Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі



Дата05.01.2017
өлшемі50,68 Kb.
#6347
түріСабақ
Сыныбы: 6 сынып. Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтау.

 Күтілетін нәтиже: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі мен сақ қолбасшыларының ерлігі туралы білімдерін еске түсіріп, пысықтайды.



Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақты үйымдастыру формасы: интерактивті.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс,СТО,

Көрнекіліктері: Карта, Суреттер, парақшалар, доп. Бағдаршам.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка, география.



Сабақтың барысы 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10 мин)


Сыныпты 3 топқа бөледі.

1 топ-тиграхауда

2 топ-хаумаварга

3 топ-парадарайа.

Мұғалім 3 топқа допты лақтыру арқылы үй тапсырмасына сай сұрақтар қояды. Оқушылар сұраққа жауап беріп допты кері лақтырады. Ойын сұрақ біткенше осылай жалғасады.

Сұрақтар:



  1. Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндердің неше тобы белгілі: 2

  2. Сақтар қай кезде Қазақстан мен орта азия жерін мекен еткен? Б з б 1 мыңжылдық.

  3. Сақ сөзі парсы жазбаларында қандай мағынаны білдіреді? Құдіретті еркектер

  4. Иран жазбаларында сақтарды қалай атаған? Жүйрік атты турлар

  5. Грек авторлары сақтарды қалай атаған?

  6. Өз жазбаларында сақтарды массагеттер деп атаған грек тарихшысы кім? Герадот.

  7. Шошақ бөрікті сақтар. Тиграхауда.

  8. Теңіздің арғы жағындағы сақтар. Парадарайа.

  9. Сақ хаумаварга деген ат неге байлапнысты берілген. Хаома сусынына байланысты.

  10. Сақ тайпасын кім басқарды? Көсем

  11. Сақ қоғамы неше топтан тұрды? 3

  12. Абыздардың танымал белгісін ата. Тостаған мен баскиім.

  13. Малшылар мен егіншілерді неге сегізаяқты деп атаған? Соқаға жегетін екі өгізі бар болғасын.

  14. Сақтар жақсы шабандоз болғанын жазған грек географы. Страбон.

  15. Сақ қоғамында әйелдердің орны қандай болған. Құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған.




Оқушылар допты қағып алып қойылған сұраққа жауап беріп допты кері мұғалімге лақтырады. Ойын сұрақ біткенше жалғасады.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)



Топтарға тапсырма береді:

  1. Қызығушылықты ояту.

«Тәуелсіздік» сөзі жазылған топтарстыру бетін береді.

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Осы Тәуелсіздік жолында біздің аға-апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе?



  1. Мағынаны тану.

1 топ- Кир әскерінің басып кіруі.

2 топ-Шырақтың ерлігі.

3 топ- Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

1 тапсырма. «Түртіп алы стратегиясы» бойынша тақырыпта кездескен сөздерді түртіп алу.

2 тапсырма. Тарихи тұлғаларға мінездеме. Кир мен Томирис. Дарии мен Шырақ. Македонский мен Спитамен.


Оқушылар «Тәуелсіздік» сөзіне ұқсас, мағыналас сөздерді жазып, топтастырады.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

1 топ Кир әскерінің басып кіруі мен Томиристің ерлігі туралы әңгімелеп береді.

2 топ Дариидың жорығы мен Шырақтың ерлігі туралы әңгімелеп береді.

3 топ Македонскидің жорығы мен Спитаменнің ерлігі туралы әңгімелеп береді.

Тақырыпта кездескен сөздерді түртіп алып, анықтама береді.

Тарихи тұлғаларға мінездеме жасайды.


4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (7)

3 топ бір біріне сұрақтар қояды.

Сұрақтарға жауап береді.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(8 мин)

  1. Ой- толғаныс.

1 топ-Ерлік, отан, бірлік туралы мақал-мәтел.

2 топ-Тәуелсіздік туралы өлең немесе әңгіме құрастыру.

3 топ-Ән айту.


Ой толғаныста шығармашылық тапсырмаорындайды.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)


Оқушылардың топ ішінде сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)

§ 31 оқу, А Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын оқу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет