Жануарлар экологиясы



бет1/3
Дата19.02.2020
өлшемі0,76 Mb.
#58378
  1   2   3
Байланысты:
үй жануарлары мен жабайы аңдар

Жануарлар экологиясы.
Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.

Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, Лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады.

Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, кұлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам өмірі үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.

Кең-байтақ жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп құрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында қаптап жүрген құландар қазір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.

Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына - қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақүйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала сарыала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.

Қазақстанның інжу-маржаны атанған Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің балықтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілер зардап шегуде.

Республикамыздың үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайық, Щу, Талас, Тобыл, Нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің қарқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары тартыла бастады. Кейінгі жыл­дары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдардың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға кері әсерін тигізіп отыр.


Адамның іс-әрекетінің жануарлар дүниесінс тікелей және жанама әсері.
Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі -мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар, т.б.

Бейбіт жағдайда адам баласы ірі құрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер, т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.


Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері.
Орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды құртуда, суқоймасын салуда, жол құрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байқалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антропогендік ландшафтарға айналады. Олардың негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, құрып кетуі. Мұндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер (Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.

Тың жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала құстарының тұрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи тұрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүниежүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал құстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.

Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат қауымдастығы жер бетіндегі аңдар мен құстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жұмыс жүргізуде. Солардың бірі - БҰҰ ұйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".

Біздің республикамызда сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесі жақсы жолға қойылып отыр. Олар - өздеріне таныс қорықтар ұйымдастыру ісі. Бұл бағытта қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мол Мысалы, қазақ жеріндегі 1875-1880 және 1851-1852 жылдардағы жұттар құландар популяциясын біржола жойғаны тарихтан белгілі. Ал бірлі-жарым құландар қаскерлердің (бранконьер) құрбаны болды.

Құлан сияқты түз тағыларын қалпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түрікменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас құлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылары айналысы 50 жылдың ішінде көбейіп, өсе бастады. Қазір оның қоры 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберу басталды. Олардың алғашқы жүздеген басы Алматы облысының Кербұлақ ауданына жіберілді. Өздерін еркін сезінген құландар жыл санап өсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Оңтүстік Балқаш далаларына жіберу жоспарланып отыр.



Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әділов Ж.М. Тұрақты даму жәвз айналадағы орта. Алматы, 1998.

2. Бейсенова Ә. С, Бейсеева Г., ҚазыхановаБ., ШілдебаевЖ. Б. Экология (Бағдарламалар). Алматы, 1998.

3. Бейсенова Ә. С, Шілдебаев Ж. Б. Экология (Бағдарламалар). Алматы, 1995. 4. Бейсенова Ә. С, Шілдебаев Ж. Б. Экология негіздері (Оқу құралы). Алматы, 1998.

5. Бейсенова Ә. С, Шілдебаев Ж. Б. Экология (Оқу құралы). Алматы, 1999.

6. Бычков Б. А. Экологический словарь. Алматы, 1983.

7. Дре Ф. Экология. М., 1976.

8. Мырзабеков Ж. М. Особо охраняемые природные территории Казахстана. Алматы, 2000.

9. Реймерс Н. Ф. Экология. М., 1994.

10. Одум Ю. Основы экологии. М., 1975.

11. Сагымбаев Г. К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

12. Тюребаев С. С, Шілдебаев Ж. Б. Биологиялық күрес жолдары. Алматы, 1987.

13. Израэль Ю. Л. Экология и контроль состояния природной среды. Л., 1979. 14. Фурсов В. И., Ергалиева Т. Общая экология. Алматы, 1996.

15. Шілдебаев Ж. Б. Қызықты экология (Оқу құралы). Алматы, 2000.

16. Экзарьян В. Н. Геоэкология и охрана окружающей среды. М., 1997.

17. Экологиялық білім бағдарламасы. Алматы, 1999.

18. Жатқанбаев Ж. Ж. Экология. Алматы, 2004

19. Жатқанбаев Ж. Ж. Экологиялық сөздік, 2002

20. Исмагилов М. Н. Экология. Алматы, 1978.



Жануарларды жіктеу. Жануарлар әлеміне қамқорлық.

Жануарларды жүйелеуге талпыныс.

Адамдар ежелден – ақ жануарлар әлемінің сан алуандығын, ескеріп оларды белгілі бір жүйеге келтіруге, әрбір түрін жеке атауға мәжбүр болды. Біздің заманымызға дейінгі IV – V ғасырлар ежелгі грек ғалымдары, атап айтқанда Гепократ сол кезде белгілі жануарларды топтастырып, біреулерін құрлықта, суда енді біреулерін ауада тіршілік ететінін жанауарлар деп жіктеді. Ал грецияның ұлы ойшылы Арестотель жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер және бунақ денелер деп жіктеді. Кейініректе ботаниктер мен зоологтар өсімдіктер мен жануарларды сыртқы белгілеріне қарап жіктеуді ұсынды. Жанауарларды жіктеудің кеңінен швед ғалымы Карл Линки қалады. Ол 4200 жануарды сипаттап 6 класқа топтастырды. Линки жануарларды туыстық белгісіне қарай біріктіруді ұсынып, қосарланған атауды енгізді. Мұнда қосарланған сөздердің алдыңғысы жеке жануар және өсімдіктің өзіне тән атауын, екіншісі туыстық атауын білдіретін болды.


Жанауарларды жіктеу.

Жер бетіндегі барлық жануарларды және өліп біткен жануарларды белгілі бір ретке келтіру жүйелеу деп аталады. Ал әлемдегі жануарларды бірінен бірі толық ажырайтын құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады. Өліп біткен және жер бетіндегі барлық жануарлар жіктеу кезінде жануарлар дүниесіне топтастырылады.. жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: бір жасушалы жәндіктер (қарапайымдар) және көпжасушалы жануарлар. Жануарларды жіктеудің қысқаша сызба нұсқасы мынадай: - жануарлар дүниесі – жануар дүниесінің тармағы – тип – класс – отряд – тұқымдас – туыс – түр. Жіктеудегі ең үлкен топ жануарлар дүниесі, ал ең негізгі және кіші топ – түр. Жануарларды бұлай жіктеу көптеген зерттеулер арқылы ғылыми деректерге байланысты белгілі жүйеге келтіріледі. Жүздеген жануарлар түрі болғанына қарамастан оларды барлығына жеке – жеке атау беріліп, түрлер бірінен – бірі толық ажыратылатын дәрежеге жетті.


Жануарлардың адам өміріндегі пайда – зияны.

Төрт түлік мал – түйе, жылқы, сиыр және қой ешкінің арғы тегі жабайы аңдар екені мәлім. Мал өнімдері ішсе сүт (қымыз шұбат), жесе ет, кисе киім, мүйіз, сүйектері әр – түрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бал араның балы жібек көбелектің жібегі, қасқыр, түлкі, және басқа үлпек жүнді, аңдардың – үлбірі адам үшін қажетті шикізаттар. Адам жыртқыш құстарды (бүркіт, қаршыға, сұңқар) саятшылыққа пайдаланса су жануарлары (балық, итбалық) мен жәндіктерін (асшаян) т.б. тағамға жаратты. Көптеген балық бунақ денелердің бақалшықтары түрлі бұйым жасауға қажетті материал болып табылады. Жануарлардың эстетикалық маңызыда зор. Құстардың сайрауы (бұлбұл, сандуғаш) алуан түске боялған бунақ денелілер (көбелектер) адамның көңілін келтіреді.

Жануарлардың барлығы бірдей адамға пайдалы бола бермейді, оларды зияндылары да кездеседі. Мысалы тышқан және басқа кемірушілер астықтың жауы, сонда – ақ кемірушілер арқылы өте қауыпты аурулар (оба, сүзек) адамға тез таралады, оларды жұқтырушы бит, маса, бүрге тәрізді бунақ денелер көбінесе кемірушілердің денесінде тіршілік етеді. Кейбір хайуанаттар, (жылан) мен жәндіктер (маса, бал ара, бүйе, қарақұрт) шағып, адамның ағзасын улайды. Жеміс ағаштарын көкеністерді басқа да әдемі өсімдіктерді қорегіне пайдаланып, зиянын тигізетін жануарлар мен жәндіктер бар.
Жануарлардың тіршілік ету сипаты.

Жануарлар жер жүзінде суда да ауада да құрлықтада топырақтада тіршілік етеді. Жанарлардың қорек етіп ұрпағын өрбітетін аймағы мекен ету ортасы деп аталады. Жануарлардың негізгі мекен ету ортасы құрылық топырақ және су. Құрылықта тіршілк ететін жануарлар – жүруге топырақтағылары қозуға. Ал судағылары – жүзуге бейімделеді. Жануарлардың қалыпты тіршілік етуіне әсер ететін әр түрлі жағдайлар ортаның жағдайлары деп аталады. Олар: өлі табиғаттың әсері, тірі табиғаттың әсері, және адам әрекеті. Жануарлар тіршілігіне әсер ететін өлі табиғаттың жағдайларына ылғалдылық, жарық, жер бедері, жел т.б. жатады. Жануарлардың қалыпты тіршілік етуі үшін қоректің тізбектіңде маңызы зор.

Ол жануарлардың құрылысынын, дамуын, түр құрамын, таралуын, шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі және ғылыми тұрғыдан зертеу жұмыстары XVII-XVIII ғасырларда ұйымдасытырлған. Экспедицияларға байланысты мұнда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбегі ерекше орын алады. Қазақстанның жануарлар әлемі туралы ғылыми құнды деректері Н.А. Зарудный, Т.П. Сушкин, М.А. Мэкспир, А.М. Никольский, Л. Ушкин еңбектерінен оқып білуге болады. 1943 жылдан бастап Қазақстан Респцбликасы Ғылым академиясының Зоология институты жұмыс істейді. Л.С. Берг, Э.А. Далгушин, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, А. Бекенов және басқа ғалымдар Қазақстанның жануарлар дүниесіне арнай зерттеулер жүргізіп ғылымның дамуына ерекше үлес қосты.
Жануарлар дүниесінің табиғаттағы маңызы.

Тіршілік ету сипаты.

Жануарлардың табиғаттағы маңызы.

Тіршілік ортасына қарай жануарлардың табиғаттағы маңызы ерекше. 1) Топырақта тіршілік ететін жәндіктермен жануарлар оның құрамын өзгертіп, құнарлығын арттырады.

2) Жер бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын азық үшін ініне тасиды. (кейбір кемірушілер).

3) Қорегін іздеп топырақты қопарыстырады. Құстар мен басқа хайуандар да.

4) Өсімдіктердің тұқымын таратады, бунақденелер, баларалар, көбелектер.

5) Өсімдіктерді тозаңдыруға қатысады.

6) Табиғатта тазалықты сақтауда да жануарлардың үлесі мол, әртүрлі органикалық қалдықтар мен жануарлардың өлексесін жеп, түскен жапырақтарды қорегіне жаратып, шірінділердің сақталмауына жағдай жасайды.

7) Жануарлардың табиғаттағы тепе – теңдікті сақтауда да маңызы зор: табиғатта көбейіп бара жатқан түрлерді жояды (күші мығым жануарлар әлсіздерін жейді).


Жануарлар дүниесіне шолу.

Жануарлар туралы жалпы ұғым. Зоология ғылымы.

Жануарларды жер шарының кез келген түпкірінен кездестіруге болады. Олар тірі ағзалардың барлығымен қарым – қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүниежүзінде жануарлардың 2 млн астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп. Тек Қазақстанда 30 мыңнан астам бунақденелердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.


Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Сырттай қарағанда, жануарлар мен өсімдіктерді туыстас, ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді. Ал шындығына келетін болсақ жануарлар да, өсімдіктер де біріне – бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады. Сондай – ақ жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді.

Дегенмен, жануарлар мен өсімдіктерде айырмашылықтар бар. Бұл әсіресе олардың қоректену тәсілінен айқын байқалады. Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде биоорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді. Ал жануарлар болса, дайын органикалық заттармен яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді. Сондай – ақ жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар (кейбір түрлерінен басқасы) арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.

Сөйтіп, мындай тұжырым жасауға болады: өсімдіктер мен жануарлар тірі ағзалардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар, бірі мен бірі тығыз байланысты екі тобы, олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.




Зоология ғылымы.

Өте ертеден белгілі ғылымның бірі зоолгия, оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грекше – зоон – жануар, логос – ғылым) – жануарлар туралы ғылым.

Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары мен жабайы аңдар»
Сабақтың мақсаты:

1. Жан-жануарлар туралы оқушылардың түсініктерін толықтыру, үй-жануарларың, жабайы аңдардың аттарын қазақша атай білуге үйрету.

2. Сөздік корларын байытып, тіл-мәдениетін жетілдіру, танымдық білімдерін тереңдету.

3. Балалардың аңдар мен жануарларға деген сүйіспеншілігін қызушылығын арттыру.


Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, ойын ойнату, әнгімелету, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: сүреттер, ойыншықтар,
Сабақтың түрі : ашық сабақ..
Сабақтың барысы:
I. Үйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Отырғызу.

Балалар казір кандай жыл мезгілі?(күз)

Күзде неше айы бар? (3 ай)

Кандай? (қыркүіек, қазан, қараша)

Күзде кандай өзгерестер болады?

Дұрыс. Жаңбыр жауады, жапырықтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді,адамдар жылы киім киеді,егін піседі.


II. Өткен сабақты қайталау:

Сұрақ –жауап жұмысы: Сенің атың кім Сен неше жастасын Сен қайда тұрасын Сен қайда барасын.

Енді балалар біз өткен сабақтағы әріптерді қайталаймыз. Мынау қандай әріп (Ә,Ү,Ұ,І,Ө,Ы) Бұл дауысты дыбыстар. Мысалдарды келтіріндер.(әтеш ,үй,ұзын,ілгіш,өрмекші,ыдыс.)
Сергіту сәтті:

Жаңбыр жауады тамшылап,

Жерге түседі жапырақ,

Құстар кетті ,балақай,

Күз келді алақай.
III. Жаңа сабақ. Оқушыларға сабақтың мақсатың айту: Үй жануарлары мен жабайы аңдармен жұмыс

Балалар бүгін біз үй жануарлар мен жабайы аңдар туралы жалғастырамыз. Балалар мынау не? –деген жауап береді.

Мынау не?-

аю,


сиыр,

жолбарыс,

түлкі,

ешкі,


арыстан,

ат,


қой,

мысық,


ит

( Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді)


Есік кағады. Үй қожасы келеді.

- Сәлеметсізбе, балалар. Мен сендерден көмек сұрауға келдім. Менің үй жануарларым орманға қашып, аңдармен араласып кеткен. Егерде сендер дұрыс олардың аттарың айтсандар, олар үйге қайтып келеді. ( Оқушылар үй жануарлармен, жабайы аңдардың аттарың айтып, екі жаққа бөледі).

Мұғалімнің сөзі: Балалар, біздің қонағымызға үй жануарлар туралы кім тақпақ айтады?

(балалар тақпақ айтады)

Қошақан Қозы

Қозы, қозы, қошақан, Кіп-кішкене момақан

Көк шөп шықты, жей қойшы. Қошақанды ұнатам.

Қой өсірген момақан, Сүйеді апам «қозым» деп,

Кіп-кішкентай мен қойшы. Қошақаным- өзің деп.

Бұзау


Бұзауым бұзық

Мінезі қызық..

Маңдайы күйді,

Қазанды сүзіп.

Оң қолымда бес саусақ

Сол колымда бес саусақ

Алақанды ашамыз

Бесті беске косамыз

Оқушылар көрініс көрсетеді:

Ертегі: Бір күні, сиыр ат, ит үшеуі таласты.

Сиыр: Қожайын мені жақсы көреді. Мен сүт беремін, май, айран беремін. Менің пайдам өте көп (Дамилянің сөзі)

Ат: Мені жақсы көреді. Менің етімнен қазы, қарта, шұжық жасайды. Сүтімнен қымыз жасайды.Менің пайдам өте көп.(Никитаның сөзі)

Ит: Жоқ, кожайын мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін. Қасқырды жолатпаймын. Менің пайдам өте көп.(Алешаның сөзі)

Қожайын: Сендер босқа таласпандар. Маған бәрін керексіндер.(Сашаның сөзі)


Мұғалімнің сөзі: Жақсы, қожайынға сиыр да, ат та, ит те керек. Олар бәрі адамға пайда әкеледі.
Тарбиелік жұмыс Балалар, осы жануарлар бізге көп пайда әкеледі. Мысалы: сиыр сүт береді, ит – үй күзетеді , қойдын пайдасы –жүннен қолғап тоқийды, мысық –тышқан аулайды, ат- байгеге қатысады.
Енді балалар мен сендерге жұмбақ оқимын сендер маған жауап беріндер.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)


Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқасы бар. (Сиыр)


Енді Қожайын балалар саған өлен айтады.

«Қошақан» өлені
Қожайын балалармен қоштасады: Рахмет, көмектеріне. Сау болыныздар.

Қорытынды: Балалар біз сабақта не істедіқ не таралы айтық Кім бізге қонаққа келді

Сендерге сабақ ұнады ма .

Сендерге көп-көп рақмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан­жақты, өз­өзіне басшы, кез­ келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп­өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез­құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез­келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға және жануарларды күтуге қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді.

Жобаның міндеттері Жобалық өнімді қолдану аясы ­ экологиялық мәдениетін дамыту; ­ балалардың табиғи­климаттық аймақтар, жануарлар әлемі, оның ерекшеліктері жөнінде ой­пікірлерін қалыптастыру; әртүрлі табиғи аймақтарда тұратын халықтар, олардың айналасатын істері туралы ой­пікірлерін қалыптастыру өсімдіктер, жануарлар және өмір тіршілігін айқындайтын модельмен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту; ­ балалалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту; ­ салыстыру, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастыру;

Жобаның қорытынды өнімін қолдану аясы:

қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс­әрекетінде;

жануарлар әлемімен байланысты ойын­сауықтарда;

бақылау мен эксперимент барысында;



табиғат бұрышын безендіру мақсатында.
Күтілетін нәтиже: ­ Балалардың әртүрлі табиғи­климаттық аймақтардағы мекендейтін жануарлар, олардың тіршілігі туралы ой­пікірлері дамиды; ­ Өсімдіктер, жануарлар және өмір тіршілігін айқындайтын модельмен жұмыс жасай алады; ­ Әңгімелесу барысында балалардың сөздік қоры байиды, өздерінің ойларын толық, дәлелдеп жеткізе алады; ­ Жоба барысында балалардың салыстыру, талдау, қорытынды жасауға дағдыланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет