Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы кейіпкерлер



Дата18.02.2017
өлшемі44,64 Kb.
#10431
түріСабақ
Тараз қаласы №53 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Заркулова Лаззат Сафаргалиевна

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты: Ақын Хафиз бен Темірдің шығармадағы орнын анықтап, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Ақынның айтайын деген ойын анықтайды.

2. Басты кейіпкерлерді жан-жақты, әр қырынан талдайды.

3. Сөз- өнер құдіреті екендігін бағалайды.



Бағалау критерийлері:

1. Ақынның идеясын талқылайды.

2. Хикаят кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға береді.

3. Әдеби терминдерді табады.



Күтілетін нәтиже:

1.Баллада жанрын игереді.

2. Хикаяттың идеясын ашады.

3. Әдеби шығарманың құндылығын түсінеді.



Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын стратегиялар: Машина маркалары арқылы топқа бөліну, "Хат жазу", Автобустық аялдама.

Сабақтың тәсілдері: Автор орындығы, кубизм .

Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: стикер , маркер, ноутбук.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақты түсіну

3. Жаңа сабақты бекіту. Ойтолғаныс жасау.

4.Үйге тапсырма

5. Бағалау

6. Кері әсер парағы



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Машина маркалары арқылы топқа бөліну. Орнына отырған соң

Үй тапсырмасын сұрау. Ақсақ Темір туралы тарихта қандай мәліметтер жатыр екен?



2. Жаңа сабақты түсіну

Қызығушылықты ояту

Тақтада түрлі кейіпкерлер бейнелері тұрады. Соның ішінен Темір мен ақынның суретін таңдау, суреттер көрсетіледі де, оқушыларға сұрақтар қойылады:



Блум таксономиясы

Білу

1. Осы суреттерді көргенде сендерге қандай ой келді?

2. Бүгін біз қай бейнеге талдау, қай бейнеге мінездеме береміз?

Түсіну

1- топқа ноутбук беріп, интернеттен Ақсақ Темір туралы іздейді.

2-топ ұялы телефоннан Самарханд туралы ізденеді.

3-топ кітаптан Орта Азия барысы туралы ізденеді.



Қолдану

1. Ақсақ Темір кім болды сонда?

2. Бұл әңгіме қай жерде болыпты?

3. Балладада Темір ме әлде ақын ба, қайсысын барыс деп айтуға болады?

Топтың жауабын бағалаймыз.

Талдау Кубизм тәсілі бойынша түсінік береді.

1. Ақсақ Темірге мінездеме бер

2.Темір мен ақынды салыстыр.

3.Балладада аты аталған ақындар кімдер?

4. Бір шумақ өлеңді талда

5. Қалижан Бекхожиннің басқа шығармаларымен салыстыр

6. Темірдің іс- әрекетіне баға бер.

Жинақтау

Автобустық аялдама. Әр топқа бір сұрақ жазылған парақ беремін, олар жауап жазып келесі топқа жібереді.

4. Үйге тапсырма. Баллада жанрында жазылған шығарманы қара сөзбен жазып келу.

5. Бағалау. Сенің бойыңда қай кейіпкердің қасиеті басымырақ?

Арнайы кесте бойынша әр оқушы жұмыстың орындалуы бойынша өзіне бағалау жүргізіп отырады.



Бағалау парағы

Кейіпкерлерге мінездеме беру

тақырыбы бойынша өзін-өзі бағалау мониторингі



Аты-жөні________________________________________________________________


Әңгімеге араласу

Тақырыпты меңгеру

Сабақтағы белсенділік

Қорытынды


Улыбающееся лицо 6


Улыбающееся лицо 5


Улыбающееся лицо 4



Улыбающееся лицо 3

Оқушылар өз-өзін бағалауда «бағдаршам» түстеріне қарай бояп береді. Мұндағы қызыл түс- қауіпті аймақ, яғни мен сабаққа дайын емеспін болса, сары – әлі де жұмыс істеу керек дегенді білдіреді. Ал жасыл түс – өте жақсы дегенді білдіреді.


Кері әсер парағы

1. Бүгінгі сабақтан үйренгенім



2. Ұнады, ұнамады. Себебі...

3. Ұсыныс, сұрақ, пікір.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет