Сабақтың тақырыбы: Сусыз өмір жоқ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



Дата12.09.2020
өлшемі137,44 Kb.
#77906
түріСабақ
Байланысты:
сусыз өмір жоқ ашық сабақ


Бөлім: Су- тіршілік көзі

Мектеп: «№4 орта мектеп» КММ

Күні: 21.11.2019 ж.

Аты-жөні:Ордабаева Сандуғаш Нұриманқызы

Сынып: 5 «Г»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны

Сабақтың

тақырыбы:



Сусыз өмір жоқ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары(оқу

бағдарламасына сілтеме)



5.1.1.1тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады:

Тірек сөздерді айтады.Тақырыпты болжай алады.



Оқушылардың көпшілігі істей алады: Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастыра біледі және жауап бере алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Тақырып бойынша диалогке қатыса алады.



Бағалау критерийі

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау.

Сұрақтар құрастыра білу.

Тақырып бойынша диалог құрастыра алу.


Құндылықтарға баулу

Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Судың қадірін білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, «Адасқан әріптер», «Қар кесегі» диалог;

Пəнаралық байланыс

Сурет, жаратылыстану

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты анықтау, диалогқа түсіп өз ойларын айта білу.

Тақырып бойынша

алдыңғы білім




Судың пайдасы

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.
1 мин

2мин

 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Өзіңізге тілегенді- басқаларға тілеңіз».

– Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық!

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәрміз.



Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Ой шақыру



осы суреттерге қарап қандай ортақ атауды, ұғымды айта аласыңдар?

Оқушылар «СУ» деп жауап береді.тақырыпты нақтылау үшін «Адасқан әріптер» әдісі арқылы әріптердің ішінен мағыналы сөздердерді тауып, тақырыпты оқиды.

АСНСУСЫЗОРЫӨМІРЕНЖОҚГИ Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Сусыз өмір жоқ»

Мақсаты: 5.1.1.1тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Топқа бөлу. Алдымен топқа бөлінейік:

I топ «КӨЛДЕР» II топ «ӨЗЕНДЕР»



Сыныптың ережесі:

ынтымақтастық;

құрмет;

уақыт;


әділдік


суреттер


Сабақтың ортасы
10 мин.

5 мин
10 мин

І. Білу, түсіну

Тапсырма Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді жазып, өз ойларыңды білдіріңдер.

I-топ II- топ




Су не үшін керек?

Су қандай болады?

Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді жаза білу.Сөздерден сөйлем құрай білу.



Дескриптор

  • Тірек сөздерді табады.

  • Сөздерді байланыстырып сөйлем құрай алады.

ҚБ. Топ бірін- бірі бағалайды.

Кері байланыс «Бір тамшы» әдісі бойынша дұрыс жауап берген топтың стақанына тамшы салады.

(Әр дұрыс жауап берген топ көп жинаған тамшылардан стақандарын суға толтырады.)

Мұғалім мақсатқа қайта оралады.Жету жетпеуіне кері байланыс береді.
Қолдану, жинақтау «Қар кесегі» әдісі арқылы келесі тапсырма орындалады.(Топ тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады да бір-бірімен алмасады. Жауап береді.)

Мақсаты5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

2-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Сусыз өмір жоқ.Сусыз жер бетінде тіршілік болмайды. Өйткені сусыз адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің барлығы тіршілік ете алмайды. Сусыз адам тек 3-5 күн өмір сүре алады. Су- бүкіл тірі ағзаның қажет қорегі. Тамақ жасау үшін су керек, киім жуу үшін су керек, адамдардың жуынуы үшін керек. Су адамның өмірімен тығыз байланысқаннан кейін, біз сусыз өмірді елестете алмаспыз.Суды үнемдей білуіміз керек.Бостан босқа суды ағызуға, ластауға болмайды. Су өмір бойы айналымда болатын нәрсе.



Бағалау критерийлері:

Тақырып бойынша сұрақтар құрастыра білу

Сұраққа түсініп жауап бере алу.

Дескриптор


  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақ жазады.

  • Қойылған сұраққа лайықты жауап бере алады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топ бірін- бірі бағалайды.

Кері байланыс «Бір тамшы» әдісі бойынша дұрыс жауап берген топтың стақанына тамшы салады.

(Әр дұрыс жауап берген топ көп жинаған тамшылардан стақандарын суға толтырады.)



Жұптық жұмыс

3- тапсырма «Сусыз өмір жоқ » тақырыбында парталасыңмен диалог құрастырыңыз.

«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша оқушылар даярлықсыз «Сусыз өмір жоқ » тақырыбында диалогке қатысады.

Дескриптор


  • Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданады.

  • Диалогке түседі.

  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алады.



флипчарт, түрлі түсті маркер, қарындаш




Кестелер







Сабақтың соңы
5мин.

5 мин
Бағалау
Үйге тапсырма



л

Акрониум” әдісімен шығармашылық тапсырма



... .... .... сақтайық.

... .... .... болайық

... ... ... білейік,

... ... ... жүрейік

Қажетті сөздер: тазалықты, біз ұқыпты, су қадірін, аман-есен
Рефлексия

Сабаққа қандай мақсат қойылды?

-Біз сабақ мақсатына жеттік пе?

-Сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?

Жол белгілерін жаттап келу.

стикер


Қосымша ақпарат

Саралау– Сіз қандай

тəсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға

қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет