Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды Гәкку. Үкілі Ыбырай



Дата07.02.2017
өлшемі206,74 Kb.
#8928
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ 1- тоқсан

3-сынып, 6 сабақ, күн реті:

Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды – Гәкку. Үкілі Ыбырай



Сабақтың мақсаты: Жүрекке жақын әндердің бірі «Гәкку» әнінің таралуы жайында мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Үкілі Ыбырайдың орындаушылық шеберлігі мен репертуарындағы «Гәкку» әнімен танысу

ә)Дамытушылық:Осы орындаудағы әндерді бала бойына сіңіртіп ,ондағы орындау мәнеріндегі барлық ережелерді сақтай отырып ,орындау шеберліктерін дамыту
б)Тәрбиелік:Қазақ музыкасындағы өз орындарын таба білген Үкілі Ыбырай сынды ақын- жыршылардың өнеріне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано
Музыкалық материалдар:

Тыңдау үшін: Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін Қайрат Байбосыновтың және Медеу Арынбаевтың орындауында тыңдап көрейік!

Ән үйрену:

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете) оқушыларды түгендеу



2. Үй тапсырмасын сұрау:

Теміртастың әні жайлы сұрау
3.Жаңа сабақ.

Әр халықтың жүрегін тербеп, жанын жадыратар сұлу сазды әндері көп. Сондай әннің бірі халыкты тамсандырған Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку» жайлы әңгіме козғап көрелік.



Үкілі Ыбырай бұл әнді Кәкима атты сұлу кызға арнайды. Үкілі Ыбырай Кәкимаға ғашык болады. Бірак ерте заманда қызға сезімін білдіру оңайға сокпайтын. Қазақтың әдеті бойынша сыпайылық сақтаған Ыбырай өзінің көңілін білдіру үшін оған керемет ән арнайды.

Өзінің сезім сырын әнмен жеткізген Үкілі ЬІбырай Кәкимаға арналған ән екенін жасырып, әннің атын «Гәкку» деп атайды. Сол бойда ән халыққа кеңінен тарап кетеді.

Ғасырдан ғасырға ұласып, уақыт тоқтамай жүріп келеді. Жаңа заманның жаңалығы да көп-ақ. Үкілі Ыбырай домбыраға қосып шарықтатып салған «Гәкку» әні енді қазақтың тұңғыш операсынан маңызды орын алады. Композитор Евгений Брусиловский жазған «Қыз Жібек» операсының бас кейіпкері Жібектің ариясы болып «Гәкку» әні таңдалады. «Гәкку» әні операдағы екі ғашық Жібек пен Төлегеннің мәңгілік махаббатының белгісі ретінде халықтың есінде сақталып қалды.

Ал казіргі заманға танымал болған әнші Медеу Арынбаев Ыбырайдың «Гәкку» әнін эстрадалық ырғаққа салып, үлкен сахналарда орындап жүр. Сөйтіп Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні өзінің сол сұлулығын жоғалтпай, ұрпактан ұрпакка ұласып, өзінің өмір тарихын жалғастырып келеді.

Музыка сауаттылығы: Тембр- дыбыс бояуы

Аранжировка-ән мен күйге сүймел жасап өңдеу
4.Шығармашылық жұмыс: Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін Қайрат Байбосыновтың және Медеу Арынбаевтың орындауында тыңдап көрейік!
5.Жаңа ән үйрену : "Ана тілін сүйеміз" әні: Ш.Сариев,К.Дүйсекеев

Дауыс баптау жаттығулары,әннің мәтініне,құрылымына назар аудару.
6.Сабақты қорыту сұрақтары:


  1. Не себепті Үкілі Ыбырай өзінің әнін «Гәкку» деп атады?

  2. Евгений Брусиловский қандай опера жазды?

  3. Жібектің ариясы етіп қандай әнді таңдап алды?

  4. Қазіргі заманда «Гәкку» әнін кім орындап жүр?



7.Үйге тапсырма:

Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку» жаттау


8.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 11f4
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f4 -> Cабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік
11f4 -> Сабақ: №27 Мұғалім: А. Б. Рысқұлова Оқушылар саны
11f4 -> Сабақ: Аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері Мектеп : №13 А. Навои жом күні: 14. 03. 2017ж
11f4 -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. Мақсаты Күтілетін нәтиже
11f4 -> Бағдарламасын жазып, деңгейлерді белгілеу. Қонақтар шақыру. \мұғалімдер, ата-әжелер, әке-аналар, шәкірттер.\
11f4 -> Тақырыбы: «Қыздың ары – ұлттың ары!» Қыздармен жұмыс Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет