Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
7.2.2.5. Гук заңын дененің серпімділік қасиетін сипаттайтын физикалық шамаларды есептеп табу үшін қолдану
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар істей алады: Серпімділік күші мен Гук заңының анықтамасын, формуласын біледі
Гук заңын есептер шығаруда қолдана алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Гук заңына мысалдар келтіре алады
Кейбір оқушылар істей алады: Тәжірибеде қолдана алады
Ойлау дағдысы
Білу, түсіну,қолдану
Бағалау критерийлері
1.Серпімділік қасиетін сипаттайтын физикалық шамаларды біледі.
2.Гук заңына есептер шығара алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар: Не істей алады? Серпімділік күшін тұжырымдайды. Гук заңына есептер шығарады.Эксперименттік тапсырмаларды орындайды.
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): Серпімділік күші, Гук заңы, қатаңдық, динамометр
Сыныптағы диалог Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Неліктен серпімді дененің ұзаруы мен күштің арасында байланыс бар екенін айта аласыз ба?
2.Неліктен қатаңдықтың өлшем бірлігі Н/м деп айтылған?