Сабақтың тақырыбы: Сәукеле тігу Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі49,33 Kb.
#5432
Сабақтың тақырыбы: Сәукеле тігу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға матадан ұлттық баскиім – сәукеле тігу технологиясын үйрету арқылы ұлттық киім түрлері мен таныстыру және оны әшекейлеу барысында эстетикалық талғамдарын арттыру.

1.Білімділігі:

Балалардың сөздік қорын дамыту, сәукелені басқа бас киімдерден ажыратуын меңгерту.



2. Дамытушылық:

Сәукеленің ерекшелігі туралы түсіндіріп, білімдерін кеңейтіп дамыта түсу



3.Тәрбиелік:

Еңбекті бағалай білуге, бас киімнің қадір - қасиетін үйрету арқылы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу



4.Көрнекілігі:

Сәукеленің суреттері, сәукеленің үлгісі,сәукеле



Пән аралық байланыс: Ана тілі, математика, бейнелеу өнері

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Әдістер: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз – талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

1.Сабаққа керекті құрал- жабдықтарды әзірлеу

2.Еңбек қауіпсіздік ережелері

Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмыстарын бағалау.Бекіту сұрақтары

1.Қандай ұлттық киімдерді білесің?

2.Тымақты кімдер киеді?
3.Тымақтың қандай түрлері бар?

4.Тымақтың қадірі мен қасиеті?

5.Тымақты неден тігеді?
Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз – талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Жаңа сабақ

1.Мақсат қою.Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын айту

2.Кіріспе әңгіме (сұрақ - жауап)

Әйелдерге арналған ұлттық бас киімдер өте көп.Олар : сәукеле, қасаба,тақия, бөрік, кимешек,т.б.

Қазақ халқы бас киімді қастерлі деп санайды.Оны айырбастамайды және аяқтың астына тастамайды.

Сәукеле – қыздардың ұзату тойына киетін сәнді, әшекейлі бас киімі.Сәукеле алтын, күміс, меруерт, маржанмен әшекейленіп, зер, жібек жіппен кестеленеді.Төбесіне үкі тағылып ақ желек жабылады.Ертеде бір сәукеленің бағасы жүз жылқыға барабар болған.



Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: қатты қағаз, қызыл түсті барқыт мата,ақ түсті тоқыма жіп, мақта, желім, қайшы, ине –жіп, сызғыш, қарындаш, бор.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз.Биіктігін 20см, диаметрін 46см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып, желімдейміз.Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.

2.Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз.Жиегінен тігіске 1см – дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша матаны қиып аламыз.

3.Қиып алынған матаны теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукелені қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.

4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.

5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.

Қазақ ұғымында, үкі –қасиетті құс.Үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қауырсыны жүн – сайтаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды.

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Қане әуелі тыңдаңдар

Асығыстық қылмаңдар

Асықпайық деп тұрып

Бөгеліп те тұрмаңдар

Жұмбақтар

1.Сұлу - сұлу құнаным,

Сылдырлаған жүгенім.

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген

(Сәукеле)

2.Төрттен қосқан басы бар,

Маңдайында шашы бар.

Өзің көрген баяғы,

Салпылдайды сабағы

(Тымақ)

3.Әжеме өң берген,



Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей?

(Кимешек)

1.Сұлу - сұлу құнаным,

Сылдырлаған жүгенім.

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген

(Сәукеле)

2.Төрттен қосқан басы бар,

Маңдайында шашы бар.

Өзің көрген баяғы,

Салпылдайды сабағы

(Тымақ)


3.Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей?

(Кимешек)

Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық

Ою-өрнек сызайық

Түйетабан ботакөз

Қой ізімен қос мүйіз

Бүршік пен гүл әдемі

Ою-өрнек әлемі

Түрлі бояу алайық

Сәнді өрнек салайық
Жалғасын тап

Ағаш көркі жапырақ

Адам көркі ------ не? Шүберек
Бақыт кілті ------ неде? еңбекте

Байлықтың атасы еңбек



Анасы ........... не? жер
Еңбек сүйеді ......... нені?ептілікті

Пысықтау сұрақтары

  1. Сәукелені кімдер киеді?

  2. Сәукеледен басқа қандай ұлттық бас киімдерді білесіңдер?

  3. Қыз – келіншектерге арналған бас киімдер қалай аталады

  4. Сәукелені қалай өрнектеп, әшекейлейді?

  5. Бас киімге үкіні не үшін қадайды?

Үйге тапсырма: Сәукеле тігу

Оқушыларды бағалау

Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет