Тыңдалым алды тапсырмасы.
Балалар, кадрды тоқтатып қойып сұрақ қоямын. Сол сұраққа жауапты жұптасып отырып бір-біріңізге айтасыздар. Қайта жалғастырған уақытта жауаптарыңызды тексересіздер.
Оқушыларға бейнетаспаға қатысты жетекші сұрақтар, негізгі ойды анықтауға қатысты сұрақтар қояды. Оқушылар бейнетаспаны тыңдай отырып, «Стоп кадр» арқылы сұрақтарға жауап береді.
Тоқтатылатын минут: 1:15; 1:50; 1:53
Қойылатын сұрақ: І. «Стоп кадр»
1. Ер адамдар қалай амандасады?
2. Не үшін амандасқан баланың маңдайынан сүйеді?
3. Ал көзден сүюдің мән-мағынасы қандай?
ІІ. «Стоп кадр»
1.Үлкен кісілер бүлдіршінді иіскеп қана қойған неліктен?
2. Ізгілік пейілін білдірген келіндер қалай амандасады?
ІІІ. «Стоп кадр»
1.Қазақтың батыр жігіттері аттың үстінде қалай амандасады?
2. Бозбала мен бойжеткендер қалай амандасады?
Негізгі ойды анықтау үшін қойылатын сұрақтар:
«Поп корн» әдісі (Блум бойынша )
Тыңдалым не туралы? (Білу)
Амандасу ненің белгісі? (Білу)
Сәлемдесу әдебі туралы түсіндіріп бере аласың ба?(түсіну)
Сәлемдесудің әр қайсысы туралы не айтылды және олар нені білдіреді? (түсіну)
Сәлемдесу үлгілерін кім көрсете алады? (рольде) (қолдану)
Неліктен қазір бұлай амандасу азайып кетті? (талдау)
Амандасудың басқа түрлерін көп қолдану дұрыс па?(бағалау)
Қазіргі кезде балалардың ата-әжелерге сәлем беру әдебін қалай бағалайсың? (бағалау)
Дискриптор:
- жетекші сұрақтарға дұрыс жауап береді.
- Тыңдалған мәтін арқылы негізгі ойды анықтайды.
Өз ойларын білдіреді, дәлелдейді
ТЖ «Маңыздылық аймағы» әдісі арқылы маңызды ақпаратты табу жүзеге асады. Оқушылар жұптасып маңызды ақпаратты анықтайды
Маңызды
Маңыздырақ
Сәлемдесу кезінде ең маңызды
Дескриптор:
Сәлемдесу әдебі ережелерін түсінеді
Сәлемдесу әдебі маңыздылығына қарай талдайды.
Дескриптор бойынша топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілекпен»бағалайды.
|