеу, зерттеу, салыстыру, іздену, шығармашылық, талқылау сияқты жұмыстарды жүргізу, білімдерін кеңейтіп, тереңдету;

Дамытушылық: ә) оқушылардың ауызша-жазбаша жұмыстар арқылы көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: б) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылық сезімін баулу, уақыттарын тиімді қолдануға, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды, дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: суреттеу, зерттеу, салыстыру, іздену, шығармашылық, «миға шабу» әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, «Топтарға қойылатын талаптар» плакаты, бағалау парақтары, күннің көзі.

Жұмыс түрі: жеке, жұптық, топтық

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

* сәлемдесу;

* кезекшінің есебі.

1.Топқа бөлу. - Бүгінгі сабағымызда төрт топ болады. Ол топтарды былайша анықтаймыз: әр балаға сурет беріледі, ол суреттер нүктелерді қосқанда ғана шығады. Сол суреттер бойынша І топ, ІІ топ, ІІІ топ және ІҮ топ болып бөлінеді.

2.Психологиялық дайындық – сабаққа сәттілік тілеу (оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін арттырады).

3.Үй жұмысы (Сан есімдерді қатыстырып, шағын әңгіме құру). Қазір біз үй жұмысын тексереміз. Жұптар дәптерлерін ауыстырып өзара оқиды. Бұл тапсырма бағаланбайды, тек қана екі жұлдыз, бір тілек айтылады.

ІІ. Сабаққа кіріспе.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда сан есім жайлы өткен тақырыптарымызды еске түсіріп қайталаймыз, білімдерімізді жүйелеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сан есімді қайталау» деп аталады. Сабақты бастамас бұрын балалар, күнделікті топпен жұмыс істегенде сабақта әрбір топқа қойылатын шарттарды еске түсірейік және де осы шарттарды сақтай отырамыз:



Топтарға қойылатын талаптар

  • Толық жауап береміз.

  • Өз ойымды айтамыз.

  • Өз ойымды дәлелдейміз.

  • Тәртіпті сақтаймыз.

  • Сабаққа белсенді қатысамыз.

  • Уақытты тиімді пайдаланамыз.

1. Ой қозғау. «Миға шабу» әдісі (Диагностикалық бағалау).

Ал, енді өткен сан есім жайлы өткен тақырыптарымызды пысықтап, қайталау үшін мынадай сұрақтарға жылдамырақ жауап берейік, жауап бере отырып тақтада тұрған күннің көзінің шуақтарын әр дұрыс жауап айтылған сайын ілеміз.

1. Сан есім дегеніміз не?

2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?

3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

4. Күрделі сан есімдер (тіркескен және қосарланаған) қалай жазылады?

5. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

6. Есептік сан есімнің ерекшеліктері неде?

7. Реттік сан есім нені білдіреді және қалай жазылады?

8. Реттік сан есімнің емлесін айтыңдар.

9. Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?

10. Болжалдық сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?

11. Топтау сан есімнің ерекшелігі неде?

12. Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі неде?

13. Сан есімнің емлесін айтыңдар.

14. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріңдер.



2. Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Төрт топқа төрт түрлі жаттығу беріледі. 1-топ оқулықтың 88-бетіндегі 182-жаттығуды (берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасау, сөзбен жазу), 2-топ 183-жаттығуды (дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазу), 3-топ оқулықтың 89-бетіндегі 185-жаттығуды (мәтіннің құрамындағы сан есімдерді цифрмен жаз), ал 4-топ оқулықтың 90-бетіндегі 188-жаттығуды (берілген сан есімдерден сөз тіркесін құру) орындайды. Бұл жаттығуды біріншіден әрбір оқушы жеке орындайды, содан соң топта талқыланады. Жаттығулар орындалып болғаннан соң, әр топтан ауызша сұралады. Бұл жаттығудың дұрыс-бұрыстығын қалған топтар бағалайды (топтық бағалау).

2-тапсырма. Әр топқа бір қасиетті саннан беріледі. 1-топ жеті саны, 2-топ төрт саны, 3-топ үш саны, 4-топ бес қасиетті саны жайлы не білетіңдерін айтады (топтық бағалау).

3. Сергіту сәті.

ІІІ. Бекіту.

3-тапсырма. Оқулықтың 89-бетіндегі 186-жаттығуын орындаймыз (Сөйлемдерден сан есімдерді сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазу).

ІҮ. Қорыту.

4. «Сөзжұмбақ» ойыны. Саны бар атауларды тауып, әрі жылдам жауап беріп, жауабын тақтаға шығып жазу керек. Барлық жауаптар жазылған соң, жауаптардың дұрыстығын астындағы жауаптарды ашып көреміз.

5. Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз белсенділіктерін бағалайды.



Ү. Үйге тапсырма.

Күнделікті енді ашайық


Үй тапсырмасын жазайық.
Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

1. 190-жаттығу, 91-бет (Сан есімдерді құрамы мен мағынасына қарай талда)



2. Жергілікті ақын өлеңдерінен сан есімдерді тауып келу.

Рефлексия. Оқушылар сурет бойынша өз көңіл-күйлерін жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет