Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 10
Пән: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §7. Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсінік, діни наным-сенімдері, антропологиялық өзгерістерді атап өту.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:
«Қазақстан б.з.д. 2 мыңжылдықта - б.з. VІ ғасырларында» карта.
«Сақтар» суреттер
«Алтын киімді адам», т.б. тірек-сызбалар.
Тест, карточка.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, әңгімелеу,жеке жұмыстар, тест.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
Сақтарды қоғамдық құрылысы.
Сақ тайпаларының шаруашылығы
Қолөнер мен зергерліктің дамуы
Бейнелеу өнері
діни наным-сенімдер.
Сақтардың антропологиялық өзгерімтері.
1-ші бөлім бойынша басты назар аударатыны – қосымша өнім, айырбас сауданың дамуы жекеменшіктің қолдануына мүмкіндік туғызды, мүлік теңсіздігі шықты, тайпа, тайпа одақтары және мемлекет құрылды.
«Сақтардың шаруашылығы», «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыптары негізінде мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушылар үш топқа бөлініп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріледі.
І топ
1. сақ тайпаларында шарушылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал шаруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.
2. Суармалы жер шаруашылығының ерекшелігі қандай? Қандай қосалқы шаруашылықтың түрлері болған?
ІІ топ
1.шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамның әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
2. малдың қай түрлері көп өсірілді? Оның тиімді жақтарын айтып беріңднер
ІІІ топ.
1.Сақтарда қолөнердің қандай түрлері жақсы дамыған?
2. Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?
Келесі мәселені кестені толтыру арқылы
Бірінші кезең
|
Екінші кезең
|
Үшінші кезең
|
|
|
|
Діни наным-сенімдер
жерлеу салты
отқа табыну
«көсемдерге тағзым ету»
Аспан денелеріне сиыну
Анимизм, тотемизм, магия-ежелгі діни ұғымдардың сақталуы
Миға шабуыл
1.Сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін моғолоидтік сипатқа ие бола бастау себебі неде?
Үй тапсырмасы
§7 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Қосымша деректер әкелу
Достарыңызбен бөлісу: |